Сын-ескертпелер айтылды

0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Е. Ермағанбетовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Комиссияның мақсаты: ҚР-дағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру болып табылады.
Басқосуда «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мадина Прімбек «Жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жастар ресурстық орталықтарының жұмысы туралы, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бойынша іс-шаралар өткізілгендігі туралы» жан-жақты түсіндіріп өтті.
Одан кейін Жамбыл облысы бойынша «Іскер әйелдер қауымдастығы» аудандағы өкілеттігінің жетекшісі, комиссия мүшесі Р. Әшімованың «Аудандағы кәсіпкер қыз-келіншектердің жеткен жетістіктері мен атқарған жұмыстары туралы» есебі тыңдалды.
Сондай-ақ аудандық аурухананың емхана меңгерушісі Е. Бақытұлы ерте жүктіліктің, жасанды жүктіліктің алдын алу медика-санитарлық ұйымдарда жастар денсаулық орталықтары немесе кабинеттері жұмыстарының мониторингі және әйел азаматшаларды скринингтен өткізу туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов:
-Елімізде гендерлік саясатты жүзеге асыру, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, ана мен баланы қорғау – мемлекеттік маңызы бар міндеттердің бірі. Бұл бағытта мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Осы орайда, біздің комиссияның жұмысы – ел Президенті мен Үкімет жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың жергілікті деңгейде нақты іске асуына негіз болады. Дегенмен, шешімін табуы тиіс мәселелер де жоқ емес. Олар — ауылдық жерлерде әйелдердің жұмыспен қамтылу деңгейі, көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы аналарға қолдау көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейту, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып табылады,-деп бірқатар мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Б.Мақашева, аудан әкімінің жанындағы әйелдер
істері және отбасылық-демографиялық саясат
жөніндегі комиссияның хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.