ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ
Еліміз тәуелсіздігін алып, өз алдына жеке мемлекет құрған жылдары, діни ахуал да өзіндік сенім бостандығына ие болған еді.
Қазіргі таңда елімізде әртүрлі этностар мен конфессия өкілдері толеранттылықтың ақ туын желбіретіп, бір-бірін мәдени тұрғыдан өзара байытып өмір сүруде. Республика аумағында алғаш рет Қазақстан халқының мәдениетін және дәстүрлі рухани құндылықтарын дамыту үшін қажетті саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасуда. Еліміздің Конституциясына сәйкес тілі мен дінге көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың заң алдында теңдік қағидаттарына және әрбір азаматтың жеке наным-сеніміне құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың зайырлы моделі қалыптасты.
Жалпы қабылданған әлемдік нормаларға сәйкес мемлекет азаматтарының құқықтары мен қоғамдық қауіпсіздіктің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында діни ұйымдардың қызметін реттеуге құқылы.
Мәселен, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы халықаралық құқық пен еліміздің Конституциясында көзделгендей әркімнің ар-ождан бостандығы құқығын іске асыруға бағытталған, ол дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың және ұлттық мүддені қорғаудың құқықтық негізі болып табылады.
Қолданыстағы заңнама аясында діни бірлестіктердің қызметі реттелген, миссионерлік қызметті жүзеге асыру, діни іс-шараларды, дінтану сараптамаларын жүргізу, ғибадат үйлерін салу, діни әдебиетті тарату тәртібі айқындалған. Қазіргі таңда елімізде 18 конфессия атынан өкілдік ететін 3877 діни бірлестік ел игілігі үшін жұмыс жасап жатыр. 2744 – ислам, проваслав – 341, католик – 89, протестант – 587, иудей – 7, және т.б. бірлестік-филиалдар жұмыс жасауда. Олардың ішінде саны жағынан ең көбі ханафи мазхабындағы ислам мен православиелік христиан діні. Сондай-ақ католиктер және протестанттар конфессиялары, иудейлер, буддашылар және басқа да қауымдар бар.
Қазақстан ел ішінде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, әмбебап жалпы адамзаттық құндылықтардың жалпы ұлттық бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөл атқаратынын, түрлі діндер мен конфессиялардың бірге өмір сүре алатынын және толық өзара түсіністік пен сыйластық негізінде үйлесімді дами алатынын әлемге айқын танытып келеді.
Қазақстан көп этносты және көп конфессиялы тәуелсіз мемлекет ретінде мемлекеттік билік органдары мен діни бірлестіктер арасындағы өзара қарым-қатынастың өзіндік үлгісі мен тәртібін қалыптастыруда.
Республика адам құқықтары мен бостандығын қорғау саласындағы әмбебап көпжақты халықаралық шарттарға қатысушы мемлекет болып табылады.
Ж.Қадырқұлова, Теолог, Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің инспекторы
жер телімдері мемлекетке қайтарылады
Сарысу ауданы прокуратурасымен жүйелі проблемалық мәселелерді шешу және жайылым жерлерді тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда.
Ағымдағы жылдың 6 айында Сарысу ауданының прокуратурасы облыс прокуратурасымен бекітілген 7 өзекті бағыттар және жергілікті деңгейде бекітілген жүйелі бұзушылықтарды шешу бойынша жұмыстар атқарды.
Атап айтқанда, ірі кәсіпорындар мен шалғай ауылдарға уәкілетті органдардың өкілдерімен шыға отырып, халықтың көкейкесті мәселелерін анықтап, оларды шешуге бағытталған кездесулер ұйымдастырылды. Қабылданған шаралармен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттың нысаналы пайдалану бағытында мемлекеттік грант алушылардан негізсіз қол хат алу арқылы заңнамада көрсетілмеген талаптарды міндеттеу бойынша заңсыз тәжірибеге тосқауыл қойылып, 182 тұлғалардың (оның ішінде 49 шағын кәсіпкерлік субъектілерінің) конституциялық құқықтары қорғалды. Бұдан бөлек, аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде Сарысу аудандық ветеринариялық станция мекемесінің 95 қызметкерлеріне 10 604 217 теңге жалақы қарыздары төленуі қамтамасыз етілді. Жалпы аудандық прокуратурамен және уәкілетті органдармен бірлесіп атқарған іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстылық жағдай жақсарып, яғни тіркелген қылмыстар саны 11,1%-ға (62-ден 55-ке), оның ішінде қылмыстар 16,4%-ға (55-тен 46-ға) төмендеген.
