«AMANAT» партиясы мәслихат депутаттарының бірінші форумы
Ағымдағы жылдың 29 маусымында Астана қаласында «AMANAT» партиясы мәслихат депутаттарының бірінші
форумы өтті.
Бұл алғашқы форумға еліміздің барлық өңірінен 2500-ге жуық депутаттар қатысты. Форумды «AMANAT» партиясының төрағасы Қошанов Ерлан Жақанұлы ашып, Үкімет басшысы Ә.Смайлов, ҚР Президентінің кеңесшісі Е.Қарин және мәжіліс депутаттары сөз сөйлеп, баяндамаларын жасады. Форумнан соң панельдік сессиялар болып, үкімет мүшелері яғни түрлі сала министрлері депутаттардың көкейінде жүрген сауалдарына жауаптарын беріп, бақылауға алды. Бір сөзбен айтқанда «AMANAT» партия-сынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының бірінші республикалық форумы үлкен тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңа идея ұсынуға, даму бағытымызды айқындауға, Үкімет мүшелеріне кез-келген толғандырған сұрақты қоюға мүмкіндік беретін басқосу болды.
Партия төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар алдындағы бірқатар міндеттерді белгіледі. Оның ішінде сайлауалды бағдарламаларды орындау бойынша Жол карталарының жүзеге асырылуын, қаржы-ландыру мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау керектігін тапсырды.
Мәслихаттар институты биліктің өкілді органы ретінде уақыт өте келе жетіліп, жаңғырып, жаңа өмір шындығына бейімделіп отырады. Аталған форум да мәслихат депутаттары үшін тәжірибесін шыңдау, әр түрлі кеңес алу, біліктілікті арттыру алаңы болып саналды. Бұл өз кезегінде тиімді жұмыс істеу кезінде қажет тәжірибелік білім мен дағдыны дамытуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Өңірлерде жергілікті жерлерде шешілуі тиіс мәселелер және шешілмеген мәселелер өте көп. Оны шешу үшін орталықтағы саясат пен тәсілдерді түсініп, жаңа тәсілдерді, әдістемелерді, дағдыларды үйренуіміз керек. Мұндай алғашқы форумды «AMANAT» партиясы ұйымдастырып отырғаны-заңдылық және өте орынды.
Алдымен «AMANAT» -Президенттің саяси реформаларын жүзеге асыруда бірден көш бастап, жұмыс серпінін айқындап берді. Форум жаңа саяси жағдайға бейімделу процесіне көмектесті.
Өңіріміздегі шешілмеген проблемаларымызды қозғадық. Яғни газдандыру мәселесі, жолдардың сапасы, жайылым тапшылығы, медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі, интернет тағы да басқа мәселелерді тілге тиек етті.
Біз сол үшін сайлауға қатыстық. Енді бұдан былай қалалық және аудандық мәслихаттар толығымен бір мандатты округтер бойынша сайланады. Кез келген мәслихат депутатының басты міндеті-сайлаушыларға берген сайлауалды уәдесін орындау, сайлаушылардың сенім үдесінен шығып, сол өңірдің тұрғындарының үмітін ақтау. Ол үшін сайлауалды уәделерді сапалы әрі нақты орындау, сапалы жүзеге асыру үшін мәслихат депутаттары атқарушы билікпен, жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасты күшейтуі керек. Сондай-ақ, қазіргі сын-қатерлердің алдында партиялық бірлікті нығайту қажет және аса маңыздылығын ескеруіміз қажет.
М.Есмұрзаев, «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты
Атќарылар игі істер кґп
Елордамыз
Астана қаласындағы Конгресс орталығында «AMANAT» партиясы мәслихат депутаттарының бірінші форумы өтті.
Республика көлемінде 3500 депутат болса, оның ішінде 2500 «AMANAT» партиясынан. Форумға 2500 депутаттар түгелімен қатысты.
Мұндай шара тұңғыш рет ұйымдастырылғанын айтып өту керек.
Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды платформасын жүзеге асыру мақсатында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Форумның негізгі міндеті – депутаттардың оң имиджін қалыптастыру, қоғамның партияға, депутаттарға, мәслихаттарға деген сенімін арттыру, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының тікелей диалогын құру.
Сондай-ақ, партиядағы ішкі өзгерістерді бекіту;
— партияішілік бірлікті нығайту;
— жаңа саяси жағдайда депу-таттық қызметтің маңызын арттыру;
— барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен орталық мемлекеттік органдар басшылары арасында тікелей диалог орнату;
— мәслихаттардағы депутаттар мен фракциялар тиімді жұмыс істеуі үшін олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты күшейту, дағды мен тәжірибе алмасу қажет екендігі айтылды. Премьер министр Әлихан Смайылов жиында Жаңа Қазақстанды өркендету жолында бастамалар кезеңінде нәтижелі жұмыс атқарылатынын атап өтті.
«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ үшін жұмыла атқаратын келелі істер бастамасын айқындады.
Бұл кездесудің халық мәселелерін шешуге ықпалын ескере келе, алдағы уақытта игі істердің атқарылатынына сенімім мол.
Айтбала Жолмаханова,
Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты