Кеңес отырысы өтті

0

Апта ішінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі С.Мамытовтың төрағалығымен Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Жиынға кеңес мүшелері, мекеме, бөлім басшылары, жас­тар орталығының қызметкерлері қатысты.
Басқосуда Байқадам ауылдық округінің әкімі Мейіржан Өксікбаев «Байқадам ауылдық округінде жастар саясатының іске асырылуы туралы» хабарлама жасады. Одан кейін Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Нұрхан Ақмағанбетовтің «Жаңаталап ауылдық округінде жастар саясатының іске асырылуы туралы» есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Аудан жастарының жұ­мыс­пен қамтылуы туралы» аудандық Мансаптық орталығы филиа­лы­ның директоры Данияр Омар атқарылған жұмыс­тарға жан-жақты тоқталды.
Сондай-ақ аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мадина Прімбек «Сарысу ауданында жастар саясатының іске асырылу барысы туралы» хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Жиын барысында аудан әкімі С.Мамытов мемлекеттік жас­тар саясатының сапалы іске асырылуына барлық мекеме, бөлімдер мен қала және ауылдық округ әкімдері жан-жақты қолдау қажет екенін тілге тиек етті.
Атап айтқанда, NEET cанатындағы жастардың кәсіптік оқыту, қайта даярлау курстарынан өтуін қамтамасыз етіліп, жас­тарды мемлекеттік бағдарламаларға, кәсіпкерлік мақ­сатта өткізілетін гранттық конкурстарға қатысуын және жаңа инновациялық жобалардың үлесін арттыру бағытында жұмыс­тар жүргізуді, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды әлеуметтік және психологиялық қолдау шараларын ұйымдастырып, жастарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында шаралар қабылдап, жастарға арналған несие беру туралы ақпараттарды әлеуметтік желілерде және елді мекендерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ, аудан әкімі түнгі мезгілдерде жасөспірімдердің ата-анасыз белгіленген мерзімнен тыс уақытта жүру жағ­дай­ларының алдын-алу жұмыстары, учаскелік инспектор­лардың бекітілген аймақтары бойынша жастардың тізімін қалыптастырып, нақты шаралар атқаруды, мектептер мен колледждерде жасөспірімдер арасында құқық бұзушы­лық­тың алдын-алу бағытында түсіндірме жұмыстарын күшей­туді, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген жастар мен жас­өспірімдерді анықтап, күнделікті тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізу қажеттігін айтты.

Сәулет Рысбекұлы,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.