КОМИССИЯЛАР ҚҰРАМЫ ЖАСАҚТАЛАДЫ

0

Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №45-2 шешімімен бекітілген учаскелік сайлау комиссиялары мүшелері себепті жағдайлармен комиссия құрамдарынан Сарысу аудандық мәслихатының  2023 жылғы 5 мамырдағы №2-10 шешімімен әр түрлі жағдайларда шығарылуына байланысты, бос орындарға комиссия құрамдарын жасақтау шаралары басталғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты округтік, учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындар тізбесін ұсынамыз:

1)    Аудандық сайлау комиссиясы – 1 (бір) орын;

2) №366 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;

3) №367 сайлау учаскесі – 3 (үш) орын;

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғарыда тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылдың 7 қазаннан 21 қазанға (15 күнтізбелік күн) дейін аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:

1)    тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

2)    саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

3)    кандидаттың сайлау жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші (Өтініштің нысанын аудандық мәслихаттан немесе аудандық сайлау комиссиясынан алуға болады);

4)    сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық және қағаз форматта жасалған белгіленген нысандағы мәліметтер.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылушы Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс.

Аудандық мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2023 жылдың 21 қазанына дейін, дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-18:30 дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс -13:00–14:30 аралығы.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:

8 (726-34) 6-20-25, 6-26-80, 6-33-90 факс.

Йод тапшылығы ауруының алдын алу

Йод-адам ағзасының маңызды бөлігі. Мөлшері аз, 20-30 мг аспағанымен, йод қалқанша без гормондарының (тиреоидты гормондар) түзілуінің таптырмас қатысушысы.

Бұл гормондарды ағзаның барлық органдары мен жүйелері қажет етеді, олар ақуыз, май, көмірсулар алмасуына және терморегуляцияға әсер етеді. Йодтың жеткілікті мөлшері адамды физикалық және ақыл-ой белсенділігі үшін энергиямен қамтамасыз етеді, ағзаның өсуіне, дамуына және жасушалардың қалпына келуіне ықпал етеді. Йодтың тапшылығы болмағанда, адам өзін сергек, өмірлік күшке толы, сау және көңілді сезінеді. Сонымен қатар, йодтың ақыл-ой дамуына тікелей әсер ететіндігіне ғылыми дәлелденген деректер бар. Йод тапшылығының бірнеше белгілері бар, оларды қабылдауға және есте сақтауға ыңғайлы болу үшін топтарға біріктіруге болады: эмоциялық, иммундық тапшылық, ісіну, гинекологиялық, кардиологиялық және гематологиялық. Денсаулығыңыз бен ағзаңызды бақылай отырып, жақындап қалған проблеманы дер кезінде анықтап, оның алдын алудың шұғыл шараларын қабылдай аласыз.

Иммундық тапшылық тобы бір басты белгіні қамтиды – иммунитеттің әлсіреуі және соның салдарынан инфекцияларға, суық тию ауруларына ерекше бейімділік және созылмалы аурулардың дамуы.

Ісінулер де йод жетіспеушілігінің алғышарттарының бірі болып саналады. Бұл көз айналасындағы ісінуге де, басқалардың бәріне де қатысты: қол, аяқ және т.б. Бұл ретте, ісінулерден арылу үшін несеп айдайтын препараттарды қабылдауы жай-күйді ушықтырады, оларға тәуелділіктің қалыптасу ықтималдығын бірнеше рет арттырады. Йод тапшылығының қауіптілігі жоғарыда аталған белгілердің барлығы айтарлықтай асқынады және тиісті ем болмаған кезде қайтымсыз болуы мүмкін, ал ұлғайып келе жатқан зоб жақын маңдағы органдарға қысым жасай бастайды, сол себептен құрғақ жөтел, тұншығу ұстамалары және тамақ жұтқан кезде қиындықтар тудыруы мүмкін.

Балалардағы қалқанша безінің асқынған ауруларының салдары: физикалық және ақыл-ой дамуының бәсеңдеуі, баяу өсуі, сөйлеу бұзылулары, керең-мылқау болуы мүмкін. Йод тапшылығы жасы үлкен адамдар үшін де қауіпті, себебі белгілі бір жасқа дейін ғана біздің ағза пайда болған проблеманы өз бетінше шеше алады және йод жетіспеушілігін өтейді.

Йод тапшылығының алдын алу. Онымен қалай күресуге болады?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) физиологиялық, яғни жасына байланысты микроэлементті – йодты тұтынудың тәуліктік нормаларын белгілеген. Орташа алғанда бұл норма күн сайын 120-дан 150 мкг-ға дейін.

Йодтың негізгі мөлшері біздің ағзамызға азық-түлікпен келіп түседі, ең көп концентрациясы теңіз балығында, теңіз өнімдерінде, теңіз балдырларында және балық майларында – шамамен 800-1000 мг/кг.

А.Тәжіқұлова,

Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлімше басшысы                                                       

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр 2023 жылғы 30 маусымдағы №275 бұйрығының 9-бап. Мансап орталығы жыл сайын 1-31 қазан аралығында қаржыландыру лимитін негізге ала отырып, жұмыс берушілерден осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы қаржы жылына өтінімдер (бұдан әрі-өтінім) жинауды жүзеге асыруды және 10-бап. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құрғысы келетін жұмыс беруші электрондық еңбек биржасында «жеке кабинет» арқылы мансап орталығына өтінім береді.

Субсидияланатын жұмыс орындарына яғни Жастар практикасы, Алғашқы жұмыс орындары, Ұрпақтар келісімшарты, Әлеуметтік жұмыс орындары, Күміс жас, Қоғамдық жұмыс орындарына ағымдағы жылы қазан айының 1-31 күндері аралығында Enbek.kz порталынан 2024 жылға өтінім бере аласыздар.

Қосымша сұрақтар болған жағдайда Сарысу ауданы бойынша Мансаптық орталық филиалына келіп толықтай консультация ала аласыз немесе 6-10-60 телефонына звандап консультация алсаңыз болады.

Сарысу ауданы бойынша

Мансаптық орталық филиалы

Ќазаќстан Республикасы Жер Заѕнамаларыныѕ талаптары мен нормалары

Жалпы мағлұматтар

Жеке тұлғалар-Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар-Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлік бар және сол мүлікпен өз міндеттемелер бойынша жауап беретін өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Жергілікті атқарушы орган облыстық респуб-ликалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік  басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

Жергілікті өкілді орган (мәслихат) – облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның  (облыстық маңызы бар қаланың) халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқыңдайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

Жер пайдалану құқығының субъектілері

Жер пайдаланушылар:

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес

2)ұлттық және шетелдік

3) жеке және заңды тұлғалар;

4) тұрақты және уақытша;

5) бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге қандай жерлер жатады:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер –ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық  жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының аумағына  қосылған басқа да алқаптар)

Ауыл шаруашылығы алқаптарына:

-егістік

-тыңайған жер;

-көп жылғы екпелер, егілген жерлер;

-табиғи шабындықтар;

-жайылымдар жатады.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір санаттан екіншісіне ауыстыруды қалай жүзеге асыруға болады.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір санаттан екіншісіне ауыстыру жер учаскесінің меншік иесінің ауыл шаруашылығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға беру өтініші, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру қажеттілігі табиғи факторларға, оларды бұдан кейін де басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орындылығына негізделеді.

Жеке меншік құқығын қалай түсінуге болады:

Жеке меншік құқығы-азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін Жер заңнамасында белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету;

Жеке меншік құқығы қалай туындайды:

Жеке меншік құқығы:

Мемлекет меншігіндегі жер учаскелердің тікелей мемлекеттен мемлекеттік органдар актілерінің негізінде алу;

-азаматтық-құқықтық мәмілелердің (сыйға тарту, сатып алу-сату және т.б.)негізінде:

-жер учаскесін әмбебап мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастыруы) алу жолымен туындайды.

Жер пайдалану құқығы – бұл учаскесіне иеліктен шығару құқығынсыз (сату,сыйлау және с.с) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану мүмкіндігі).

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікке кімдерге және қандай мақсатпен беріледі.

Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысу жоқ заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берілуі мүмкін.

