ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

0

Сарысу ауданы прокуратурасы аудан аумағында жайылым жерлерді тиімді пайдалану және пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша аудан әкімдігімен бірлескен жоспар  құрған.

2021 жылдың 1 жарты-жылдығына аудан аумағында жайылымдық жерлердің тап-шылығы 22 135 мың гектарды құраған болса, прокурорлық қадағалау актілерімен (2022 жылы және ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында) мемлекеттік қорға 70 мың гектарға жуық жайылым жер телімдері қайтарылған (облыс көлемінде 1-ші көрсеткіш).

Халықтың сұранысы мен өтініштері бойынша қайтарылған жер телімдері ауылшаруашылық жерлеріне өтетін конкурстарына енгізілуде.

Бұдан бөлек босалқы жер қорындағы жайылым жерлерді елді мекендерге бекіту мақсатында ауылдық округтер бөлінісінде тиісті карта дайындалып, 9 ауылдық округке барлығы 114,4 мың гектар жер телімдері тұрақты және маусымдық жайылымдар ретінде бекітіліп берілді.

Бірлесіп атқарылған жұмыс-тардың нәтижесінде бүгінгі таңда аудан аумағында жайылым жерлердің жетіспеушілік мәселесі  шешілуде.

Сарысу аудандық

 Прокуратурасы

Ағынды ақпарат

 

Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  Ұлттық домбыра күніне байланысты мәдениет пен өнерді қолдау мақсатында «Күмбірле, домбыра!» атты әдеби-сазды кеш  өтті.  Кештің  мақсаты – ел ертеңі жастардың ұлттық сана сезімін ояту, оларды ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызықтыру.    Шара барысында қасиетті домбыраның шығу тарихы жайлы және атақты күйшілердің өмір жолы туралы кеңінен мағлұмат берілді.     Саудакент ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Өрлеу» фольклорлық ансамблі  мен балалар ансамблі қасиетті қара домбырамен қазақтың халық әндері мен күйлерін өз нақышына келтіріп ойнап берді.   Бұндай тағылымы терең, мазмұнды мерекенің өтілуі — Ұлтымыздың терең тамырлы мәдениетін асқақтатып, рухын көтерері анық.  Жыл сайын аталып өтетін ұлтымыздың терең тамырлы мәдениетін асқақтататын мерекенің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі зор.

Тґкпе кїйдіѕ тарланы

Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақ музыкасы тарихының аңызына айналған,  ұлт мәдениетінің асыл қазынасына теңдессіз үлес қосқан, ұлы күйші-композитор  Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Төкпе күйдің тарланы» атты әдеби-сазды кеш өтті.  

Кеш жүргізушісі Ниязбекова Замира: «Күй —  ұлтымыздың үні мен сөзі болған, халқымыз дүниеге әкелген көркем құндылықтардың шыңы. Ал, Құрманғазы ұлттық мәдениет пен музыканы әлемдік деңгейге шығарған өнер иесі.

Халқымыз үшін күй мен Құрманғазы есімі бір-бірімен астасып кеткен ұғым. Ол ұлтымызға, елімізге ортақ, адамзат мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырған тұлға»- деп, Құрманғазының өмірбаянына шолу жасады.

Кеште Құрманғазының рухын асқақтатып, тыңдаушының жігерін оятып, серпілдіретін танымал «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын» т.б. күйлерін Ы.Дүкенұлы атындағы саз мектебінің ұстаздары С.Маштақова, Б.Бостанова және    Мәдениет қайраткері М.Әубәкіровтер   орындады.

