Баба рухына тағзым
Қазақ елі бүгінгі күні егемендігін алып, көрші елдермен терезесі тең дәрежеде дамып, өркендеуде. Бірақ бұл күн қазақ еліне оңайлықпен келген жоқ. Қаншама қан майдандарда қандастарымыз, отандастарымыз елі үшін аянбай ерлік істер жасады, бұл бізге тарихтан белгілі. Әр елдің, әр халықтың қалыптасу жолының тарихы болады, сан ғасырлар бойы ашық аспанның астында бейбіт өмір кешу үшін талай сындарды өткердік.
Туған еліміздің, төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің тарихын білу-әрбір ұлтжанды азамат үшін парыз. Өйткені, өткенсіз болашаққа нық қадам баса алмаймыз.
Болашаққа айқын жол салып кеткен бабалар рухына тағзым ету біздің де, болашақ ұрпақтардың да парызы. Кейінгі буынға саналы ой қалыптастырып, үлгілі тәрбие беру атадан бізге қалған міндет. Бабаларымыздың жасаған ерліктерін болашақ ұрпаққа дәріптеп, құран бағыштап, ұрпақ санасына соны қалыптастыруды бүгінде Досым ата ұрпақтары қолға алып отыр.
Сарысу ауданының 95 жылдық мерейтойы қарсаңында Досым ата ұрпақтары Жайылма ауылында бабалар рухына құран бағыштап, ас берді.
Ең әуелі Жайылма ауылында «Достық» демалыс саябағы ашылып, халық игілігіне берілді. Саябақтың ашылуына аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы барып, игі шарамен тұрғындарды құттықтады.
− Жайылма ауылында ұйымдастырылып жатқан елдікке, бірлікке, ауызбіршілікке шақыратын айтулы шара тарихқа, бабалар рухына тағзым етудің жарқын көрінісі. Саябақтың ашылуына қолдау білдіріп, демеушілік танытқан ағайынға алғысымыз шексіз. Бұл саябақ біріншіден ауыл тұрғындарының демалатын, мәдени шаралар өткізетін орны болса, екіншіден еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ағайынның елдігінің, достығының белгісі деп білеміз,− деді.
Демеушілер заманауи үлгідегі демалыс орнына 9 млн-ға жуық қаржы жұмсағандарын жеткізіп, саябаққа әлі де түрлі ағаштар отырғызып, күтіп-баптауына көмектесетіндіктерін айтты.
Одан кейін жиылған қауым Айнаш Отарбаева атындағы орталық стадионда өтіп жатқан салтанатты іс-шараға бет түзеді. Қалың жұртшылық тарих сах-насында өзіндік орны бар Қараша би, Қабанбай батыр туралы театрландырылған көріністі тамашалады.
Шарада Қазақстан Рес-публикасының Құрметті энергетигі Қ.Жолдыбайұлы және зейнеткер Т.Дәулетбайұлы сөз сөйлеп, Досым ата асын ұйымдастыруда белсенділік танытқан азаматтарға алғыстарын жеткізіп, сый-сияпат көрсетті. Қазақстан Республикасының Құрметті Спорт қайраткері Алпыс Исабаевқа иығына шапан жауып, сәйгүлік мінгізді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының дін істері басқармасының орынбасары, найб имам Ершат Оңғар, зейнеткер Серік Ақтайұлы «Отбасылық танымдық шежіре» кітабының тұсауын қиды.
Шара концерттік бағ-дарламамен жалғасын тапты. Республикамызға танымал дәстүрлі әншілер қара домбыраны нақышына келтіре күй, терме орындаса, ауданымыздың өнерпаздары патриоттық әуезді әндерді әуелете шырқап, көрермендердің бойына рухани байлық сыйлады.
Сондай-ақ талай ақын, журналистерді шекпенінен шығарып, тәрбиелеген ардагер журналист, тарихи кітаптардың авторы Темірлан Әбілдаев арнау өлең оқыды. Ұйымдастырушылар тарапынан ардагер журналистің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Ұлттық ойын қазақ күресінен «Түйе балуан» сайысы ұйымдастырылды.
Жарысқа Жамбыл, Түркістан облыстарынан 16 балуан боз кілемде атой салып, кіл мықтыны анықтады. Тартысты бәсекеде қарсыластарынан басым түскен қазақ күресінен Әлем чемпионы Нұр Аманшүкір «Түйе балуан» атанды.
