Өнерлі өрге озар

0

Апта сайын ұйымдастырылатын шараны бейсенбі күні Жаңатас көпсалалы колледжінің ұжымы өткізді. Салтанатты кешті мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, қала тұрғындары мен жас-тар тамашалады.

Әнмен өрілген кешті білім ордасының белсенді қызметкерлері Б.Аманбаев пен Н.Шалғынбаева жүргізді. Халыққа көңіл күй сыйлаған кеште күміс көмей әнші Ә.Нұрғалиқызы «Әгугай» әнін тарту етсе, М.Жәңгірұлы «Бір шәугім шәй» әнін орындады. Колледж студенттерінен құралған «Жаңа Париж — Жаңатас» жайдарман командасы өнер көрсетіп, әзілдерімен көпшіліктің көзайымына айналды. Бұдан кейін ұйымдастырушылар тарапынан ауданымыздың тарихы мен әкімшілік бөлінісі, сонымен қатар, танымал тұлғалары туралы сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар тапсырды. Сәні мен салтанаты жарасқан шара көпшілікке ұмытылмас сәт сыйлады. Өнермен өрнектеген кештің бір парасы осылай аяқталып, көрермен болған тұрғындар шаттықпен тарқасты.

С.қуандықұлы,

 «Sarysý»

Тамыз конференциясы

елімізде Жаңа оқу жылы қарсаңында тамыз конференциясын өткізу игі дәстүрге айналған.  осыған орай,  аудан әкімдігінің мәжіліс залында  «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында аудандық тамыз конференциясы болып өтті.

Конференция жұмысын аудан әкімі С.Мамытов кіріспе сөзбен ашып, жүргізді.

Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков құттықтау сөз сөйлесе, аудандық білім бөлімінің басшысы И.Баймағамбетов өткен оқу жылының қорытындысы және алдағы атқарылатын міндеттер бойынша баяндама жасап, білім беру саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын, саладағы негізгі басым бағыттарды атап өтіп, жаңа оқу жылының басты ерекшеліктеріне тоқталып, оқу жүйесінде іске асатын бас-ты мақсат – міндеттерді тілге тиек етті.

Сондай-ақ білім саласының ардагері С.Қырғызбаев ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиын барысында   аудан әкімі С.Мамытов сөз сөйлеп, білімі терең, ойлы, еңбекқор және отаншыл ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті екендігін, сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктелетіндігін айтып, алдағы уақытта аудандағы білім беруді одан әрі жетілдіру үшін аудандық білім бөліміне бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген ұлағатты ұстаздарға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ білім беру жүйесін жетілдіруге елеулі үлес қосып келе жатқан бірқатар ұлағатты ұстаздар ҚР оқу-ағарту Министрлігінің, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының, аудан   әкімінің, аудандық мәслихаттың, аудандық білім бөлімінің, «Amanat» партиясы аудандық филиалының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды.

Cәулет Есқараев,  

«Sarysý»

Бойына сан

талантты сыйдырған

Ауданымыздың тарихы мен әр тасын жетік біліп, халыққа жеткізіп жүрген Дарабоз жазушы, ауданның Құрметті азаматы Пернебай Дүйсенбин 80 жасқа толып отыр. Аудан ғана емес облыс, тіпті рес-публика көлемінде есімі танымал қаламгердің тынымсыз еңбектері мен толағай табыстарына аудан жұртшылығы куә.

Шежіре мен шерлі сырларды бойына сіңіріп, жас ұрпаққа насихаттап жүрген мерейтой иесі үнемі ізденіс үстінде тыңнан хабар, тамырлы тарихтан тағылымдарды табуда.  Майталман жазушыны еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін құрмет тұтып, төрден орын береді. Қазақта «Мүсіреповті мақтамайық, Мүсіреповпен мақтанайық» деген керемет сөз бүгінгі кейіпкерімізге арналғандай. Көзі қарақты, көкірегі ояу әр азамат Пернебай Дүйсенбинмен мақтанады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында белгілі балалар жазушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері,  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Пернебай Дүйсенбиннің туғанына 80 жыл толуына орай «Дарынымен дараланған дарабоз»  атты дөңгелек үстел өтті. Кешке Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, академик, профессор Бауыржан Жақып, белгілі ғалым, жазушы, публицист Бейбіт Қойшыбаев, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Балбұлақ» журналының бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы Мағира Қожахметова, журналист, сыншы, әдебиеттанушы Әлия Бөпежанова, белгілі зерттеуші, этнограф, жазушы Тынышбек Дайрабай,  Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұлов, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман, Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты Айтбала Жолмаханова, жазушылар, өнертанушылар, ғалымдар, белгілі өнер адамдары, әншілер, жазушының шәкірттері қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. Керемет көңіл күймен өткізілген кездесуді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, жазушы Қали Сәрсенбай жүргізді.