есірткіге қарсымыз

Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  «Жастар есірткіге қарсы» атты нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы  дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып  бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын — алуға тәрбиелеу.   Кешке  Сарысу    АПБ-нің ЖПҚБ УИП  полиция  капитаны Есенбаев Ғабит, полиция лейтенанты   Нұрланұлы Бекболат, мейірбике Егешова Айнұр қатысып,  нашақорлықтың адам өміріне тигізер залалы жайында түсіндіріп,  салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндеті

Обаның алдын алу

Аса жұқпалы әрі адам өміріне қауіпті оба ауруы қандай жағдайда пайда болады? Осы мәселеге түсінік бергеніміз жөн. Оба — ауыр түрде уланып, без түйіндері, өкпе және басқа мүшелері ерекше зақымданғаны білінетін жедел жұқпалы ауру.

Ағымы ауыр, жоғарғы өлімді ауру, көп жерге таралу мақсатымен аса қауіпті аурулар тобына кіреді. Бұл ауруды ауру адамның қақырық, сілекей, қаны, нәжістерінде болатын, осы аурудан қайтыс болған адамның бойындағы көзге көрінбейтін микробтар таратады.

Алдын-алу шаралары. Микробты негізгі таратушылар-жабайы аңдар, тышқандар мен бүргелер, үй жануарлары арасында түйелер, ит пен мысықтар. Сондықтан далада жүргеніңізде ауру белгісі байқалған жабайы аңдарға жақындамаңыздар, өліп жатқандарын қолмен ұстауға мүлде болмайды. Сондай-ақ  үйіңіздің  іші мен айналасында тазалықты сақтап, тышқандар мен бүргелерді жоюдың шарасын жасағаныңыз жөн. Ал жалпы мал, соның ішінде түйе соя-тын болсаңыз, оны алдын ала арнайы тексеруден өткізгеніңіз дұрыс. Міне, бұл шаралар аурудың алдын алудың негізі болып табылады. Обаның микробы жұққан жағдайда ауру белгілері 2-6 күннен соң біліне бастайды. Бұл уақыт ішінде микробтар адам ағзасын жайлап, уын жая бастайды. Міне, осы жасырын кезеңнен кейін адамды ауру билеп әлсірете бастайды. Бұл науқасқа шалдыққан адамның басы ауырып, лоқсып құсады, қан тамырларының соғуы жиілеп, дене қызуы 38,5-39,5 0 С-ке көтеріліп, есінен танады, сөйлегенде тілі күрмеліп әрең үн қатады, сандырақтап сөйлейді, көздері қанталап, қызарып кетеді. Бетінде қорқыныш пен қайғы әжімі деп аталатын белгі пайда болады. Ауру кейде жеңіл өтуі де мүмкін. Аурудың белгілерін нақтылау үшін айта кетуіміз қажет жағдайларға тоқталайық. Өйткені ауру белгілері оның жұғу түріне байланысты болады. Аңның, тышқанның (қосаяқтың) терісін, обадан өлген түйені сойғанда жұқса, ол адамның қолтық пен тамақ бездері іседі. Ал бүрге, кене арқылы жұққан болса, шаққан жерге таяу бездер ісініп, қабынады, аяқтан шақса адамның шап бездері, кеудеден, қолдан немесе мойыннан шақса сол адамның қолтық, тамақ бездері іседі. Қабынған бездерде қатты ауру пайда болып, қол тигізбейді. Без обасы асқынған кезде адамның өкпесіне шабады. Мұндай жағдайда науқас жөтелгенде, шашалғанда қан аралас қақырық тастайды. Ауру адамның сілекейіндегі микробтар  үй ішіне тез таралып, сау адамдарға жұғуы мүмкін. Сондықтан осы көрсетілген ауру белгілері байқалса шұғыл түрде дәрігерге қаралу керек. Дұрыс, ерте заманда оба ауруынан елімізде адам шығыны көп болғаны белгілі. Ал қазір некен-саяқ, өте сирек пайда болады. Ауданымызда санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Қ.Мадемарова, Сарысу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық  бақылау және қадағалау бөлімінің

 бас маманы

Конго-Қырым геморрагиялық  ауру туралы не білесіз?

