Акцияға атсалысуға шақырамыз
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Жыл сайын дәстүрге айналған аталмыш акция биыл «Жақсылық жаса!» ұранымен ұйымдастырылуда.
Акцияның мақсаты: Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына атсалысуға шақырамыз.
Сарысу ауданы білім бөлімінің жедел желі байланыс нөмері: 6-12-16