ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАР

0

ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ ӘКІМіне кандидат Абдрахманов Шыңғыс Басиеұлының

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАсы

Абдрахманов Шыңғыс Басиеұлы — Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында 1967 жылдың 27 тамызында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.

Ұлты — қазақ.

1974 жылы Байқадам ауылында мектепке қабылданып, 1984 жылы Жаңатас қаласында Қ.Сатпаев атындағы мектепті орта білім алып, аяқтаған.

1984 жылы Қазақ Политехникалық институтына оқуға түсіп, 1990 жылы «инженер-механик» мамандығына ие болды.

Отбасылы, балалары мен немерелерін тәрбиелеуде.

Еңбек жолын 1984 жылы «АвтоВАЗтехобслуживание» облыстық орталығының Жаңатас қалалық филиалында автослесарь болып бастаған.

1986 жылы оқып жатқан мамандығына байланысты, Жаңатас қаласындағы жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау кәсіпорнына ауысып, 1990 жылға дейін жүргізуші, жөндеу және бақылау механигі, автоколонна бастығы қызметтерін атқарды.

1990-1995 жылдары «Тараз-Лада» акционерлік қоғамының Сарысу аудандық бөлімшесінің жетекшісі болып қызмет істеді.

1995-2002 жылдары «Қаратау» өндірістік бірлестігінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінде инженер, жанар-жағар май бюросының бастығы қызметтерін атқарды.

2003-2005 жылдары — жеке кәсіпкер.

2005-2007 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі»-нің бас маманы, «Кәсіпкерлік бөлімі-нің» жетекші маманы қызметтерін атқарды.

2007 жылдың қазан айынан 2010 жылдың тамызына дейін Сарысу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көгалдандыру және көріктендіру» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Жаңатас» еншілес кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.

2010 жылдың қыркүйек және 2011 жылдың ақпан айы аралығында Сарысу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көгалдандыру және көріктендіру» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.

2011-2013 жылдары — жеке кәсіпкер.

2014 жылдың қаңтар айынан осы күнге дейін Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалының директоры қызметін атқарып келеді.

2021-2023 жылдары — Жамбыл облыстық мәслихаттың жетінші шақырылымының депутаты.

Мен, Абдрахманов Шыңғыс Басиеұлы, Жаңатас қаласы әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, қала тұрғындарының алдындағы үлкен жауапкершілікті терең түсінемін.

Қала әкімі ретіндегі міндетім — заңнамалар аясында және өз өкілеттілігім шегінде қаланы және азаматтарды кәсіби басқару, олардың мүдделерін білдіру және қорғау. Қала әкімі ретінде жұртшылықпен, депутаттармен, өндірісшілер және кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеу және қала өміріне белсенді қатысу үшін, өз бағдарламамды ұсынып отырмын:

  1. Жаңатас қаласы әкімінің құзіретін пайдалана отырып, тұрғындардың жағдайын дамыту бағытында тұрақты жұмыс атқарып, уақыт талабына сай жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында жергілікті қауымдастық және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жасай отырып, мемлекеттік басқарудан халықтық басқаруға қол жеткізу.
  2. Ниеттенген азаматтарды, төменгі пайызды несиелендіру мемлекеттік бағдарламаларына қатыстыру арқылы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.
  3. Қаладағы білім беру ұйымдарының тұрақты жұмыс жасауына, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге ықпал ету және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру.
  4. Қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалау. Аз қамтылған отбасылар, қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын үнемі назарда ұстау.
  5. Қала мәдениетінің дамуына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу.
  6. Қалаға табиғи газ келуіне, «Жастар орталығының» құрылысының басталуына және «Үш алып» ғимаратын жөндеуден өтуіне ықпал ету. Сонымен қатар, қаланың кіреберіс келбетін дұрыстау мақсатында, болашақта бұрынғы 7, 8, 9 шағын аудандар орналасқан жерлерге көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салуды қаланың негізгі бас жоспарына енгізу және іске асуына ықпал ету.
  7. Үй кезегінде тұрған азаматтарды, заң аясында тұрғын үй алуына ықпал ету.
  8. Тұрғындарға жер телімдерін заң аясында беру, пайдаланылмаған немесе игерілмеген жер телімдерін қаланың жер қорына қайтару.
  9. «Бүркітті», «Дегерес», «МЭЗ» елді мекендерінің инфрақұрылымын жақсарту (жолдарын жөндеу, жарықтандыру және т.б.).
  10. Көпқабатты тұрғын үйлердің алдын абаттандыру, балаларға арналған ойын алаңшаларын салу, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, қала бойынша сапалы спорт алаңшаларын салу.
  11. Құқық бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытында құқық қорғау органдарымен, жастар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасау.

