Өркенде, самға әсем Қала
Тәуелсіздік алған уақыттан бері еліміз қаншама күрделі қадамдарды жасап, маңызды шешімдер қабылдады. Соның арқасында әлемде абыройдың биігінен көрініп, көпке үлгі болып жүр. Атқарылған ауқымды аса ірі жұмыстың бірі Елордамызды Сарыарқаның төсіне көшіру еді. Қазіргі уақытта Астанамыз заманға ілескен заңғар қалаға айналды. Төр ордамызға биыл 25 жыл толып отыр. Айшықты мерекені әр өңір жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырғалы қашан.
Астана қаласы халқымыздың ұлылығы мен ауызбіршілігін қалыптастырып, бейбітшілік пен келісімнің мызғымас мекені бола білді. Сонымен қатар, алып қаламен қатар гүлденіп, сарайды ашқан жасыл қала — Жаңатасымыздың да мерекесі. Болашақтан зор үміт күттіретін кенді өлкеге 54 жыл толып отыр. Қос мерекені аудан жұртшылығы кеңінен атап өтіп, кешенді іс — шаралары ұйымдастырылды.
Сарысу аудандық орталық кітапхананың ұйымдас-тыруымен «Сәулеті сәнге, әр күні әнге айналған Астана» атты танымдық кеш өтті. Шарада аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова барша қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Шара барысында кітапхана қызметкері Р.Қадырбекова «Елімнің жүрегі-Астана» әнін әуелете шырқады. Шарада Жаңатас қалалық балалар кітапханасының белсенді оқырманы Н.Ақтан «Отан» өлеңін оқыды. Өнерлі жас-тар С.Баян мен А.Жақсылық Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап, көрермендерді тәнті етті. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Б.Айтмұхан Ә.Ыбырайымұлының «Астанамен сырласу», А.Токкулиева «Астана» атты арнауларын оқыды. Шара «Ойлы болсаң-озып көр» айдарымен Астана күніне арналған сергіту ойынымен жалғасты.
Сондай-ақ, кітапхана қыз-меткерлері М.Дүрманова Ж.Қалмен, Ш.Қаспақова «Әде-би монтаж» Астана күніне арнау оқыса, Р.Қадырбекова Елордамыздың құрылу тарихына шолу жасады. Сонымен қатар, қалалық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кішкентай бүлдіршіндер «Еліміздің жүрегі-Астана» атты сурет салу байқауында өздерінің Астана туралы көзқарастарымен, ойларын жеткізді және Н.Ақтан «Таус» биін биледі.Тұрақты оқырман Н.Аужан М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін оқыды. Кітапхана қызметкері Л.Рахымбаева «Елімнің бақ ордасы-Астана» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Қала тұрғындары мен қонақтары да Астана күні мерекесіне деген жылы лебіздері мен ән шашуларын тарту етті. Кешті қорытындылап, белсенді өнер көрсеткен оқырмандарды аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Әбухасқызы марапаттады. Сонымен қатар, Жаңатас қалалық аула клубы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Елорда күні» мерекесіне орай сурет салу челленджі өткізілді. Шарада балалар Астанадағы әсем жерлерді, ғимараттардан алған әсерлерімен бөлісті. Қаламды серік еткен жас суретшілер Астананың әсем жерлерін «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Гранд Алатау», «ЭКСПО-2017», «Ақорда» секілді ғимараттарын сала отырып, Астананың сұлулығын жеткізді.
Іс-шара легі орталық алаңда жалғасын тапты. Аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жасай бер, мәңгі Астана» мерекелік кеш өтті. Сахнада қойылған Елорданың басты ғимараттарынан сыр шертетін мүсіндер көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Қос мерекеге ұйымдастырушылардың барынша дайындалғаны көрініп тұрды. «Жаса, жайна Астана!» атты композициядан бас-тау алған кеш әдемі әндермен әрленіп, «Айжан қыз»бишілер ұжымының мың бұралған билерімен көркемделе түсті. Шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Сәкен Мамытов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.
— Сәулеті мен сәні айшықталған, айбыны асқақтаған Елордамыз бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды. Бас қаламыз уақытпен үндесе бой түзеп, әлем қызыққан қалаға, саяси көшбасшылар, іскерлік серіктестіктер мен инвесторлар, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орнына, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыратын алаңға айналып отыр. Егемен еліміздің барлық өңірлері Елордамызға қарап бой түзеп келеді. Олардың арасында ауданымыз және Жаңатас қаласы да бар, — деді. Шарада Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықов қала күні қарсаңында тұрғындар арасында ұйымдастырылған спорттық жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін диплом, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар, аудан жастарының ұйымдастыруымен көрермендерге арналған викториналық сұрақтар қойылып білімдері шыңдалды.
Кешенді шара ауылдық округтерде де жалғасын тапты. Саудакент ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Астана – елдің жүрегі» атты салтанатты мерекелік концерт өтті.
Салтанатты шарада Байқадам ауылдық округі әкімінің орынбасары Жамбыл Құлыбеков ерен еңбек пен ынтымақ-бірліктің нәтижесінде әлем елдерінің астаналарымен салтанат жарас-тырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының бас қаласының тарихы мен бүгінгі жетістігіне тоқтала келе, жиналғандарға мерекелік лебізін арнады. Әсем ән, әуезді жырмен өрімделген мерекелік кеште З.Ниязбекова «Астана», Махаббат Оспанова «Тәуелсіздік», Н.Халықов «Сарыарқа», Ұ.Хасанова «Қазақстаным», Ә.Базар «Ауылым», Қ.Алтынбеков «Город которого нет», Т.Нұр Али «Көне Таразым», А.Алтенова «Ауылым» әндерін шырқап көптің қошеметіне бөленді.
Қуанышқа қауыштырған қос мерекені тұрғындар керемет көңіл-күймен қарсы алды. Осынау бейбіт те бақытты елдің ертеңі баянды боларына сенім мол.
Ардагерлер баќтарын сынады
Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Ардагерлерді қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында және 6 шілде – Астана қаласының 25 жылдығына орай ардагерлер арасында спорт түрлерінен аудандық жарыс өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, ардагерлерге сәттілік тіледі. Одан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев сөз алып, құттықтау лебізін білдірді.
Ардагерлер шахмат, дойбы, дартс сияқты ойын түрлерінен бақтарын сынады.
Байрақты бәсекеде Жаңатас қаласы және ауылдық округтерден 40-қа тарта аудан қариялары қатысты. Ақылы мен шеберлігін бір арнаға тоғыстырған ардагерлер жеңіс тұғырынан көрінуге бар күш-қуатын салды. Тартыс-ты өткен жарыс нәтижесінде ардагерлер жеңіс тұғырынан көрінді.
Шахмат жарысынан Т.Тоғызақбаев 1-орыннан көрінсе, Д.Ақділда 2-орынды иеленді. Ал, 3-орынды Т.Әбілдаев жеңіп алды. Дартстан А.Дакенов 1- орынды, Ш.Райымжанов 2-орынды, С.Аппазов 3-орынды иеленді. Дойбыдан Т.Ярашов 1-орынды, С.Тоғманов 2- орынды, С.Әбдіхалықұлы 3-орынды иеленді. Әйелдер арасында дойбыдан Н.Түсіпова 1- орынды, А.Тұңғышбаева 2- орынды, Г.Тұңғышова 3-орынды жеңіп алды.
Жарыс соңында аудан әкімі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы дайындалған дипломдармен, заттай сыйлықтармен марапаттады.