ТУҒАН ТІЛ-ТҰҒЫРЫҢ
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің тұғырын бекемдеу, ұлт рухын асқақтату мақсатында ҚР тілдері күніне орай «Ана тілім — құдіретім» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Кешті жүргізуші мәдениет қызметкері Ниязбекова Замира: «Тіл-халықтардың қазынасы, сан ғасырлық жүріп өткен жолымыздың шежіресі.
Егемендігімізді баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек» — деп, көпшілікті мемлекеттік тілді құрметтеуге шақырды.
Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің мәртебесін жоғарылатып, айбынын асқақтату.
Мектеп оқушылары Дүйсен Інжу, Батырбай Алтынай, Айтбек Жанай, Амантай Сезім М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі», А.Құнанбаевтың «Сегіз аяқ», М.Әлімбаевтың «Ана тілім ғажап деп айта аламын», Т.Молдағалиевтің «Үйретеді кім оған ана тілін» т.б. қазақ ақындарының тіл туралы жазған ең үздік шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Ақын өлеңдерін оқи отыра оқушылар Отанын сүюге, туған жерін, ана тілін құрметтеуге деген құндылықтарды бойларына сіңірді.
қоғам болып күресейік
Үшбас ауылдық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықты жою-басты міндет» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты оқырмандарға мектеп қабырғасынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсатын қалыптастырып, жемқорлықты жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуал қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерін өзара нығайту.
Үшбас негізгі мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рысдәулет Даулет, мектеп кітапханашысы Түсіпбекова Перизат 7-9 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жасап, кітапхана меңгерушісі А. Исаева баяндама жасады.
«Sarysý-Aqparat»
Жемқорлық-қоғам дерті
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.
Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
Сыбайлас жемқорлық қазір жергілікті проблема болудан қалды, ол қоғамға және барлық елдердің экономикасына әсер ететін трансұлттық құбылысқа айналды,бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықтың маңызын арттыра түседі. Мыңжылдықтар тоғысындағы тарихы тереңнен бастау алатын сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. 1998 жылы Қазақстан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды ТМД елдерінің ішінде бірінші болып қабылдады, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық саясаты белгіленді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдары қабылданып 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Президентіміз халыкка мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенім арттырудың маңызды қыры екенін нақты көрсетті. Жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің индексін көтеру мақсатында, кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасалынып жатыр.
Жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын алу мақсатында Әділет басқармасында сенім телефондары орнатылды, әділет басқармасында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын шектеуге бағытталған ұйымдастырушылық және тәжірибелік іс-шаралар жоспары бекітіліп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жұмыстары күшейтілді, атқарылған жұмыстарды ескере отырып Қазақстанда мемлекеттік деңгейінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шаралары жоспарлы және нәтижелі өткізілуі айқын. Қорыта айтқанда, мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жемқорлықты жоямыз десек, онымен қоғам болып күресу керек. Сонда ғана бір нәтижеге қол жеткізеріміз айқын.
Г.Байзакова,
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық
бөлімінің сот орындаушысы
парақорлық-қауіпті індет
Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.
Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын.
Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әдідікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.
Ж.Мұсаахметов, Сарысу ауданы
білім бөлімінің бас маманы
Дін және қоғам
Дінсіз адам болса да, дінсіз қоғам болмаған. Халықты халық ететін тілден бұрын дін деген. Діннің негізгі мақсаты-адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю. Қайбір дін болмасын қоғам мен адам өмірінде алар орны ерекше. Дін адам мен адамды, қоғамды біріктіруші күш десек қателеспейміз.
Ғасырлар бойы әртүрлі этнос-тар мен конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір-бірін мәдени тұрғыдан толықтыра отырып, Қазақстан халқының мәдениеті және дәстүрлі рухани құндылықтарын қалыптастырды. Еліміздің Конституциясына сәйкес тілі мен дінге көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың заң алдында тең құқықтарына және әрбір азаматтың жеке наным-сеніміне құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың зайырлы моделі жасалды.
Қазіргі таңда ресми тіркелген 18 конфессияның 3800-ге жуық діни бірлестік пен филиалдарының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасалған. Осы орайда айта кетерлік жайт, былтырғы жылмен салыстырғанда ислам бағытындағы мешіт-филиалдар саны көбейген. Яғни, бұдан тұрғындардың діни-рухани құндылықтарға бет бұрғандығын байқауымызға болады.
Дін — адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін — имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы жоқ. Сонымен қатар қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені, дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.
Дін – қоғамның ең қажетті және негізгі тармағы. Өзіміз өмір сүріп отырған ортадан дінді бөліп қарау әсте мүмкін емес. Өйткені, дінсіз, бір Алланың бар екеніне сенімсіз қоғамда адам баласының бойынан қорқыныш сезімі жоғалады. Ал жүрегінде қорқынышы болмаған адамдар – ең қорқынышты орта, қорқынышты қоғам. Асылы текті бабаларымыздың «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деуі де сондықтан. Осы мәтелдің астарында үлкен мән жатқанын ұғынуымыз керек.
Дін – адамзатпен бірге жасасып келе жатқан түрлі тарихи кезеңдер мен қоғамда өзін әртүрлі пішінде көрсетті. Адамзаттың рухани сұраныстарының түрлілігіне байланысты діндер де әртүрлі аталды. Дүниедегі халықтар, мемлекеттер өз тарихын зерттегенде діни, рухани үдерістерді негізге алады. Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы жаратылған барша жаратылыстың қожасы екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіретін нәрсе – дін. Бұл кез-келген халықтың тарихи тағдырында діннің маңызды рөл атқаратындығын, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын негізгі фактор екендігін көрсетеді.
Бірақ, біреулер қаласа да, қаламаса да дін қоғам өмірінен өз орнын алатын болады. Өйткені, адамдарда жүрек пен сана бар. Пенделік тірліктен қажып, мұңға бататын жүрек өзінің дауасын іздесе, өмірдің мәнін іздеуде пенделік қисыннан қанағат таппайтын сана өзіне кең өрісті қажет етеді. Сол себепті де көптеген адамдар жүрекке дауа, санаға өріс беретін діннің мәңгілік құндылықтарына жүгінуге мәжбүр болады. Міне, осындай жандар адам өміріндегі, қоғам өміріндегі діннің орнын түсініп, оның мәні мен маңызын ашуға ұмтылады. Адамды осындай биік құлшынысқа, рухани жетілуге жетелейтін қасиеті діннің басты бір маңызы болып табылады.
Н.Шәмшіхан, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын
зерттеу орталығының»
теолог-инспекторы
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге арналған жадынама
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.
Шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының
он бес пайызынан аспайды. 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Анықтама үшін: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы — ішкі сауда субъектісінің сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ӘМАТ-қа сауда үстемесінің мөлшерін асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады, бір жыл ішінде қайталап асырып жібергені үшін — шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 75 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін — 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Анықтама үшін: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мыналар жатады:
ақ қант– құмшекер | күнбағыс майы |
бірінші сортты бидай ұны | тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі) |
бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) | сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) |
рожки (өлшеніп салынатын) | майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы сүт |
қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) | майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айран |
тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) | сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5 %-дан кем емес, толтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ) |
картоп | |
сәбіз | тауық жұмыртқасы (I санатты) |
пияз | ас тұзы |
ақ қауданды қырыққабат | сүзбе: майлылығы 5 – 9 % |
Осыған байланысты, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату жөніндегі шарттарды жасасу кезінде сіздің кәсіпорныңыздан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін рұқсат етілген сауда үстемесінің мазмұны бар тармақты көздеу қажет екенін хабарлаймыз.
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі
«В» вирусты гепатитінің алдын алу
Вирусты «В» гепатиті – бауырдың қабынуымен жүретін жұқпалы ауру. Індеттің жұғу көзі-аурудың жіті немесе созылмалы түрімен сырқаттанған науқас.
Негізгі жұғу жолдары:
— вирустармен зақымданған жеке гигиенада және тұрмыстық жағдайда қолданатын кескіш-тескіш заттарды пайдаланғанда;
— тіс емханалары мен сұлулық салондарында зақымданған құралдарды пайдаланғанда;
— жүктілік кезінде анасынан баласына берілгенде;
— тұрақты серігі жоқ және кездейсоқ байланыстары көбейген жағдайда жыныстық жолмен;
— зақымданған қанды құйған кезде;
— дезинфекцияланбаған құралдарды пайдаланғанда.