Қаланың мәселелерін шешуге, жоғарыда көрсеткен сайлау-алды бағдарламамды нақты іске асыруға менің ерік-жігерім, білімім, тәжірибем және қажырлығым жетеді деп нақты сенемін.

Ең басатысы, халықтың аманатын орындауға бар күш-жігерімді саламын деп айта аламын.

Құрметті сайлаушылар!

Менің кандидатурамды қолдап, дауыс берсеңіздер, мен өзімнің білімімді, өмірлік тәжірибемді халық игілігіне жұмсауға сіздерді сендіремін.

Жаңатастың жарқын болашағын бірге қалайық!

ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ ӘКІМіне кандидат Домалақов Ілияс Әлімбайұлының

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАсы

1988 жылы 7 тамыз күні Талас ауданы Қаратау қаласында дүниеге келдім.

2006 жылы Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы қазақ орта мектебінде білім алдым.

2006-2010 жылдары Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқып бітіргем.

2020-2022 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмәмдадым.

2010-2012 жылдары Алматы қаласында «Каз-Логист» ЖШС-да «Сервистік менеджер».

2012-2014 жылдары Алматы қаласында «Адал» ЖШС-да Сүйемелдеу бөлімінің маманы.

2014-2015 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Өрлеу» пилоттық жобасының консультанты.

2015-2016 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде статист.

2016-2018 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы.

2018-2020 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы.

2020 жылы қыркүйек-қараша айларында Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің М.Әуезов атындағы мектеп – гимназиясы директорының ақпараттық технологиялар жөніңдегі орынбасары.

2021 жылы қаңтар-сәуір айларында Сарысу ауданы әкімі аппаратының сүйемелдеуші инспекторы.

2021-2023 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары.

2023 жылдың наурыз-маусым айларында Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры.

2023 жылдың маусым айында Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары.

2023 жылдың шілдесінен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жұмысты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы КММ-нің Сарысу ауданы бойынша Мансап орталығы филиалының директоры қызметін атқарып келемін.

Отбасылымын, 4 ұл тәрбиелеудемін.

Құрметті жерлестерім!

Мен Домалақов Ілияс Әлімбайұлы Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында туып-өстім. Туған жерімнің тарихында, басынан өткерген барлық даму кезеңдерін де жақсы білемін. 2014 жылдан бастап, осы өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына өз үлесімді қосып келемін. Мен әлеуметтік саланың маманы ретінде қаламыздың тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселелермен толық таныспын және халықтың аманат жүгін арқалаған азамат ретінде өзекті мәселелерді шешуге  үлесімді қосу мақсатымен қала әкіміне кандидат ретінде өзімді ұсынып отырмын. Өз кезегінде халқыма пайдамды тигізу, адал қызмет атқару осы елдің азаматы ретіндегі парызым деп білемін. «Халық билік үшін емес, билік-халық үшін» қызмет ететін кез келді деп ойлаймын.

Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, қала әкімі болсам, келесідей қаламыздағы өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға қызмет ететін боламын:

  1. Тазалық-саулық кепілі. Қаламыздың көркін қашырып тұрған қоқыс мәселесін шешу, уақытылы тазалау жұмыстарын ұйымдастыру. Әсіресе арық жүйелерін тазалау, әрбір шағын аудандардағы қоқыс жәшіктерін уақытылы жиналғанын қамтамасыз ету. Тұрғындармен келісе отырып, сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру.
  2. Қалаға көрік беру, абаттандыру. Әрбір шағын аудандардағы ескі тұрғын-үйлердің, сыртын әрлеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Қаламыздың көрікті демалыс орындары болып табылатын орындарды (орталық саябақ, шағын аудандар, басты әлеуметтік нысандар т.б.) абаттандыру.
  3. Қала тұрғындарымен тығыз байланыс орнату. Тұрғындардың өтініш-талаптарын тыңдау және заң аясында шешу, әр тоқсан сайын қала тұрғындарымен сұхбаттасу (брифинг) кештерін өткізу.
  4. Жастар саясатын қолдау. Жастарға дұрыс тәлім-тәрбие жұмыстарын күшейту және жұмыспен қамтуда көмек беру, кәсіпкерлікке сүйемелдеу жасау.
  5. Қаламыздың спорт саласын дамыту. Бұқаралық спортты насихаттау жұмыстарын жүргізу. Балалар мен жасөспірімдер арасында спорт секцияларын ұлғайту. Спорттық іс-шаралар өткізу.
  6. Қаламыздың инфрақұрылымын дамыту. Басты жолдарды және МЭЗ, Дегерес, Саяжай, (дача) Бүркітті елді мекендердің инфраструктурасын қалыптастыру. Көгілдір отын және сапалы электр энергиямен қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру.
  7. Кәсіпкерлікті қолдау. Шағын және орта бизнес иелерін арттыру. Мемлекет тарапынан берілетін бизнесті қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру.
  8. Қаланың бас жоспарына қаламызда шешімін таппай тұрған өзекті мәселелерді енгізу. (Қала тұрғындарымен келісе отырып)
  9. Қала мәдениетін қалыптастыру. Ретсіз, жүйесіз орналасқан нысандарды, көзге қораш көрінетін қоқыс үйінділерін реттеу жұмыстарын жүргізу т.б

