ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

0

Аудан әкімі Сәкен Мамытов  азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 8 азамат келіп, көкейкесті мәселелерін көтерді.

Тұрғындардың өтініш-тілектері мен талаптарына құлақ асу аудан әкімінің негізгі жұмыс көрсеткіштерін көрсететін басым бағыттардың бірі. Елмен етене жақын болып, халықтың өтініш-талаптарының шешілуін аудан басшысы кезек күттірмейтін жұмыс ретінде біледі.

Қабылдаудағы азаматтардың негізгі көтерген  мәселелері — тұрғын үй кезегіне тұру,  әлеуметтік көмек,  азаматтық алу, уақытша баспанамен қамтамасыз ету.

Сәкен Үмбетұлы тұрғын-дармен әңгімелесіп, жағдай-ларын  тыңдап, көтерілген әр мәселе бойынша жауапты сала мамандарына  нақты тапсырма беріп, барлық мәселенің заң аясында шешілетінін айтып, өтініш,  талаптарын жазып алды.

Жалпы, қабылдауда тек қана тұрғындардың мәселелері тыңдалып қана қоймай, оң шешімін табудың жолдары қарастырылып, мекеме, бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, бақыланып отырады. Елдің үні тыңдалып, мәселелер тиянақты қаралатын қабылдау тұрақты түрде жүргізіле береді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сенбілікке

серпін керек

Күрең тартып күз мезгілі де бел ортасынан асып барады. Қара суығымен қатал қарашаға дейін жұрт қарманып қалмауға тырысып, тірліктерін реттеп алуға асығады.

Осы орайда, күздің басты жұмысы сенбіліктің серпін алатыны белгілі. Тазалыққа бағытталған қоғамдық шараның қарқыны қандай? Белсенділік байқалады ма? Бүгінгі санымызда сенбіліктің жай-күйі  туралы тарқатып жазуды жөн көрдік.

Аудандағы қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстары бойынша күзгі екі айлық сенбілік жұмыстарының нәтижесінде қала мен округтерде 9 рет сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оған 5000-ға жуық адам қатысқан. 39,7 шақырым арық-каналдар, 41 шақырым көше, 58 мың шаршы метр саябақ, скверлерді тазалау жұмыстары жүргізілген. Аудан көлемінде көгалдандыру және жасыл аймақтар құру жөніндегі бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 2023 жылға 15 мыңға жуық әр түрлі тал көшеттерін 10 гектар алаңға отырғызу көзделген. Көктемгі абаттандыру кезінде 7016 тал егілді. 2023 жылғы 21 қазандағы «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы аясында 4680 түп әр түрлі тал отырғызылды. Қазан айының қорытындысымен күзгі санитарлық-тазалық жұмыстары аясында сенбіліктердің ұйымдастырылу барысы туралы Жаңатас қаласының әкімі Ильяс Домалақов былай деп баяндады: — Аудан көлемінде қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстары бойынша көктемгі екі айлық өткізу туралы 2023 жылғы 28 тамыздағы №158  қаулысына сәйкес 2 қыркүйектен бастап 4 қарашаға дейін сенбілік жұмыстары ұйымдастырылуда. «Мансап» орталығы арқылы қала аумағын көріктендіру және санитарлық тазалық жұмыстарын атқаруға бөлінген жұмысшылармен тиісті жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Жаңатас қаласы бойынша «Ұрпақтар» аллеясындағы, «Балалар» саябағындағы, «Еңбек ерлері» аллеясындағы, Орталық аурухана алдындағы сквердің, «Даңқ» монументінің, Бейбітшілік, Жібек жолы, Мұқанов, Сағындықов, Әулие ата көшелерінің бойындағы шөптері орылып, талдары балақталды, бағаналары сырланды. Сонымен қатар, Жібек жолы көшелеріндегі талдарды пішімдеп қырқу жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда Бейбітшілік көшесіндегі талдарды пішімдеп кесу жұмыстары жүргізілуде. Қаланың басты көшелеріндегі талдар, бордюрлер ақталды. Жібек жолы, Бейбітшілік, Мұқанов, Әулие-ата, Аспандияров  көшелеріндегі арықтар тазаланды. Қаладағы тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында тұрғындардың сұранысына сәйкес «Қаратау» тау — кен өңдеу кешені тарапынан демеушілік есебінен 8 «Кам-АЗ қиыршық тас төгілді. (6-22, 6-8, 6-34, 1-23, 1-5 үйлерге). 2023 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 505-бабына сәйкес барлығы 36 тұрғын үйлердің иелеріне үйдің алдарына құрылыс қалдықтарын шығарғаны үшін ескертулер берілсе, 5 азаматқа айыппұл салынды. Тұрғын үй жетекшілерінің ұйымдастыруымен көпқабатты тұрғын үйлердің маңына сенбіліктер ұйымдастырылып, тал-дарақтар, гүлзарлар отырғызылды.Тұрғындардың күшімен кіре беріс есіктері, подъезд терезелері ауыстырылып, алдына орындықтар орнатылды. (1 ш/а №2,3,7, 3 ш/а №23/1,23/3,52) «Ақбұлақ» аумағынан «Жасыл белдеу» құру үшін мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарына сәйкес конкурс тәсілімен жеңімпаз мердігері анықталған. Қоршауларды орнату келесі аптада басталатын болады. «Береке Құрылыс Холдинг» ЖШС тиісті жұмыстарды атқарып, қараша айының ішінде пайдаланылуға беріледі. 2023 жылдың 7 қазанындағы Жаңатас қаласы бойынша ұйымдастырылған сенбілікте барлығы 291 адам қатысты. Шығарылған қоқыс – 2,1 тонна, қатысқан мекемелер саны – 42. Жаңатас қаласы бойынша келесі бөлімдер және касіпорындар сенбілікке шықпады (13 мекеме және кәсіпорын), атап өтетін болсақ: 2023 жылдың 28 қазан күні Жаңатас қаласы бойынша тазалық жұмыстарына барлығы 40 мекеме, 330 адам қатысты. Тазалық жұмыстары барысында қала бойынша 2,2 тонна қоқыс шығарылып,  275 метр арықтар тазаланды.  Сенбілікке салқын қарап, белсенділік танытпайтын мекемелер; Аула клубтары, «Айгүл» балабақшасы, аудандық зейнетақы төлеу орталығы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, «Қазпошта», «Қазақтелеком» мекемелері, аудандық полиция бөлімі, халық банкі, Орталық аурухана, Қаратау ТКӨК «Казфосфат» ЖШС, Педагогикалық коррекция, «Еврохим» ЖШС, — деп тазалық жұмыстарына тиянақты қарап, үзбей шығып жатқан мекемелерге ерекше алғыс білдірді. Осы орайда, «Саусақ бірікпей-ине ілікпейді» деген аталы сөз еске түседі. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып күш жұмылдырмасақ төккен тер мен еткен еңбектің зая кететіні анық. Сондықтан, өскен өлкемізді аялап, тазалық жұмыстарына белсене атсалысайық!

Самат Тоқбанов, 

 «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.