САРЫСУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ САЙЛАУ ОКРУГІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

0

2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, Сарысу аудандық сайлау комиссиясы сайлау округінің тізімі мен шекаралары туралы хабарлайды.

Жаңатас  сайлау округі бойынша:

— шекаралары Жаңатас қаласы.

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы: Жаңатас қаласы, 1 шағынаудан, Бейбітшілік көшесі №2, телефон 6-20-25.

 Сообщение  Сарысуской районной избирательной комиссии  о границах избирательных округов

В соответствии с календарным планом основных мероприятий по подготовке и проведению выборов акима города Жанатас Сарысуского района, назначенных на 17 сентября 2023 года, Сарысуская районная избирательная комиссия сообщает список о границах  избирательного округа.

Жанатасский  избирательный округ:

— границы города Жанатас.

Сарысуская районная избирательная комиссия расположена по адресу: город Жанатас, 1 микрорайон улица Бейбитшилик №25, телефон 6-20-25.

Сарысу аудандық  сайлау комиссиясының хабарламасы (Жаңатас қаласы 1 шағын аудан, Бейбітшілік көшесі №25,

 телефон 6-20-25)

2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Сарысу ауданы Жаңатас қаласының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жос-парына сәйкес, Сарысу аудандық сайлау комиссиясы келесі құрамы жөнінде хабарлайды:

Комиссия төрағасы Шортанбаев Даулетберди Амангельдиевич;

Комиссия төрағасының орынбасары Имашев Ерлан Оспанбекович;

Комиссия хатшысы Ерсейтова Лаззат Карижановна;

Комиссия мүшелері: Кужаназарова Светлана Ергалиевна, Домалаков Ильяс Алимбаевич, Дәуренбекқызы Алима.

Сообщение Сарысуской районной избирательной комиссии (город Жанатас 1 микрорайон, улица Бейбитшилик №25, телефон 6-20-25)

В соответствии календарным планом основных мероприятий по подготовке и проведению выборов акима города Жанатас Сарысуского района, назначенных на 17 сентября 2023 года, Сарысуская районная  избирательная комиссия сообщает о составе комиссии:

Председатель комиссии Шортанбаев Даулетберди Амангельдиевич;

Заместитель председателя комиссии Имашев Ерлан Оспанбекович;

Секретарь комиссии Ерсейтова Лаззат Карижановна;

Члены комиссии: Кужаназарова Светлана Ергалиевна, Домалаков Ильяс Алимбаевич, Дәуренбеккызы Алима.

Азаматтардың МӘМС үшін төлеген ақшасы қайда кетеді?

Менің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандаруға аударған жарналарым қайда, Қорға қанша ақша жиналды, емханаға бармасақ ақшаларымыз күйіп кете ме? Бұл сұрақтар әлеуметтік желіде жиі қойылады. МӘМС жүйесі 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанына және оны енгізу туралы ақпарат үнемі жарияланып тұрғанына қарамастан, азаматтардың көпшілігі әлі күнге дейін жарналар мен аударымдар қайда кететінін аңғармайды. Бұл сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалы жауап берді. «МӘМС жүйесі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, қаржыландыру тапшылығын төмендету қажеттілігіне байланысты енгізілген. Егер 2019 жылы денсаулық сақтау саласына 1,03 трлн теңге бөлінген болса, 2023 жылға қазірдің өзінде 2,5 трлн теңге қарастырылған. Бұл көрсетілетін медициналық қызметтердің санын ұлғайтуға мүмкіндік берді, соған сәйкес, азаматтардың көпшілігі барынша медициналық көмекке жүгіне алады»- деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Ляззат Алимова

МӘМС үшін ақша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі ме?

Көптеген адамдар МӘМС төлемдері Қорға түседі және ол қаражатқа өз қалауы бойынша жұмсайды деп қателеседі. Жарналар мен аударымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі (яғни, тікелей Қорға емес), олар басқа мақсаттарға жұмсалынбайды.

Жарналар қайда кетеді?