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы-ауыр интоксикация-мен, айқын геморрагиялық синдроммен сипатталатын және иксодты кенелердің шағуы арқылы берілетін табиғи-ошақты трансмиссивті ауру. Латын тілінен аударғанда «геморрагия» қансырау деген мағынаны білдіреді. Аурудың қоздырғышы – арбовирус. Ол төмен температураға төзімді, бірақ қайнатқан кезде тез өледі.

Қазақстанда бұл геморрагиялық қызба «көкала» деген атпен 1948 жылдан бері белгілі. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында орналасқан.

Жамбыл облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары Тараз және Шу қалалары мен Мойынқұм, Сарысу, Жамбыл, Байзақ аудандарында орналасқан.

Инфекцияның негізгі көзі – иксодты кенелер, олар вирусты трансмиссивті жолмен таратады және вирустың сақтаушылары мен аурудың тасымалдаушылары болып табылады. Вирустың уақытша резервуары – бұл ауылшаруашылық жануарлары (ірі мүйізді мал,қой, ешкі), табиғи биотопта – қояндар, кірпілер, құстар.

Адам ауруды зақымдалған кенелер шаққан, малды қырыққанда және оларды кенелерден қолмен тазартқан кезде кенелердің ішіндегісінің дененің ашық бөліктеріне түсуі нәтижесінде, науқастарды күткенде және оларға медициналық көмек көрсеткенде жұқтырады. Зертханалық жағдайда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғышымен жұмыс жасағанда тамшылы-респираторлық жолмен жұқтыруы мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады. Аурудың басталуы жедел, кейде кенеттен болады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі белгілеріне теріге қан құйылу, қызыл иек, мұрын, құлақ, жатыр, асқазан-ішек қан кетулері тән және дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда науқастың өміріне қауіп төндіреді.

Қазіргі уақытта Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы сенімді және тиімді вакцина жоқ. Әрбір адам өзін кене шағудан қорғау үшін келесі ережелерді сақтауы, атап айтқанда:

— кенелердің киім ішіне, терінің ашық жерлеріне ену мүмкіндігін азайтатындай киіну;

  • жабысқан кенелерді анықтау үшін өзіне және бір-біріне жиі (әрбір 10-15 минут сайын) бақылау жүргізу;
  • тікелей шөпке отырмау және жатпау;
  • табиғат аясынан оралғаннан кейін киімді және денені толықтай қарап шығу;
  • кенелер болуы мүмкін екенін ескере отырып, тұрғын жай және өндірістік бөлмелерге жаңадан жұлынған гүлдерді және сырт киімдерді кіргізбеу;
  • үй жануарларынан кенелерді жинаған кезде қолғап кию;
  • кенелерді жасқандыратын арнайы дәрі-дәрмектерді пайдалану;
  • денеден кенені байқаған кезде, дереу емдеу мекемесіне жүгіну;
  • кенені алып тастағаннан кейін 14 күн ішінде өз денсаулығын жіті бақылып, нашар сезінген жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Осы  қарапайым ережелерді орындай отырып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын  жұқтыру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болатынын есіңізде ұстаңыз.

С.Артықбаев,   аудандық   санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау    басқармасының    басшысы

Жаңатас қаласы тұрғындарының назарына

2023 жылдың 28 шілде күні  Жаңатас қаласы әкімі аппаратының 1-қабатындағы мәжіліс залында  сағат 15:00-де Жаңатас қаласы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетіндігін хабарлаймыз.

Күн тәртібінде:

1)    2023 жыл басынан бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

2)    Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге 2024-2026 жылдарға бөлінетін бюджет қаражатын және кіріс көздерін қалыптастыру мен пайдалану мәселелерін талқылау.

3)    Коммуналдық мүліктерді басқару (жалға беру, сенімгерлік басқаруға беру т.б)

Өкілдерді тіркеу 2023 жылы 28 шілде сағат 14:30-да басталады.

Байланыс телефоны: 6-28-88, 6-28-17.

Жаңатас қаласы әкімінің аппараты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.