Шара барысында жазушының шәкірттері,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, дәстүрлі әншілер Сәуле Жанпейісова мен Ардақ Исатаева, ҚР Мәдениет және білім беру саласының үздігі Торғын Смайылова, ҚР мәдениет саласының үздігі, күйші Саян Ақмолда ұстаздарына арналған мерейтойлық жылы лебіздерін білдіріп, әнмен шашу шашып, қыл қобызбен күй орындады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тағылымы мол шараға арнайы қатысқан облыстық мәслихат депутаты Айтбала Жолмаханова алған әсерімен бөлісті:

— Өнер қасиетті ұғым ғой. Шығармашылықты сезіне білген жанға бұл кеш рухани азық болары сөзсіз. Керемет сәттен алған әсерлерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Алматының төрінде өткен ауқымды шарада шабытты жырлар мен шырқалған әндердің куәсі болып қатысқаныма қуаныштымын. Пернебай ағамыздың біраз қырларын шәкірттері айтқанда,  ағамызға   деген  ыстық ықылас  одан сайын арта түсті. Сарысудың топырағында туылып, сар даланың саңлағына айналған тау тұлғамызды әрдайым биік көреміз. Пернебай Дүйсенбин ойы ұшқыр, озық туған кемел білімнің иесі. Қалам тербеумен қатар, суретті де жан кіргізіп тұрып салады. Әсем табиғатпен сырласып, таңғажайып әлемге толы тылсым құдіретті бойына сіңіре білген дарын иесінің болмысы да бөлекше. Ауданымыздың Құрметті азаматына арналған кездесуден мен осындай ойларды түйдім, — деді.

Айта кетейік, қарт қаламгердің мерейтойына арналған шаралар аудан көлемінде аталып жатыр.

Самат Тоқбанов, «Sarysý»

«Мектепке жол»- жаќсылыќтыѕ бастауы

Елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді. Жылына бір рет 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін акция биыл да өз жалғасын табуда. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Мектепке жол» акциясына жаңашылдық енгізілген болатын. Яғни бұл акция оқу жылы қарсаңында тек екі ай ғана емес, жыл бойы іске асады. 2023-2024 жаңа оқу жылы қарсаңында Абылай хан атындағы мектеп -лицейі тұрмысы төмен оқушыларға мектепке дайындықты қажет ететін отбасының балаларына мектеп формасы, спорттық киімдер, оқу құралдарын алып беріп балаларға қуаныш сыйлады.

Аталмыш игі шара Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында да жалғасын тапты. Мектеп ұжымының ұйытқы болуымен  аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы 6 оқушыға 50 мың теңгеге оқу құралдарына қаржылай көмек көрсетілсе, «АMANAT» партиясының демеушілігімен аз қамтылған отбасындағы 1-сынып оқушысына оқу-құралдары мен сөмке тарту етті.

Игілік ауылдық округіне қарасты. Ж.Отарбаев атындағы  орта мектебінде аз қамтылған отбасылардағы 44 оқушының ата-анасына оқу құралдары мен мектеп формасын алуға көмек ретінде 40 мың теңгеден қаржы аударылды. Өндіріс ауылының жастары абыройлы іске бастама болған мектеп түлектері атынан 7 балаға жалпы құны 150 мың теңге болатын мектеп формасы мен оқу құралдарына, «АMANAT» партиясы аудандық филиалының демеушілігімен 1 оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын және Игілік ауылдық округ әкімшілігі, Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектеп ұжымы, Өндіріс ауылдык клуб үйі, Өндіріс ауылдық кітапхана қызметкерлері 3 оқушыға 120 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.

Қалай десек те, баланы мектепке дайындау – ата-ананың борышы. Соңғы қаражатын жұмсаса да, әр ата-ана баласының көңілін табуға ұмытылады. Алаңсыз ойын баласы мектепке барар сәтте ешкімнен кем болмай, білім нәріне қаныққаны қоғам үшін де пайдалы. Аталмыш акция көптеген отбасыға зор көмегін тигізді десек шындықтың ауылынан алыстамаймыз. «Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі» демекші, акция барысында қол ұшын созып, болашақ ұрпаққа қамқорлық танытқан жандардың көптігі қуантады. Ендеше, күз айының алғашқы күнінен басталатын оқу жылына сақадай сай болуға қам жасаған мектеп оқушыларына сәттілік тілейміз. Алғашқы қоңырауда көздерінде қуаныштың нұры шашылған оқушыларды көргіміз келеді және солай болады да.

С.қуандықұлы,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.