«Асар» дәстүрі ұрпақ сабақтастығы

0

Ежелден елдік мұратты, ұлттық құндылықты ерекше дәріптеген халқымызда ғасырлар бойы кісіліктің көркем үлгілері қалыптасқан. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында.

Қазақ топырағында қалыптасқан «Асар» игі дәстүрі соның бір айғағы. Ауданымызда оның ішінде ауылдарда «Асарлатып үй салу» жобасы 2020 жылдан бері қызу қолға алынып, көптеген мұқтаж отбасылар баспаналы болуда.

Бүгінде ұлттың болмысындағы осы бір ерекше қасиет облысымызда жаңғырып, жалғасын тауып, туған-туыстар мен ауылдастар жиылып мұқтаж жандарға көмек қолын созуда. Оған жергілікті билік те атсалысуда.Жайылма ауылдық округінде жоба жыл сайын өз жалғасын табуда.   Биыл аз қамтылған жас отбасы Руслан Елшібаевқа әкімшілік тарапынан қолдау көрсетіп үй салу қолға алынуда.

Жас отбасы Р.Елшібаев  үй салуға қолдау көрсетіп жатқан  ауылдық округ әкім аппаратына, атымтай жомарт азаматтарға өз алғысын жеткізді.

Ауылдық округ әкімі Ж.Смағұлов: — Біз сонау ашаршылық және соғыстан кейінгі қиын жылдары да бір-бірімізге қолғабыс білдіріп, бірлігімізден айырылмаған елміз. Өзге ұлт өкілдерін де бауырымызға басып, мейірімділік танытқанбыз. «Асарлатып үй салу» жобасының мақсаты тек мұқтаж жандарға үй салып беру ғана емес, өзара бірлігіміз мен ынтымағымызды, қоғамдағы өзара келісімді, қамқорлықты арттыруға негізделген,-деді.

Осы азаматтың тұрақты баспанамен қамтылуына және құрылыс жұмыстарының сапалы  аяқталуына, қажеттіліктеріне қолдан келгенше жәрдем беруде.Талай отбасыға қуаныш сыйлаған «Асар» дәстүрі ұрпақ сабақтастығы болып қала бермек.

Сәулет есқараев,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.