Қуаныш сыйлады

0

Ауданымызда атымтай жомарт жандар

сауапты істе аянып қалмауда.

Аптаның басында аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Мұсабеков, аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Тілеубаев және «Жарас» ЖШС-нің өкілдері Жаңатас қаласының тұрғыны 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматына Шоқпарова Жанар ханымның үйіне арнайы барып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арба-кресло сыйға тартты. Шарада аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков ізгі тілегін жеткізіп, игі істердің маңыздылығына тоқталды. Аталмыш шараға «Жарас» ЖШС-сі мұрындық болып демеушілік танытты. Күтпеген сыйлықпен қауышқан Жанар ханым өз кезегінде ұйымдастырушыларға және демеушілік танытқан аталмыш ұжымға риясыз алғысын білдірді.

С.Тоқбанов,

«Sarysý»

Тазалық айлықтары басталды

Аудан көлемінде абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі күзгі екі айлық жұмыстары 2023 жылдың 2-қыркүйек пен 4-қараша аралығында ұйымдастырылсын.

Қоса беріліп отырған күзгі екі айлық жұмыстарын ұйымдастыру және орындалуын қадағалау жөніндегі аудандық штаб құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Аудандық штабқа қажетті бөлім мен кәсіпорын басшыларының келісімдері бойынша қатыстырып отыру тапсырылсын.

Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдеріне:

1) күзгі екі айлық кезеңінде атқарылатын жұмыстардың іс-шараларын дайындап және бекітіп, оның көшірмесін аудандық штабқа тапсыру;

2) абаттандыру, көгалдандыру, тазарту жұмыстарымен бірге, көшелердің жарықтандырылуын, сәулет нысандарын ретке келтіру, спорт алаңдары мен монументтерді жөндеу;

3) өз аумақтарында күзгі екі айлық жұмыстары бойынша қоғамдық ұйым өкілдерін қатыстыра отырып, комиссия құру міндеттелсін.

Жаңатас қаласы мен ауылдық округ аумақтарында орналасқан заңды тұлғалардың және кәсіпкерлік нысан басшыларына өз ғимараттарының сыртқы келбетін, қоршауын жөндеуден өткізіп, белгіленген орындарда аулаларына тиісті дәрежеде тазалау жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.

Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету аудан әкімінің орынбасары Серимов Қайрат Маратұлына жүктелсін.

С.МАМЫТОВ, аудан әкімі

Хабарландыру

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші қыс кезеңіне қажетті көмірлерді қазіргі кезде сатып алуға шақырамыз. Себебі, қыс айларында шойын жолда вагон тапшылығы болуына байланысты уақытылы көмір келмеуі және уақыт өте келе баға қымбаттап кетуі мүмкін. Сондықтан қазірден бастап жеткілікті мөлшерде көмір сатып  алуға қамданыңыздар .

Жаңатас қаласында Ынтымақ Шералиевтің көмір қоймасында  Шұбаркөл көмірінің 1 тоннасы – 25 500 теңге,  Қаражыра көмірінің 1 тоннасы-24000 теңгеден сатылуда.

Сарысу аудандық  ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі.

Уведомление

Вниманию жителей района, предлагаем купить уголь необходимый для зимнего сезона. Это связано с тем, что в зимние месяцы из-за нехватки вагонов уголь может не прибыть вовремя, и со временем цены могут стать выше. Поэтому с этого момента позаботьтесь о покупке достаточного количества угля .

В городе Жанатас на угольный склад «Шералиев» реализуется уголь Шубарколь – тонна за 25 500 тенге, Каражыра – 24 000 тенге.

Отдел ЖКХ, ПТ, АД и  ЖИА

 Сарысуского района

Сессия өтті

аптаның сейсенбісі күні аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалық етуімен сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 7-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Қ.Аманов және тиісті әкімдік бөлімдер, кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 7-і сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, тиісті шешімдер қабылдады. Атап айтқанда:

  • 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №37-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  • Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы комиссиялар құрамдарын бекіту және кейбіреулеріне өзгерістер енгізу туралы.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша хабарламашылар сөз алды. Депутаттар қойған сұрақтарға сол сессияға қатысқан мекеме басшылары қосымша қанағаттанарлық жауаптар берді. Аудан бюджетінің қаражаттары нысаналы жоспарланғаны айқындалды. Сессия жұмысын аудан әкімінің  орынбасары Қайрат Тілеубайұлы қорытындылады. Депутаттар тараптарынан көтерілген қосымшалар мен ұсыныстар қабылданып, алдағы өтетін сессияларға ұсынылатындығын айтты.

Аудандық мәслихат аппараты

«Мектепке жол»- жаќсылыќтыѕ бастауы

Елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді. Жылына бір рет 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін акция биыл да өз жалғасын табуда. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Мектепке жол» акциясына жаңашылдық енгізілген болатын. Яғни бұл акция оқу жылы қарсаңында тек екі ай ғана емес, жыл бойы іске асады. 2023-2024 жаңа оқу жылы қарсаңында Абылай хан атындағы мектеп -лицейі тұрмысы төмен оқушыларға мектепке дайындықты қажет ететін отбасының балаларына мектеп формасы, спорттық киімдер, оқу құралдарын алып беріп балаларға қуаныш сыйлады.

Аталмыш игі шара Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында да жалғасын тапты. Мектеп ұжымының ұйытқы болуымен  аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы 6 оқушыға 50 мың теңгеге оқу құралдарына қаржылай көмек көрсетілсе, «АMANAT» партиясының демеушілігімен аз қамтылған отбасындағы 1-сынып оқушысына оқу-құралдары мен сөмке тарту етті.

Игілік ауылдық округіне қарасты. Ж.Отарбаев атындағы  орта мектебінде аз қамтылған отбасылардағы 44 оқушының ата-анасына оқу құралдары мен мектеп формасын алуға көмек ретінде 40 мың теңгеден қаржы аударылды. Өндіріс ауылының жастары абыройлы іске бастама болған мектеп түлектері атынан 7 балаға жалпы құны 150 мың теңге болатын мектеп формасы мен оқу құралдарына, «АMANAT» партиясы аудандық филиалының демеушілігімен 1 оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын және Игілік ауылдық округ әкімшілігі, Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектеп ұжымы, Өндіріс ауылдык клуб үйі, Өндіріс ауылдық кітапхана қызметкерлері 3 оқушыға 120 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.

Қалай десек те, баланы мектепке дайындау – ата-ананың борышы. Соңғы қаражатын жұмсаса да, әр ата-ана баласының көңілін табуға ұмытылады. Алаңсыз ойын баласы мектепке барар сәтте ешкімнен кем болмай, білім нәріне қаныққаны қоғам үшін де пайдалы. Аталмыш акция көптеген отбасыға зор көмегін тигізді десек шындықтың ауылынан алыстамаймыз. «Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі» демекші, акция барысында қол ұшын созып, болашақ ұрпаққа қамқорлық танытқан жандардың көптігі қуантады. Ендеше, күз айының алғашқы күнінен басталатын оқу жылына сақадай сай болуға қам жасаған мектеп оқушыларына сәттілік тілейміз. Алғашқы қоңырауда көздерінде қуаныштың нұры шашылған оқушыларды көргіміз келеді және солай болады да.

С.қуандықұлы,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.