Мәреге бірінші келді

0

Спорт саласына үздіксіз еңбек етіп, жетістіктерге жетіп жатқан ауданымыздың саңлақтары жетерлік. Түрлі республикалық, облыстық сайыстарда озат шауып, жүлделі орындардан көрініп, жеңіс тұғырын бағындырып жүр.

Жуырда Шымкент қаласында 40-49 жас аралығындағы спортшылар арасында өткен облысаралық 5 км ге жүгіру марафонында ауданымыздың мақтанышы, спорт саласының майталманы Жобаев Тасқынәлі жүзден жүйрік атанып, мәрені бірінші болып кесті. Ауданымыздың мәртебесін асқақтатқан спортшы салауатты өмір салтын үздіксіз ұстанып жүрген атпалдай азаматтың бірі. Спортты жанына серік еткен Тасқын ағаның жеңісі жастарға үлгі. Аудандық, облыстық, республикалық марафондарға белсене қатысып жүрген ағамыздың бағындырар белестері әлі алда екеніне күмән жоқ.

Баян Нарынбаева,

 аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт

бөлімінің статисті

Leave A Reply

Your email address will not be published.