ЖУРНАЛИСТ ДАРИХА НАҒЫЗ ГАЗЕТ ЖАНАШЫРЫ
Ауданға танымал қаламы қарымды және беделді журналист Дариха Пазылбекқызы Үмбетиярова қазіргі таңда Тараз қаласына қоныс аударған. Бала күтіміне байланысты еңбек демалысында отыр. Соған қарамастан облыста, ауданда өткізілетін шараларға өз үлесін қосып жүр.
Ол өзі жүрген жерінде белсенділік танытып, игі істердің басы-қасында болғанды ұнатады. Кеше директор Ж.Жетеноваға хабарласып, жазылымның жағдайымен таныс-ты. Жазылымның баяу жүріп жатқаны оны қынжылтты білемін осы қара шаңырақта жұмыс атқарып, басқа қалаға, басқа мекемеде өз ризық-несібелерін теріп жүрген әріптестер арасында жақсы бастама көтерді. Сол бастамада өзі он ардагерге, мүмкіндігі жектеулі жандарға, аз қамтылған отбасыларға «Sarysý» газетін тегін жаздырды.
-Мен өзім Тараз қаласында тұрсам да, өзім еңбек жолымды бастаған, журналист атанған аудан айнасы болған төлбасылымның орны мен үшін ерекше. Газетке біздің жанымыз ашымағанда кімнің жаны ашиды.
Қазіргі таңда газеттің тақырып ауқымы кеңейген. Шынымды айтсам, ең әуелі «Sarysý»-ды қолыма алып, ауданда не жаңалық болып жатқанына көз жүгіртемін. Құрметті оқырман, газет жанашыры ретінде сіздердің де жұмыла жұдырықтай болып, аудан айнасына жазылуға шақырамын,-деді газет жанашыры.
Міне, осындай көпке үлгі-өнеге болып, өзінің адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерін көрсете білген жанға ардагерлердің, мүмкіндігі шектеулі, мейірімге зәру жандардың айтар алғыстары шексіз.
«SARYSÝ-AQPARAT»