КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Аптаның жұмасында аудандық мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының кезекті XXXIX есеп беру-сайлау конференциясы өткізілді.
Конференцияға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының проректоры Асқар Абдуалы, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, облыстық мәслихат депутаты Айтбала Жолмаханова, «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалы Саяси кеңесінің Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және «AMANAT» партиясының облыстық және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. 1- ші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2021-2023 жылдары атқарған есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы партияның аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев баяндама жасады. Баяндаманы талқылау барысында сөз алған партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асанбай Сейналиев есеп беру — сайлау конференцияның маңыздылығына тоқталып, алдағы жұмыстарды атқаруда партия мүшелерін сапалы істерде белсене атсалысуға шақырды. «Игілік» бастауыш партиясының төрайымы, делегат Дариға Ыдырысова да сөз сөйлеп, партияның потенциалының жоғары екендігін айтып, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі. Екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының Саяси кеңесін сайлау туралы партияның «Жаңаталап» бастауыш ұйымының төрайымы Самал Тайжанова ұсыныс берді. Хабарлама делегаттар арасында дауысқа түсіп барлығы бірауыздан Саяси кеңестің мүшелері 13 адамнан болсын деген шешім шығарды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының Саяси кеңесіне конференцияның кейбір өкілеттіктерін беру туралы баяндама жасаған партияның аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі» Жарғысының 9.6 тармағына сәйкес партия Сарысу аудандық филиалының Саяси кеңесіне аудандық мәслихат депутаттығына және мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы өзге де сайланбалы лауазымдарға кандидаттарды заңнамаға сәйкес ұсыну өкілеттіктері берілуі жөнінде ұсынысын жеткізді. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының XXXII есеп беру — сайлау туралы делегат Мадина Пірімбек ұсыныс жасады. Талқыланған мәселелер толық қаралып қаулылар қабылданған конференция барысында түйткілді мәселелер мен нақты жоспарлар айтылды.
Жиынды қорытындылаған «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов атқарылып жатқан жұмыстарға оң көзқарасын білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, азаматтардың жеке өтініштерін сапалы әрі жылдам шешудің тетігін қарастыру керектігін айтып, маңызды мәселелер шешімін табатындығын жеткізді. Бұдан кейін конференция «AMANAT» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің отырысымен жалғасын тапты.
Самат Тоқбанов, «Sarysý»