Ықылас Дүкенұлының мұрасы ұрпаққа аманат

0

Ықылас Дүкенұлы-қазақтың  әйгілі күйші қобызшысы. 1843 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы, Мұңлы-Қулы тауларының етегінде дүниеге келген. 1916 жылы Дүниеден озған соң, ауданымыздың төменгі шу бойындағы қуаралдан топырақ бұйырған.

Ықылас жастайынан бойына біткен асқан табиғи талантының арқасында қобызға ерте әуестеніп, есейе келе дарынды композитор дәрежесіне көтерілді. XIX ғасырда халық аспаптар классигіне айналды. Оның қобызға арналып шығарылған күйлері өзінің аса көркемдік дәрежесімен ерекшеленді. Қазақстанның музыкалық алтын қорына енген.

Ықыластың танымал туындылары, қобыз музыкасының шебері атанған «Қасқар», «Ықылас» деп. Оның «Кертолғау», «Ерден», «Жалғыз аяқ», «Жарым патша», «Жезкиік» сияқты күйлерінде өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық әлеуметтік көріністері бейнеленсе, «Қамбар — Назым», «Айрауық», «Қазан» сияқты күйлері ел арасында, шет елдерге кеңінен таралған. Ықылас Дүкенұлының бай мұрасын ел ішінде таратушылар мен насихаттаушылар қатарынан Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Жаппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаев кезінде Қазақстанның Құрманғазы атындағы институтында сабақ берді. Жерлестерінен Сағынтай Еламанов қобызшы шығармашылығымен өмір жолы кезінде Сәкен Сейфуллин, Ахмет Жұбанов бертін келе Қазақстанға еңбек сіңірген қызметкер, профессор, музыка зерттеуші әрі жазушы Ілия Жақановтың «Ықылас» атты романы бар. Ақселеу Сейдімбеков зерттеген Ықылас күйлерін төрткүл дүниеге симфония арқылы жеткізе білген. Сарысулық Алдаберген Мырзабеков ұлы күйшінің бай мұрасын, оның өмір жолын ел арасында кеңінен танымал етті. Сонымен қатар аудандағы Ықылас Дүкенұлы атындағы ауылдық саз мектебінің алдында ұлы күйшінің бюсті, Жаңатастан Байқадамға кіре беріс тас жол бойында ескерткіш мавзолейі және Сарысу аудандық Төкен Мақашов атындағы тарихи-өлкетану музейінде бұрыш ашылған. 

«Sarysý-Aqparat»

Їздік шекарашы

Отанды қорғау — абыройлы міндет. Жүрегі елім деп соғатын  ұландар ұлт намысы үшін тік тұрып шекараны қорғауда. Ұлан-ғайыр жеріміздің шетін жауға басқызбай қырағылық танытқан ержүрек сарбаздарымыз сара жолда сүрінбеуді алдарына мақсат етіп жүр.

Осы орайда, ауданымызда Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген жалынды жастар елдіктің туын нық ұстап тұр.

Жуырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің қатарында мерзімді әскери қызметін абыроймен  атқарып жүрген жерлесіміз Мүшбаев Шыңғыс Мыңбайұлы әскери қызмет барысында  ерекше көзге түсіп «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Отан алдындағы қызметті адал атқарып жетістікке жетіп жүрген жас өреннің бұл жетістігі ізінен еріп келе жатқан іні буын өкілдеріне нағыз үлгі болары анық. «Отанды қорғау отбасыдан басталады» демекші, ұлының жетістігін мақтан тұтқан әкесі Мыңбай Мүшбайұлы қазіргі таңда аудандағы іргелі ауыл Саудакенттегі спорт мектебінің директоры.  Кезінде облыстың түйе палуаны атанған, аудандық мәслихаттың бірнеше шақырылымының депутаты болған елінің сыйлы азаматы.

Ендеше, текті елдің төре болар ұрпақтары ұлттың тыныштығын күзетуде мұқалмас төзім мен асқан қайсарлық тілейміз!

Самат Тоқбанов,  

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.