Қымбатты жерлестер!

Сіздер өз таңдауыңызды дұрыс жасайды деп үміттенемін!

«Тазалық пен тәртіп арқылы, қаламыздың мәдениетін бірге қалыптастырайық»!

ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ ӘКІМіне кандидат Борсықов Дүйсенәлі Қыдырәліұлының

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАсы

Борсықов Дүйсенәлі Қыдырәліұлы – 1967 жылдың 10 қаңтарында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түркістан ауылында дүниеге келген.

Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.

1984-1989 жылдары Түркістан қаласындағы индустриялды педагогикалық техникумын және 2009 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Кәсіптік білімі» мамандығы бойынша бітірген.

1983-1984 жылдары Түркістан совхозында жұмысшы.

1985-1987 жылдары Кеңес әскері қатарында борышын өтеген.

1989-2001 жылдары Түркістан ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде нұсқаушы.

2001-2007 жылдары осы мектептің еңбек пәнінің мұғалімі.

2007-2013 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2013-2016 жылдары мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жылдары  Түркістан ауылдық округінің әкімі.

2019 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейін Жаңатас қаласының әкімі.

Отбасылы. 1 қыз, үш ұл тәрбиелеп отыр.

Құрметті Жаңатас қаласының тұрғындары!

Жаңатас қаласы әкімі лауазымына үміткер етіп ұсынылуым маған үлкен міндет жүктейтіндігін толық сезінемін.

Туған елдің, туған жердің өзекті өткір мәселелерін шешуге барынша атсалысуды өзімнің азаматтық парызым деп білемін. Сондықтан да, Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауында белгіленген міндеттер мен оларды жүзеге асыру жөніндегі Үкімет тапсырмаларын, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындау мақсатында, қала әкімі болып сайланған жағдайда төмендегі мәселелерді жүзеге асыру бағытында жұмыс атқарамын.

  1. Тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін.

— қарапайым заттар экономикасын жүргізу бағытында қосымша табыс көздерімен айналысуға бағытталған жұмыстарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, орындалуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргіземін;

— қалаға табиғи газ тарту жұмыстарын жүргізу барысын үнемі назарда ұстау және тұрғындардың қосылуын қамтамасыз ету, әк,гипс,алинекс т.б. жергілікті жердегі шикізаттарды өңдейтін шағын цехтардың ашылуына ықпал жасаймын;

—  қаладағы жарықтандыруды және жөндеуді қажет ететін көшелерді жарықтандыру  жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті мекемелер арқылы ықпал етемін;

