Ел іші-өнер кеніші
Халыққа көңіл күй сыйлап, жұртшылыққа демалыс ұсынатын фестиваль кеншілердің әсерлі кешімен жалғасын тапты.
Үстіміздегі жылдың 11 тамызында қаламыздағы аудандық мәдениет үйінің алаңында «Қаратау ТКӨК» ЖШС-і ұжымының ұйымдастыруымен «Саялы өлкем-Сарысуым» атты концерт өткізілді. Ауданымыздың 95 жылдық мерейтойына арналған шарада кеншілер ұжымының өнерпаздары жиылған көпшілікке әсем әуен мен әуезді күй сыйлады. Ауданымыздың белсенді азаматы, кәсіпорынның қызметкері Т.Хұсайынов «Жаңатас түні» әнін орындап, жүрекжарды «Жаңатас кеші» өлеңін арнаса, мәдениет саласының үздігі Д.Ақділда жерлес сазгер Илья Жақановтың «Еділ мен Жайық» әнін әуелете шырқады. Концертке атсалысқан белсенді жас Ә.Сүйінжанова «Отаным» атты жырды мәнерлеп оқыса, кәсіпорынның қызметкері С.Серікбаев жастарға арналған махаббат әндерін шырқады.
Қызыққа толы шарада аудан тарихына арналған викториналық ойындар ойнатылып, кәсіпорын қызметкері А.Чужбеков балаларға спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Ойынға белсене атсалысқан көрермендер қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Кеншілердің ұйытқы болуымен өткен кештің мәні мен мақсаты айқын еді. Ұйымшылдықпен өткізілген фестиваль көрермендерге осылай қуаныш сыйлады.
Самат Тоқбанов, «Sarysý»
Ќазаќстанныѕ болашаєы-ана тілінде
Біздің ана тіліміз ең бай тіл. Қай елдің болмасын негізгі мәселесі осы ана тілі болмақ. Тіл тұтастығын жоғалтып алсақ оны қайта құрастырушыда – халық. Қазақ тілі – жеке бір қазақ адамның тілі емес, барша мемлекеттің ортақ тілі. Тілді біз ананың ақ сүтімен бесікте жатқанда-ақ бойымызға сіңіреміз.
Таза, мәнерлеп, сөздің майын тамыза сөйлеу арқылы сен өз тіліңді қандай дәрежеде құрметтейтініңді дәлелдей аласың. Тарихымыз, өткеніміз қаншалықты құнды болса, тіліміз де соншалықты құнды болмақ.
Қазақ тілінің құдіретін қанша сөзбен айтсақ та, оны жеткізу мүмкін емес. Кезінде талай ғалым, жазушы, зерттеушілер осы қазақ тілінің қандай көркем тіл екенін айтқан еді. Соның бірі Мелиоранский: «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тілге жатады. Қазақтар — шешен әрі әдемі сөйлеудің хас шебері… Қазақтар халық әдебиетіне аса бай әрі жан-жақты», — деген. Расымен де, қазақ тілі сүбелі сөзге, мақалға, шешендік сөздерге бай. Ана тіліңмен қатар басқа халықтың тілін білу сол елдің тіліне көшті деген сөз емес, ол адамның өз-өзін шыңдауы.
Мен өз сөзімді Бауыржан Момышұлының керемет бір сөзімен түйіндегім келеді. «Қазақ тілі өткірлігімен, бой балқытып, құлақ құрышын қандырып, жан жүйеңді жандырып, ұғымын қонымды, жүрегіңе тиімді… қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендей ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл…».
Ж.Құлжабекова,
Тілдерді оқыту орталығы
Сарысу аудандық бөлімше меңгерушісі