Ұлттық банктегі арнайы шоттан бұл қаражат медициналық ұйымдарға – Қордың жеткізушілеріне – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтерге төлем ретінде жіберіледі. Яғни, сақтандырылған азаматтар МӘМС тізбесіне енгізілген барлық қажетті медициналық көмекті денсаулық көрсеткіштері бойынша тегін алады, олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

Мысалы, 2022 жылы МӘМС шеңберінде көрсетілген медициналық көмекке шамамен 836 млрд теңге жұмсалды.

МӘМС-ға қанша қаражат түсті?

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде 590,8 млрд теңге көлемінде жарналар мен аударымдар түсті. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары – 37,7%, халықтың жеңілдікті санаттары үшін мемлекеттің жарналары – 33,2%, қызметкерлерден түскен жарналар – 24%-ды құрады, басқа төлеушілер (жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, дербес төлеушілер) – 5,1%.

Бұл қаражат МӘМС жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем ретінде ай сайын жіберіледі.

Егер мен медициналық көмекке жүгінбесем, жарналарымды шешіп ала аламын ба?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жинақтаушы жүйе емес, баршаға ортақ жүйе. Қазақстандық модель пациентке денсаулық жағдайы бойынша талап етілетін емнің көлемі мен құнын шектемеу үшін әлеуметтік бағдарланған түрде құрылды. Мысалда қарастырайық. Бір жыл ішінде мүмкін болатын ең жоғары жарнамен 1 адам тек 168 мың теңге (айына 14 000 теңгеден) жинайды. Бұл қаражат дербес шотта жиналып, пациент оларды өз қалауы бойынша емделу үшін пайдалана алады деп есептейік. Бірақ  бұл сомаға ол шектеулі мөлшерде ғана ем ала алады.  Тек стандартты сынақтар жиынтығы, гормондарды,   инфекциялардың болуын тексеру үшін бірнеше ондаған мың қажет. Егер ультрадыбыстық, кардиограмма, КТ/МРТ және басқа аспаптық диагностика қажет болса ше? Яғни бір жыл ішінде жинақталған жарналар диагноз қою үшін толық тексеруден өтуге де жеткіліксіз болуы мүмкін. Сонымен қатар  күндізгі стационарға бару немесе тәулік бойы ауруханаға жату қажет болуы мүмкін. Егер ота жасалатын болса,  олардың құны бірнеше миллион теңгеге жетуі мүмкін, онда пациент жай ғана медициналық көмексіз қалады. Жиналған қаражат емделуге кететін шығынды жабуға жетпейді. Сондықтан бұл тәсіл пациенттің өзіне тиімсіз.  Сондықтан, МӘМС жүйесінің отандық моделінде барлық қаражат Ұлттық банктегі бірыңғай арнайы шотқа түседі. Ал сол жерден қаражат төлеушінің санатына және төлеген жарналардың мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған азаматтарға МӘМС бойынша көрсетілген медициналық көмек үшін төленеді.

Егер медициналық көмек алу бойынша тағы сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау» қызметіне жүгіне аласыз.    Келесі байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш қалдырып, сақтандырылған мәртебесін тексеруге болады:

fms.kz ресми сайты,

1414 байланыс орталығы,

Qoldau 24/7мобильді қосымшасы

Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Сондай-ақ, ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтында «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы білуге болады.

«Әлеуметтік медициналық  сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы

Сібір жарасы ауруынан сақ болыңыздар

Сібір жарасы – адамға көп жағдайда сырқаттанған ауылшаруашылық малдарынан жұғатын аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ауру карбункул (жара) түрінде сыртқы жабындарды зақымдаумен, қызба, интоксикациямен, кейде сепсистің дамуымен сипатталады. Қоздырғыштың ағзаға ену жерінде оттың шоғына ұқсайтын (ортасы қара айналасы қызыл) жаралар пайда болады, ертеде ол жараларды «қасиетті от» деп атаған.  Сібір жарасы ауруының қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақты, табиғаттың қолайсыз факторларына төзімділігімен ерекшеленеді. Ол қолайсыз жағдайларда спора түріне еніп, топырақта ондаған жылдарға дейін сақталады. Малдың немесе адамның денесіне енгенде спорлар тез арада өзгеріп, ауру қоздыратын түрге айналады.  Ауылшаруашылық малдары аурудың қоздырғыштарын көбінесе сібір жарасынан қолайсыз деп есептелінетін жайылымдарда жайылып, әсіресе құрғақшылық кезде аласа өскен шөппен бірге топырақты жегенде жұқтырып ауырады. Жануарлардың ерні, ұрты, таңдайы, тік ішегінде көпіршіктер пайда болып, кейін олар жарылып, аузы-мұрнынан қанды көбіктенген сұйықтық бөлініп, жануар өледі. Аурудан өлген малдардың барлық мүшелері мен терісі, жүні, сүйектері залалды болады.

