Қарттарға құрмет-ізгіліктің белгісі

0

Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қарияны құрметтеу. «Қарты бар үйдің-қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қарт кісіге ізет пен құрмет танытқан.

Қарт десе, әркімнің көз алдына ақ жаулықты әже мен ақсақалды қариялардың ойға оралары анық. Халқымыздың ұлттық болмысының жарқын белгісі қашанда үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету болып табылады.

Осыған орай, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және  №16 өрт сөндіру бөлімі бұл игі  істе белсенділік танытты. Жаңатас қаласының тұрғыны ақ жаулықты ана Жансая Баймахановаға құрмет көрсетілді.

Мереке қарсаңында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бюджет есебінен бөлінген қаржыға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде есепте тұрған 124 жалғыз басты қарт зейнеткерлерге, арнайы дайындалған азық- түлік себеттері мен  құттықтау хаттары тапсырылды. Есепте тұрған барлық жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызметкерлер тарапынан аулаларын тазарту мен қысқы дайындық жұмыстарына көмектесу, дәрі-дәрмектері мен азық- түліктерін уақытылы жеткізу сияқты қызметтер тұрақты түрде орындалып келеді.

Осындай дәстүрлі шара лайым жалғасын таба берсін дегіміз келеді.

Қорыта айтқанда, ардагерлер қауымы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласумен қатар, мемлекеттің қамқорлығын сезініп отыр. Осы орайда, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан қарттарымызды құрметтей білейік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.