Досым ата рухына құран бағышталып, ас берілді.
Түс ауа Жайылма ауылының орталық атшабар алаңында тай, құнан, аламан бейгілерінен жарыс ұйымдастырылды. Мәре сызығын бірінші басып өткен сәйгүліктердің иелеріне Досым ата ұрпақтары Аламан жарысынан бірінші келген тұлпардың иесіне автокөлік, құнан және тай бәйгесінен келген құйма тұяқтардың егелеріне мотоциклдың кілттерін және ақшалай сыйлықтарды тапсырды.
Одан кейін командалық көкпардан жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесінде 1-орынды Игілік командасы, 2-орынды Жайылма командасы, 3-орынды Саудакент командасы жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
С.Рысбекұлы, «Sarysý»
Жастар-болашаќќа жол бастар
Еліміздің болашағы, мемлекетіміздің кемел келешегі — жастар қоғамның айнымас бөлігі. Ізденіс пен ілімнің үстінде жүретін бүгінгі өрендеріміз қоғамдағы түрлі оқиғаларда үн қосып келеді. Мемлекет тарапынан қолдау да жоқ емес. Жастарға арналған көптеген бағдарламалар ізденемін, талпынамын деген жастарға бағыт-бағдар болуда.
Осы орайда, жастардың көзқарасы мен ойлары мемлекет үшін аса маңызды. 12 тамыз — халықаралық жастар күніне орай, өткен аптаның сенбісі күні аудандық мәдениет үйінің алаңында «Жастар — ел ертеңі» атты мерекелік концерт өткізілді. Шараға мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Аудандық мәдениет үйінің әншісі Е.Оңғарбековтың «Қазағым» әнімен шымылдығы ашылған концертте жезтаңдай әншілер Қ.Темірбекқызы мен Д.Сейдіш «Күнге табыну» әнін нәшіне келтіріп орындады. Мекеменің қызметкері Н.Айнабекова «Нәзігім» әнін нәзік дауысымен орындаса, белсенді жастар А.Шешенбаева мен Ш.Рахымбердиева «Ұнайды маған», «Тың естелік» әндерін жанды дауыста шырқады. Әнмен әуелеп, күймен көмкерілген шара барысында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Алтынбекова жастарды айтулы мерекемен құттықтап, ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген жастарға аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды. Шарада көпшілікке арналған викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар тапсырылды.
Самат Тоқбанов, «Sarysý»
Еѕ керемет кїн
Жаңатас қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жаз. Балалар. Кітап» жазғы оқылым жобасы аясында «Кітапханадағы туған күн» айдары бойынша «Ең керемет күн» атты кітапхана оқырманы М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Дурманов Арнаттың мерекелік туған күн кеші өткізілді.
Мақсаты-оқырмандардың отбасылық жеке меншік мерекесі туралы ұғымды кеңейту. Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету, жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту.
Шараға туған күн иесімен бірге ата-анасы, бауырлары және достары қатысты. Балалар кітапханадағы уақыттарын өте көңілді өткізді. Бұл күні туған күн иесіне ерекше сый-құрмет көрсетілді. Зал мерекеге сай әсем безендірілді. Мерекеде туған күн иелеріне ертегі кейіпкерлері қатысып, құттықтаулар айтып, жылы лебіздерін білдірді. Балалар ән салып, би билеп, түрлі ойындарға белсене қатысты. Шара соңында туған күн иелеріне кітаптар сыйға берілді, балаларға тәттілер таратылды. Кітапхана — ол тек қана кітап, журнал сақталатын орын ғана емес, ол — отбасылық басқосулар мен көңілді кездесулер орны. Қызықты және ерекше өткен «Кітапханадағы туған күн» балалардың есінде мәңгі сақталып қалатын мереке болды. Балаларға осындай қуанышты сәт сыйлаған кітапханаға ата-анасы М.Дурманова өз ризашылығын білдірді.Кешті кітапханашы Қ.Бекеева жүргізсе, кітапхана меңгерушісі Р. Тажиева туған күн иесін құттықтап, сыйлық сыйлады.
«SARYSÝ-AQPARAT»