Ауданымызда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде
Ауданымызда соңғы жылдарда жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынына қарасақ, аудан экономикасының дамуында осы салада жақсы үрдістің барына куә боламыз.
Құрылыстың көбеюі әлеуметтік мәселелерді шешіп, бой көтерген тұрғын үйлер, дәрігерлік амбулаториялар, демалыс орындары жергілікті тұрғындардың игілігіне жарап, жұмыссыздық деңгейінің азаюына да өз үлесін қосары сөзсіз. Өткен жылдағыдай биыл да ауданымызда осындай оңды жұмыстар жалғасын тауып, бірқатар маңызды нысандардың құрылысы жүруде.
Халықтың тұрмыс жағдайын жақсартатын көрсеткіштерінің бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету екені белгілі. Оның үстіне әр қазақтың баспанасы тек тұратын үйі ғана емес, сондай-ақ, жақындарын күтіп, қонақ қабылдар, киелі қара шаңырағы екені анық. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан құрылыс нысандары жүргізіліп жатыр. Атап айтар болсақ «Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы Құрылысшы массивінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу» ауыз су жүйесімен жабдықтау: Мердігер: “УниверсалСтройСервис”ЖШС, авторлық қадағалаушы-“Каз Центр Проект” ЖШС; Техникалық қадағалаушы-“Кабылан Эксперт” ЖШС; Құрылыс мерзімі-15.06. 2023-15.10. 2023 жж. Жоба құны-493 882,0 мың теңге, келісімшарт бойынша сомасы 464 702,3 мың теңге. КМЖ- 50% орындалды.
Сондай-ақ «Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы Құрылысшы массивінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу» газ жүйесімен жабдықтау бойынша мердігер: “Синдикат Групп ” ЖШС; Авторлық қадағалаушы-“Акгем Строй” ЖШС; Техникалық қадағалушы-“Архстрой-2005” ЖШС; Құрылыс мерзімі-10.06.2023-20.07. 2023 жыл жоба құны 33 899,0 мың теңге, келісімшарт бойынша сомасы 32 081,0 мың теңге КМЖ- 50% орындалды.
Ал, электр желісімен жабдықтау бойынша мердігер: “СиндикатГрупп” ЖШС; авторлық қадағалаушы- “Мекенжай Тараз” ЖШС; Құрылыс мерзімі-5.07. 2023-05.08. 2023 ж. 59,318,0 мың теңге, келісімшарт бойынша сомасы 55 922,7 мың теңге. Инженерлік инфрақұрылым құрылыс жұмыстардың орындалуы барысы тұрақты түрде бақылануда. Құрылыс жұмыстар кестеге сәйкес орындалуда.
Жаңатас қаласы №2 шағынауданы №32 90 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғырту бойынша мердігер “Град Строй Сервис” ЖШС; Техникалық қадағалаушы- “Тараз Технопроект” Жобалаушы мекеме -АлмазпроектСтрой” ЖШС; Құрылыс мерзімі-25.06.2023-25.10.2023ж Қазіргі таңда сот ұйғарымына байланысты құрылыс жұмыстары тоқтатылып тұр. Одан бөлек, жеке көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыстары жүруде олар; -1 ш/а №46 үй — пәтер саны – 48/ қабат 4, тұрғын үйдің ауданы – 2859,6 м2, 1 ш/а №44 үй пәтер саны — 56 шт./ қабат 4, тұрғын үйдің ауданы – 2859,6 м2.
Иә, ауданымызда тұрғын үйлердің құрылысынан бөлек, әлеуметтік ғимараттардың құрылыс жұмыстары да қарқынды жүріп, кеңге қанат жая түсуде.
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі