Комиссия отырысы өтті
Апта ішінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабековтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық жұмыстары бойынша комиссия отырысы өтті.
Жиында аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Ануар Қоянтай және аудандық статистика басқармасының басшысы Серік Жарқынбеков баяндама жасады.
Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков ауыл шаруашылығы санағы туралы тоқталып өтті.
— 2025 жылдың 1 тамызынан бастап ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі. Ауыл шаруашылығы санағында республика бойынша меншік нысанына қарамастан тіркелген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, ауыл шаруашылығы малдары, ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы құрылғылары, ауыл шаруашылығы қызметін жүргізуге қатысты ғимараттар, құрыстар, мал ұстауға арналған қора-жай, арнайы кешендер барлығы қамтылады.
Бұл ауыл шаруашылығында дереккөздердің шынайылығы мен дұрыс тапсырылуын айқындайтын бір жүйе.
Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы санағына дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жоғары деңгейде өткізу Сіздер мен бізге тікелей байланысты, — деп ауыл шаруашылығы санағын сапалы өткізу туралы жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, ортаға салынды.