Маңызды құжат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 12 шілде күні «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР заңына қол қойды. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтынан оқып шықтым.
Тиімді құжатта «Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады», – делінген.
Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын (атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, сондай-ақ аталған тұлғалармен аффилирленген субъектілерге қолданылады.
Мемлекет басшысы маңызды құжатқа қол қойды деп есептеймін. Осы бастама еліміздің өркендеп өсу жолына серпін береді.
Д.БОРСЫҚОВ,
Жаңатас қаласының әкімі.
Мемлекетіміздің дамуына серпін береді
Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды.
Маңызды құжатта » Уәкілетті орган жыл сайын активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға қарсы іс-қимыл, қабылданған жүйелі шаралар, оның ішінде ресми сайтында жарияланатын активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау шараларын қамтитын ақпарат дайындайды.
Мұндай заңдарды қолданысқа енгізу жөніндегі жалпы талаптарға сәйкес, жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізілетін азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты ережелерді қоспағанда, Заң жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі делінген.
Дер кезінде қабылданған шешім. Мемлекетіміздің дамыуына серпін береді.
С.Жақсыпейілова, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Ашықтыққа
апаратын жол «Алмақтың да салмағы бар» деген. Президент сеніп тапсырған активтердің заңды әрі талаптарға сәйкес келуі керек. Активтерді заңсыз иемденудің арты үлкен қылмысқа жетелейді.
Үлкен жауапкершілікті қажет ететін бұл жұмыстар шынайылыққа жетелейді. Бүгінде «Әділетті Қазақстанды» құруда бастамашыл істер мен дұрыс бағыттағы жұмыстар жемісін беруде. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды.
Бәрін бірден бастап кете алмас-пыз, бірақ бәріне біртіндеп қол жеткізуге болады. Ақиқат пен ашықтық қағидатына апаратын маңызды құжатта «Уәкілетті орган жыл сайын активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға қарсы іс-қимыл, қабылдаған жүйелі шаралар, оның ішінде ресми сайтында жарияланатын активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау шараларын қамтитын ақпарат дайындайды. Мұндай заңдарды қолданысқа енгізу жөніндегі жалпы талаптарға сәйкес, жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізілетін азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты ержелерді қоспағанда, Заң жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі» делінген.
Демек сең қозғалды. Енді ел болып еңсемізді тік көтерер уақыт келді. Әр құжаттың, әр активтің ел үшін маңызы зор. Болашаққа дұрыс бағдар жасаймыз десек, сол келешектің жарқын болуына бірге үн қосуымыз керек. Сондықтан, Мемлекет басшысының көтерген бастамасын ел болып қолдау қажет. «Сақтансаң Құдай сақтайды» деген түсінік бар. Сарабдал істе салғырттыққа жол бермей, әр қадамды айқын басу бүгінгі күннің басты талабы. Ашықтық пен адалдықты ту еткен әр адам қоғамға зиянын емес, пайдасын тигізу керек. Адал қоғамды қалыптастыру өзгеден емес, өзімізден басталатынын жадымыздан шығармайтын қағида. Сондықтан активтерді заңсыз иемденуден сақтану керектігін Қасым-Жомарт Кемелұлы ұқтырды. «Судың да сұрауы бар» екенін ұмытпайтын қоғам барда жаңғырудың алдында замананың көшінде ілгері жүретін ертеңі мол елдің болашағы да айқын болары сөзсіз.
Ж.ЖҰМАДІЛДАЕВ,
аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы