Қауіпке қарсы сақадай сай болу қажет
«Апат айтып келмейді». Жеті жұттың бірі — өрттің адамзат үшін зардабы аса ауыр. Жаз айы өрттің өршіп тұратын, шарпыған жалынның сөнуі қиын болатын айы. Сондықтан, тілсіз жауды тізгіндеуде дайындықтың керегі анық.
Осы мақсатта апта соңында Байқадам ауылдық округіне қарасты алаңда дала өртінің алдын алу, табиғи өрттердің таралуына тосқауыл қою мақсатында Жамбыл және Түркістан облыстарының орман шаруашылығы мекемелері, мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдері, қала және ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен орман және дала өрттерін сөндіру кезіндегі өзара іс-қимылы жөніндегі бірлескен оқу- жаттығу жиыны өтті. Маңызды шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Мадияр Жатқанбаев, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Абылай Баянов, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті КСБ ӨҚ және ЖҚИТ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Ербол Несіпбай, Жамбыл облысы Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің ҚӨСҚ азаматтық қорғау подполковнигі Айдар Баймаханбетов, Түркістан облысы Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары ұйымдастыру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Тимур Ыбрахим, Жаңатас қаласы №16 ӨСБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Самат Исмайлов, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Әділ Жақыпов, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Аманов, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Сарысу ормандары және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Данияр Башанов қатысып, оқу-жаттығу жиынында өрт сөндіру бөлімдерінің, орман шаруашылығы мекемелерінің әрбір жеке құрамдарының, ауылдық округтердегі ерікті жасақтардың және медициналық қызметкерлердің дайындығын бақылады.
Оқу-жаттығу жиынында аудан әкімі Сәкен Мамытов сөз сөйлеп, өрттің алдын алуда сала мамандарының ерен еңбегі ел назарынан ұмытылмайтынын айтып, оқу — жаттығу жұмыстарына сәттілік тіледі.
Оқу-жаттығу барысында мамандар өрт аумағын дереу ауыздықтап, от шарпыған аумақты өшірді. Ситуациялық сәтті бақылап отырған басшылық құрам өткізілген оқу-жаттығуға оң бағасын берді.
Мұндай шаралардың қоғам қауіпсіздігі үшін маңыздылығы қашан да жоғары. Шынтуайтына келгенде өрт өршіген уақытта өкшелеген жалынды сөндіруде біліктілік пен қайсарлық керек. Басты мақсат өртті сөндіру емес, өртті болдырмау екенін жадымыздан шығармайық.
Самат Тоқбанов
«Sarysý»
Балалар ќауіпсіздігі саќталу керек
Шілденің шіліңгір айы келіп, күннің ысуына байланысты, балалар демалыс орындарда суға түсіп салқынданып алуды әдетке айналдырған. Алайда, бейқам балалар көбіне суға түсу ережелерін сақтай бермейтіні баршамызға белгілі.
Сонымен қатар, демалыс орындарда өрт қауіпсіздігін сақтамаудың кесірінен қайғылы жағдайлар орын алады. Жаз шыға төтенше жағдай мекемесінің сала мамандары түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жасап келеді. Осы орайда, жуырда Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Сарысу ауданы «Жұлдыз» балалар сауықтыру лагерінде демалушы балалар мен тәрбиешілерге төтенше жағдайлардың алдын алу, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. Шара барысында балалармен әңгімелесу жүргізіліп, балалар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Сондай- ақ, «Суға түсу қауіпсіздік ережесі», «тұрмыста, жазғы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі ережесі», «балалардың биіктіктен құлау» тақырыптарда қауіпсіздік ережелері туралы айтылып, тиісті жаднама парақшалары таратылды.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары, судағы қайғылы оқиғалардың және өрттің алдын алу мақсатында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз!
Әділет Бекенов,
Сарысу ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау аға лейтенанты