Ауыл шаруашылығындағы жер учаскелері жеке меншікке:

ҚР азаматтарына шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылығын, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшін;

ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаларына –ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, ғылыми –зерттеу, тәжірибе және оқыту мақсатына, қосалық ауыл шаруашылығын, бағбандық пен мал шаруашылығын жүргізу үшін беріледі.

Ескерту. ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 Жарлығына сәйкес және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беруге 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий жарияланды.

2021 жылы ҚР азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру тағы 5 жылға ұзартылды.

Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қандай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бөлек меншікке берілуі мүмкін.

Бөлек меншікке:

-тұрғын халықтың қажетіне арнап пайдаланатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар;

-ортақ пайдаланудағы жолдар, оның ішінде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай –ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелеріне өтеуге арналған жолдары;

-жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері немесе жер пайдаланушылар бірлесіп пайдаланатын суландыру құрылыстары  (суландыру арналары, суағарлар, құдықтар, суат пункттері) орналасқан жер учаскелері берілмейді.

Ауыл шаруашылығы мақсатында жерлерді және меншікке қандай шарттармен сатып алуға болады.

1) жер учаскесіне жеке меншік құқығын анықталатын кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен;

2) жер учаскесін жеке меншік құқығын оның кадастрлық (бағалау) құнына қарай айқындалатын жеңілдікті бағамен сатып алуына болады.

Меншік иелері жер учаскелеріне қалай билік ете алады:

Жер учаскесі үшін кадастрлық (бағалау) құнына тең баға бойынша төлемді толық енгізген тұлғаның (меншік иесінің) жер учаскесімен, оның нысаналы мақсатын өзгертпей, заңдарда тыйым салынбаған мәмілелердің (сату, сыйға тату, уақытша жер пайдалануға (жалға)беру және т.б.) кез-келген түрін мемлекеттік органдардан қандай да болсын рұқсат алмай-ақ жасасуға құқығы бар.

Жеке меншікте бола алмайтын жер учаскелері:

Қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік меншіктегі қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік- техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері,

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар,

Жер кодексінің 128-бабының 4-тармағында санамаларға жер учаскелерін қоспаған, орман қорының жері;

Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (суару және кәріз жүйелері)  алып жатқан су қоры жерінің құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші бір субъектінің жер учаскесіне қызмет ететін ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар мемлекеттік меншігінен иеліктен шығарылған жер учаскелерін қоспағанда, су қорының жері;

Магистральдық темір жол желілері:

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары салынған жер учаскелерін қоспағанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;

Жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимаратттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері.

Азаматтар мен мемлекеттік емес заң тұлғалардың бөлек меншігіне және жер пайдалануына берілмейтін жер учаскелері

Тұрғын халықтың мұқтажына пайдаланылатын және соған арналған, оның ішіндегі облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдық елді мекендер шекарасы шегіндегі жайылымдық және шабындық алқаптар;

Ортақ пайдаланудағы жолдар, оның ішіндегі шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелеріне өтеуге арналған жолдар;

Жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері немесе жер пайдаланушылар бірлесіп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пункттері) орналасқан жер учаскелері.

Жер пайдалану құқығын қалай туындайды

Жер пайдалану құқығы:

-мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға алу;

-жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шартын жасау нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу;

-жер пайдалану құқығын әмбебаптың мирасқорлық немесе заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы тәртібімен алу нәтижесінде туындайды.

Жер пайдалану құқығының субъектілері кімдер

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес;

2) ұлттық және шетелдік;

3) жеке және заңды тұлғалар;

4) тұрақты және уақытша,

5) бастапқы және кейінгі болып бөлінеді

Жер пайдаланудың түрлері;

-уақытша өтеулі жер пайдалану;

-қысқа мерзімді (5 жылға дейін)

-ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін:

-өтеусіз негізінде уақытша жер пайдалану (ақысыз беріледі) түрі, бұл реттеу уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру мерзімі 5 жылдан аспауға тиіс (жер учаскелерін қызметтік жер телімі түрінде және тозған әрі бүлінген жерді қалпына келтіру үшін берілетін жағдайларды қоспағанда);

-мемлекеттік жер пайдаланушылардың мұқтажы үшін берілетін тұрақты жер пайдалану түрі.

Аудан әкімдігінің жер

 қатынастар бөлімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.