Алдын алу шаралары: Вирусты «В» гепатитінің алдын алу шараларының 2 түрі бар – арнайы және арнайы емес.
Вирусты «В» гепатитінің алдын алудағы арнайы шара – ол жоспарлы екпе жасау. Вакцина ұзақ сақталатын қорғанысты қамтамасыз етеді және адам ағзасына әсер етпейді. Вакцина салдырғаннан кейін вирусты «В» гепатитімен ауру мүмкін емес!
Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес ВВГ вакцинасы балаларға өмірінің 1-4 күнінде, сондай-ақ 2 және 4 айда енгізіледі.
Вирусты «В» гепатитінің алдын алудағы арнайы емес шара:
— тіс емханасын таңдау кезінде бірреттік құралдарды пайдалану мен дезинфекция қағидаларының сақталуына назар аударыңыздар;
— жүкті әйелдер міндетті түрде вирус-ты «В» гепатитіне тексерілуі қажет;
— жаңа туған балаларға вакцина салдыру туғаннан кейінгі 12 сағат ішінде жасалады;
— егер де жеке пайдаланатын заттарыңыз (мәселен, тіс щеткасы, маникюр қайшысы, мұрт-сақал алғыш) вирусты «В» гепатитімен ауырған тұлғаның қанымен зақымдалу жағдайында басқа адамдардың қолдануына болмайды;
— маникюр, педикюр қызметін жиі пайдаланатын, пирсинг және татуировка жасайтындар, егер құралдарда басқа адамдардың қаны жұғып қалса, індеттің жұғу қаупі жоғары болады;
— вирусты «В» гепатитімен ауырып-тұрған науқастар қан, ағазалар мен тіндердің доноры бола алмайды;
Н.Муликова,
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Азаматтарды мерзімді әскери ќызметке шаќыру туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпанындағы № 561-IV “Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы «Әскери қызметін белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2023 жылғы наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» №152 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары» № 620 бекітілген Қаулысын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2023 жылғы наурыздағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз — маусымында және қыркүйек- желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» бұйрығына және Сарысу ауданы әкімінің 2023 жылғы 23 ақпанындағы №24 «2023 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы» Қаулына сәйкес, Сарысу ауданы аймағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа әскерлері мен әскери құрамаларына ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан аралығында өткізілсін.
Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру бөлімшесіне келуге жататындар 18 жасқа толған 2005 жылы туылған, сондай-ақ әртүрлі себептермен әскерге шақырылмаған және шақыру мерзімі ұзартылмаған 1996-2005 жылы аралығында туылған ер – азаматтар шақыртылады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа әскерлері мен әскери құрамаларына мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын барлық ер азаматтар шақыру қағазындағы көрсетілген құжаттармен шақыру бөлімшесіне белгіленген күнінде және сағатында келуге міндетті. Шақыру қағазын алмаған ер азаматтар 2023 жылдың қыркүйек- желтоқсан айларында Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне жеке басын куәландыратын құжатын алып келуге міндетті.
Мерзімді әскери қызметке шақыруға уақытылы келмеген немесе шақыру комиссиясына келуден жалтарған ер азаматтар Заң жүзінде жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының негізінде мекеме, кәсіпорын, ұйым оқу орындарының басшылары әскерге шақырылушыларды жұмыстан босатуға, іссапардан шақыртып алуға және шақыру бөлімшесіне уақытылы келуіне жағдай жасауға міндетті.
Ю. Сериков,
Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы, подполковник
тұрғындар назарына
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар (бұдан әрі-гранттар) халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі, оларға мыналар жатады:
1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балаларға, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
4) қоныс аударушылар;
5) қандастар;
6) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
7) мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы).
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Бұл ретте тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы сауда объектілерінің аумағында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі.
Сонымен қатар 3 лектің гранттар беруге өтінімдерді қабылдау 11.09.23-22.09.23 бас-талатынын туралы хабарлаймыз.