  1. Тұрғын үй егелерін және жеке тұрғындарды ұйымдастыру, көше, көпқабатты үйлердің жетекшісін сайлау арқылы қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, қаланың құрылыс келбетіне сай шағын және көпқабатты үйлердің фасадтарын жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, сонымен қатар жертөлесі бар үйлердің инженерлік инфрақұрылымын жаңарту барысына жұмыстар жүргіземін;
  2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында балалар ойын алаңын, спорт құрылғыларын орнатуға ықпал жасаймын;
  3. Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетемін;
  4. Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан қорғауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акцияларын тұрақты түрде өткізуге ықпал етемін;
  5. Қаланың ішкі және сыртқы аумағында санитарлық тазалықты қалыпты деңгейде ұстау үшін тиісті техникалар мен күл-қоқыс тастайтын контейнерлерді талапқа сай пайдалануға ықпал ету, күл-қоқыс тастайтын контейнерлер орналасқан жерлерді асфальтпен, жарықпен және бейне бақылау камераларымен қамтамасыз ету жолында жұмыс жасаймын;
  6. Жаңатас қаласын көркейту, көгалдандыру, абаттандыру, көшелерге жол жүргізу, тротуарлар, бордюрлер салуға қаржының жеткілікті бөлінуіне ықпал ету, жасыл желектердің барынша көп отырғызылуына және күтіп бапталуын іске асыру бағытында жұмыс жүргіземін;
  7. Көпқабатты үйлер мен мекеме ғимараттарының қысқы жылыту маусымында жылумен сапалы қамтамасыз етілуін назарда ұстау;
  8. Қалаға қарасты аумақтағы жүргіншілерге кедергі келтіретін жол бойларына қажетті белгілер мен төсеніштер орнату, баспалдақтарды жөндеу көліктердің тұрақтарын ретке келтіру, көше жолдарын жөндеу жұмыстарымен айналысамын;
  9. Ашылатын жаңа жұмыс орындарының басым бөлігіне жұмыспен қамту орталығы мекемесімен бірлесе отырып жергілікті қала тұрғындарын орналастыруға ықпал ету;
  10. Қалада құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
  11. Қала ардагерлерімен, пәтер иелері, көше комитетінің төрағаларымен тығыз байланыста жұмыс жүргізу;
  12. Қала ішінде жолаушыларды тасымалдау мақсатында маршруттық автобустардың халыққа сапалы қызмет көрсетуіне жұмыс жасаймын.

Құрметті қала тұрғындары өздеріңіз сенім білдірген төрт жыл ішінде тұрғындардың сұраныс,ұсыныс,тілектерін жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар шешімін тапты. Сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді шешу жолында тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргіземін деп сіздерді сендіремін.

Предвыборная программа  Исентаева Абдуллы

Изатуллаевича,  кандидата в акимы города  Жанатас

Я, Исентаев Абдулла Изатуллаевич – родился в городе Жанатас 25 марта 1980 года. По сей день проживаю в родном городе.

В 1997 году закончил среднюю школу им. Ю.А.Гагарина, которая в настоящее время носит имя Абылай хана.

Высшее образование получил в 2002 году в Таразском государственном университете имени М.Х.Дулати, проучившись на экономическом факультете по специальности «Экономика природопользования».

Свой трудовой путь начал с занятия собственным делом, открыв досуговый развлекательный молодежный центр «Арай».

В 2001-2003 годы избирался в ряды районного комитета по делам молодежи, где занимался организацией различных досуговых и развлекательных мероприятий среди молодежи города и района.

С 2003 по 2010 год работал директором по производству мебели в ТОО «Алма Мебель» г.Алматы.

В 2011-2012 годы занимался индивидуальной предпринимательской деятельностью.

В 2013-2017 годах занимал должность заместителя директора ТОО «Корпорация «ZHTTYSY Group Corporation», где занимался строительством  железных дорог.

Начиная с 2018 года по сегодняшний день работаю директором ТОО «Жанару-2017».

Родившийся и выросший на святой земле Сарысу – я хорошо знаю историю родного края и те трудные времена, которые пережили мои земляки.

После получения высшего образования работал на производстве, активно вкладывал свой труд и знания в развитие региона, в частности в сферу обеспечения населения жильем, развития строительной отрасли и люди непонаслышке знают мои успехи и достижения в этом направлении.

Учитывая зависимость экономики нашего города от развития крупных градопреобразующих предприятий, неблагоприятную экологическую ситуацию и другие актуальные проблемы города, в своей предвыборной программе я представляю Вам следующие цели и задачи:

Пусть это и окажется каплей в море, но выдвигая свою кандидатуру на пост акима города Жанатас, готов служить своей стране и народу, создать условия для более комфортных условий жизни жителям  и гостям города.

Как кандидат на пост акима города, всесторонне изучив экономические и социальные аспекты города, предпочитаю организовать работу по следующим направлениям:

— создание ответственного органа эффективной системы управления;

— развитие коммуникативных отоношений между местными исполнительными органами и жителями;

— динамичное развитие и рост экономики города;

— развитие и строительство инфраструктуры: газ, вода, дороги, электричество;

— развитие сельского хозяйства;

Дети – наше будущее и создание для них комфортных условий и обеспечение безопасности является приоритетной задачей для всех.

Именно поэтому, создаваемые игровые и спортивные площадки для детей, необходимо строить и благоустраивать, уделяя большое внимание их качеству.

