Кездесу өтті

0

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Сәкен Мамытов  аудандағы Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагерлер және  желтоқсан оқиғасына қатысқан аға -әпкелерімізбен кездесті.

Кездесу барысында аудан басшысы С.Мамытов Чернобыль апаты орын алған кезде апаттың зардабын жоюға атсалысқан ардагерлердің еңбегі және тәуелсіздікке жету жолында желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ерліктерін   әрқашан есімізде сақтаймыз және мақтан тұтамыз. Елімізге тыныштық, әр жанұяға бірлік пен ынтымақ, Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолында еңбектеріңіз жана берсін деген тілегін жеткізіп, қоғамдық ұйымдардың өзекті  мәселелерін тыңдады.

Жиын барысында  аудандық «Чернобыль апатын жоюға қатысушылар» қоғамдық бір-лестігінің төрағасы Аман-гелді Өскенбеков және  аудандық «Тәуелсіздіктің таңы – Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Есмаханов сөз сөйлеп,  ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Аудан әкімі  С. Үмбетұлы айтылған ұсыныстардың назарға алынатындығын, қоғамдық ұйымдар  жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауданның дамуы жолындағы жұмыстарды бірлесе атсалысуға шақырды.

Сәулет Есқараев,

 «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.