Енгізілген 26 қадағалау актісін қарау нәтижесімен 91 тұлға тәртіптік және 12 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2 760 000 теңге айыппұл өндірілді. 8 636 азаматтың құқықтары, оның ішінде 3118 конституциялық құқықтары қорғалып, 29,3 млн. теңгеге өтелген залалдың 5,3 млн. теңгесі мемлекеттік бюджетке өндірілді. Мемлекетке 24,3 млн. теңгеге мүлік қайтарылды.
Жаңатас қаласының 7 көпқабатты үйлердің жылу энергиясын есепке алу аспаптары істен шыққаны анықталып, аудан әкімдігіне енгізілген ұсынудың нәтижесімен жылу энергиясын есепке алу аспаптары ауыстырылып, 1155 тұтынушының, оның ішінде 29 мүгедектің, 37 толық емес отбасының және 6 жетім балалардың құқықтары қорғалған.
Жайылым жерлерді тиімді пайдалану және пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша аудан әкімдігімен бірлескен жоспар құрылып, прокурорлық қадағалау актілерімен (2022 жылы және ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында) мемлекеттік қорға 70 мың гектарға жуық жайылым жер телімдері қайтарылған.
Халықтың сұранысы мен өтініштері бойынша қайтарылған жер телімдері ауылшаруашылық жерлеріне өтетін конкурстарына енгізілуде.
Бұдан бөлек босалқы жер қорындағы жайылым жерлерді елді мекендерге бекіту мақсатында ауылдық округтер бөлінісінде тиісті карта дайындалып, 9 ауылдық округке барлығы 114,4 мың гектар жер телімдері тұрақты және маусымдық жайылымдар ретінде бекітіліп берілді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңда аудан аумағында жайылым жерлердің жетіспеушілік мәселесі шешілуде.
Атқарушылық іс жүргізудің саласында 6,1 млн. теңге (о.і. 2,2 млн. тг. алиментпен 3,9 млн. тг. мемлекет пайдасына) өндіріліп, алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкер Ф.Ә. ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартылды. 7 өзекті бағыттар және жергілікті деңгейде бекітілген жүйелі бұзушылықтарды шешу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі 29.06.2023 жылы облыс прокурорының төрағалығымен өткізілген мәжілісте талқыланып, алдағы жартыжылдықта орындауға жататын тапсырмалар берілді.
Сарысу аудандық
Прокуратурасы
Гендерлік тең құқықты нығайту
Гендерлік саясат — әйел адамдардың тек мемлекеттік қызметте, билік басында басқа да салаларда ерлермен тең жұмыс істеуіне ғана қарайтын сала емес, сонымен бірге отбасында, күнделікті тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік—тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігін, тепе—теңдігін көрсетеді.
Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында. Сонымен қатар, олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті байқалмайтын тірлік және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық — бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өткізген жиын барысында үкіметтің алдына шұғыл шешілуі тиіс жеті міндет қойған болатын. Соның бірі — гендерлік тең құқықты нығайту. Қасым-Жомарт Тоқаев біртіндеп әйелдердің еңбегін қорғау, олардың мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде қатысуын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу қажеттігін айтқан болатын.
Елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне мыналар жатады: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру және біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер қабылдау.
Еліміздегі мемлекеттік қызмет саласындағы әйел адамдардың еңбегі ұшан-теңіз. Сот жүйесінде ерлермен иық тірестіре әйел адамдар да ел игілігі жолында тер төгуде.
Өткен тарихымызда қазақ әйелдерінің қиын-қыстау кезеңдерде ерлермен тең дәрежеде еңбек еткен кездері аз болмаған. Қырық шырақты әйел адамдардың ер азаматтармен бірге талай жұмыстарды атқара алатынына сенімім зор.
Гендерлік саясаттың жүзеге асыруын ілгерілету мақсатында әйел адамдарға заңмен көбірек жеңілдіктер қарастырылу керек. Осы мәселені еңбек заңнамасының нормасымен бекіту қажет. Осындай жағдайларда әйел адамдарға көмек көрсетілетін болса, еліміздің гендерлік саясаты да ілгерілей түседі деген ойдамын.
Г.Несіпбекова, сот әкімшісінің
басшысы