Шағалалы ауылына газ құбыры тартылып жатыр

0

Ауданымыздағы ауылдық округтерде ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп саласы дамып, игі істер атқарылуда.

Сонымен қатар, көркейту-көгалдандыру, инфрақұрылым, әлеу-меттік тұрақтылық бағыттарында атқарылған толағай тірліктер ауқымды.

Атап айтқанда ауылдық округтер мен елді мекендерге тартылған ауыз су, жол, жарық, газ, интернет желісі мен жаңадан салынған һәм күрделі жөндеуден өткен нысандар,  үй,   мектеп, балабақша секілді әлеуметтік маңызды объектілер тұрғындар иелігіне пайдалануға берілді.

Осының бір дәлелі бүгінгі таңда Досбол ауылдық округіне қарасты Шағалалы елді мекеніне газ құбыры тартылуда.

Шағалалы ауылының тұрғыны, ауылдық округ ардагерлер кеңесінің мүшесі Оңлыәшім Дүйсенбеков:

— Ауданымызда игі істер атқарылып,  елді мекендерде ауыз су құбырлары тартылып, көшелерде асфальт төселіп, жарықтандырылды. Аудан орталығы Жаңатас қаламызда жыл сайын тұрғын үйлер пайдалануға берілуде.  Ауқымды игі істерді көзбен көріп, естігенде қуанамыз. Биыл ауылымызға көптен күткен  газ құбыры тартылып, көгілдір отын берілейін деп жатыр. Енді тұрғындар көмір тасып, қи жағудың қиындығын ұмытады,-деді.

Айта кетейік  газ құрылысының жұмыстарын  мердігер «Тараз –Даниял К» ЖШС-гі жүргізіп жатыр. Осы жылдың қыркүйек айында құрылыс жұмыстары бітеді.

Иә, ауылдық жерлердің көркеюі – әлеуметтік саланың дамуына оң серпін береді. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстардың қарқыны артпаса кемімейді. Мемлекеттік  бағдарламалар аясында түрлі жобалар жемісті жүзеге асып, бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

С.Есқараев,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.