— эффективность занятости и обеспечения населения жильем;

— модернизация жилищно-коммунального хозяйства, максимальный вклад в вопросы строительства нового жилья;

— развитие социальной сферы;

— проведение работ по благоустройству и санитарной очистке города;

— облагораживание парка в современном направлении – моя главная цель (аттракционы, аквапарки и т.п.)

— рассмотрение путей открытия в городских парках объектов малого бизнеса в формате этно-аулов национального стиля, пропагандирующих национальные традиции и музыку;

В целях формирования здорового образа жизни и развития сферы здравоохранения, способствования правильного здоровья подрастающего поколения молодежи, рассмотреть эффективные пути строительства малого закрытого спортивного комплекса и бассейна, соответствующих современным требованиям.

Я осознаю, что  оказание Вами доверия и возложение ответственности  в такое непростой период, будет испытанием для каждого.

УВАЖАЕМЫЕ МОИ ИЗБИРАТЕЛИ!

Как гражданин, несущий свой вклад в социально-экономическое развитие города и района,  хочу заявить, что в ближайшее время проявлю  все свои силы и возможности для достижения целей и задач, которые я выдвинул как кадидат на пост акима города.

Я считаю, что у мен достаточно жизненного опыта и знаний для реализации всех программ вышеназванных направлений.

Я готов служить народу и мне очень дорого будущее каждого жителя!

При помощи Вашей поддержки как аким города, вложу все свои усилия для решения поставленных проблем и задач!

ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ ӘКІМіне кандидат Жанкужаев Самат Болатұлының

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАсыМен, Жанкужаев Самат Болатұлы, 1988 жылдың 4 мамыры күні Жаңатас қаласында дүниеге келдім. 1995-2004 жылдары Жаңатас қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы (қазіргі Д.Қонаев)орта мектепте оқып, 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы М.Әбенова атындағы орта мектебіне ауысып, 2006 жылы бітірдім. 2006-2010 жылдары Түркістан қаласына Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ -түрік университетін есеп және аудит мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек жолымды 2010- 2011 жылдары аудандық орталық ауруханада оператор қызметімен бастап, 2011-2015  жылдары Жаңатас қалалық “Аула клубы” КММ-сі директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, 2018-2019 жылдары аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға- психолог маманы болып қызмет атқардым. 2019-2020 жылдары Жаңатас қалалық «Алуа клубы» КММ-сінде инженер программист болып жұмыс жасадым.

2019 жылдан бері ауданда талай қайырымдылық істердің жаршысы болып жүрген “Аманат Сарысу — 2050” қоғамдық қорының директоры болып қызмет атқарамын.

Жұмыстан тыс уақытта отбасылық той-думандарда асабалық қызметті де қатар алып жүрмін. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласамын.

Құрметті жерлестер!

Бақ пен еңбек қатар шапқан сындарлы сәтте өзімнің жинаған азды-көпті тәжірибелерімді Сіздермен бөлісіп, ел алдындағы мәселелерді тың идеялармен шешуге үлес қосқым келеді. «Жас келсе — іске» демекші, өзіме артылатын жүктің салмағын сезініп, сара жолда сынып қалмай сүбелі еңбек еткім келеді. Сайлаушылардың сенімін ақтап, қала әкімі болсам әуелі мынадай жұмыстарға басымдық беретін боламын;

  1. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға арналған бірқатар жобаларды ұсынамын. Атап айтсам, жастардың бос уақытын тиімді іске асыруға арналған «Жастар сарайын» салуға бар күшімді жұмсаймын;
  2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі тренажерлық құрылғылар мен стрит-воркауттардың көптеп салынуына ықпал етемін. Орталық стадионды қайтадан қалпына келтіріп, халық игілігіне беремін;
  3. Қаладағы өзекті мәселелердің бірі қаңғыбас иттер болып отыр. Оларды аулау үшін арнайы жоба әзірлеп, тиісті шаралар қабылдайтын боламын;
  4. Мемлекеттік бағдарламаларды аудан көлемінде кеңінен насихаттауға, сондай-ақ, іске асыруға үлес қосамын;
  5. Қала ішінде қоқыстан тазарту жұмыстарын жүйелендіру керек. Уақытылы алынбаған қоқыстар қаламыздың сәнін кетіреді;
  6. Жарықтандыру мәселесі. Қаладағы шет елді мекендерге жарық мәселесі әлі де өзекті проблема болып тұр. Көшелерде қараңғы жерде жүру қауіп тудыруда. Осы ретте, жарықты толық қамтамасыз етемін. Оған арнайы бақылау қоямын;
  7. Аудандық орталық аурухананың сапасы сын көтермейді. Ғимарат ескірген. Осыған байланысты, ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземін. Қажеттілікке орай, жаңа аурухана салуға инвестиция тартамын.

Қадірменді сайлаушылар!

Сенім мен ыстық ықыластың арқасында алдағы сайлауда мен бағымды сынап көруге күш саламын. Өзіме артылған міндеттерді мүлтіксіз орындап, мәселелерді мұқият қарауды талқыланбайтын парызым деп білемін. Менің мақсатым – күрмеуі шешілмеген қиындықтарға қарамастан табандылықпен күресуде күш –жігерімді жұмсаймын. Сіздердің дұрыс таңдау жасайтындарыңызға сенім білдіремін және сенімдеріңізді ақтаймын. Сайлауда белсенділік танытып, маған дауыс беруге шақырамын.

Жаңа Қазақстанды бірге құрып, мықты мемлекеттің мызғымас тірегі болайық!

ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ ӘКІМіне кандидат Болат Садуақасовтың

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАсыМен, Болат Мәлікайдарұлы Сәдуақасов Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылында 1967 жылы 3 қыркүйекте дүниеге келгенмін. Білімім – жоғары. 2009 жылы  М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Құрылыс-инженер» мамандығын бітірдім.

2013 жылы  М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Экономист» мамандығымен бітіріп шықтым.

1995-1999 жылдары  ЧП «Садуақасов Серикбек Маликайдарович», коммерциялық директоры, 2000-2004 жылдары Тараз қаласындағы «Қадам-34» ЖШС атқарушы директор, 2004-2007 жылдары «Ақ бөкен-Тараз» ЖШС-нің атқарушы директор, 2008-2010 жылдары «ШАРАПАТ-ҚҰРЫЛЫС-2030» ЖШС атқарушы директорлық қызметтерін атқардым.

2010-2011 жылдары «Тілік-Баба» Қоғамдық қорының президенті, 2011-2013 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің  ТҮКШ және АЖ бөлімінің  «Көгалдандыру және көріктендіру» ШЖҚ КМК директоры.

2023-2020 жылдары «Сағыныш-Құрылыс  2030» ЖШС-нің атқарушы директоры,

2020 жылы «Сарысу сулары» ШЖҚ КМК директордың міндетін атқарушы ,

2020-2022 жылдары   «Сарысу сулары» ШЖҚ КМК директоры, 2022 жылдан  осы уақытқа дейін «Сағыныш-Құрылыс  2030» ЖШС-нің атқарушы директоры қызметін атқарып келемін.

V шақырылымның Сарысу аудандық мәслихат депутаты болдым.

«Қазақстанның егемендігіне 10 жылдық» медалімен марапатталдым.

«Қазақстан егемендігінің 20 жылдық» медалімен марапатталдым .

«Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен және Құрмет грамоталарымен марапатталдым.

Құрметті сайлаушылар!

Ең бірінші өзімнің күш-жігерімді Жаңатас қаласының гүлденуі мен өркендеуіне арнаймын. Барлық жинаған тәжірибемді ел игілігіне арнап, халықтың бірлігі мен ынтымағына жұмыс жасаймын.

Президентіміздің ел игілігі үшін жасап жатқан мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асуына атсалысып, қала экономикасының өрлеуіне, қала халқының әлеуметтік тіршілігінің жақсаруына бағытталған жұмыстардың нақты жүзеге асуына барлық күш-жігерімді бағыттаймын.

Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға, қала экономикасындағы жалпы өнімде бұл саланың үлес салмағының артуына күш саламын.

Жұмыссыздықтың деңгейін төмендетуді жалғастырамын.

Жұмыс істемейтін отбасыларды еңбекпен қамту бағытында жұмыс жүргіземін.

Қала халқының, әсіресе жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, дене шынықтыру, спортпен айналысуына жағдай туғызамын.

Қаладағы негізгі көше бойларындағы ғимараттардың  сәулеттік  келбетін  әрлеп,  жақсартуға және жаңа технологиялық құрылғылармен жабдықталуын қолға аламын.

Қаланың көшелерін жөндеу, көгалдандыру, көше мен үй аулаларының жарықтандырылуы, көше бойының абаттандырылуы басты назарымда болады.

Алдағы мақсат мұнымен шектелмейді. Күнделікті қажетті мәселелерді күн тәртібінен түсірмей шешуге атсалысу – менің басты бағыт-бағдарым болып қала береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.