Ұйымшылдыққа жетелейтін эстафета

0

Мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру  — болашаққа деген айқын мақсаттардың бірі. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Еркін қоғамда елдік пен жасампаздықты қатар алып, жарқын келешекке ұмтылуда бүгінгі жастардың бойынан жаңашылдықтың жаңа баспалдақтары тұр.

Ауданда түрлі санаттағы жас-тар бар. Соның бірі – пробация есебінде тұрған жастар. Оларды қоғамдық шараларға тарту мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негізгі тетігі болып табылады. Осы орайда, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу» орталығы қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен қаладағы спорт кешенінде жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауданда пробация есебінде тұрған жастар арасында «Спорт және жастар – салауатты өмір негізі» атты эстафеталық ойын өтті. Сайысқа спортты жанына серік еткен жастар қатысты.

Эстафета 6 кезеңнен тұрды. Ұйымшылдыққа жете-лейтін ұжымдық жарыстың қорытындысы бойынша «Ақтөбе» командасы жүзден жүйрік шығып, бірінші орынды жеңіп алса, жүлделі екінші орынды «Жасыл ел» командасы иеленді. Қатарластарымен қатар шапқан «Жаңатас» командасы 3-орынды қанағат тұтты. Сайысқа белсене қатысқаны үшін «Сарысу» командасы марапатталды. Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Самат Тоқбанов, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.