Адамдарға сібір жарасымен ауырған малды сою, терісін сыпырып, етін жіліктеу, тамаққа пайдалану, жүнін өңдеу кезінде ауру жұғуы мүмкін, бұл кезде бірен – саран жағдайлар немесе топтап аурулар кездеседі. Сонымен бірге сібір жарасымен ауырған малдары бар қораларда жұмыс істеу кезінде шаң-тозаң арқылы жұғуы мүмкін.

Сібір жарасының терілік түрі ең жиі кездеседі. Науқастардың саусақ, білек, мойын, бет, аяқ, т.б. мүшелер терісі зақымдалады. Терінің зақымдалған жерінде қатты қышитын қызыл дақ пайда болып, күлдіреп 2-3 күннің ішінде ортасында көмірдей қара қабыршағы бар жараға айналады. Жараның айналасы қызарып, жалтырап ісіп тұрғанымен, ұстағанда ауырмайды. Дененің қызуы көтеріледі. Уақытында ем қолданылмаса, қоздырғыш қанға өтіп (сепсис) денеге жайылып аурудың өлімге әкеліп соқтыруы ықтимал. Сан рет сібір жарасы туралы айтылып жатқанына қарамастан соңғы кезде адамдардың күйдіргімен топтап ауруы көбейіп кетті. Себебі, бүгінде мал шаруашылығымен шұғылданатын ұжымдар мен серіктестіктер, жекеменшік мал ұстайтын азаматтардың арасында мал дәрігерлердің қызметін қажетсінбеу, малдарын мезгілінде күйдіргіге немесе басқа да жұқпалы ауруларға қарсы ектірмеу (вакцинация), мал санын жасырып қалу, ауырған малды мал дәрігеріне уақытында хабарламай сойып, етін бірнеше үйге таратып беру немесе басқа бір жерге апарып сатып жіберу жағдайлары жиі кездеседі.

Сібір жарасы ауруының алдын алу үшін әрбір адам төмендегідей қарапайым ережелерді сақтауы қажет:

-жергілікті мал дәрігерімен келісіп жылына 1 рет малдарын түгелдей сібір жарасына қарсы егу,

— тұрғылықты мекен-жайы бойынша жайылымдардың сипаттамасын жергілікті ветеринарлық қызмет немесе санитарлық қызметтен білу,

— малдары кенеттен ауырған немесе өлгенде, міндетті түрде мал дәрігеріне хабарлау,

— малды соятын немесе сататын жағдайда, алдын ала мал дәрігеріне көрсетіп анықтама алу,

— малшыларды, мал шаруашылығымен шұғылданатын кісілерді күйдіргіге қарсы вакцинамен уақытылы егу,

—   жер асты су көздерін ашатын, құдық қазатын жағдайларда олардың   «қауіпті» жерлерден аулақ болуын ескерту,

—   мал ұстайтын қора жайларда тазалық сақтау шараларын әрдайым жүзеге асырып отыру қажет.

Қорыта келгенде айтарымыз, мал немесе мал өнімдерін сатып алатын болсаңыз, сатушылардан мал дәрігерімен берілген анықтаманы талап етіңіздер және арнайы ет сататын жерлерден ғана сатып алыңыздар. Ауладағы ауылшаруашылық малдарын ұстау ережелерін мұқият сақтаңыздар. Аурудың алғашқы белгілері байқала қалса дәрігерге қаралыңыз, дер кезінде басталған ем өміріңізді сақтап қалатындығын естен шығармаңыз! Аурудан сақ болыңыз!

Х.Абзалиев,

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Сарысу  аудандық аумақтық инспекциясының  бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.