Жаса, жайна-құт мекен

0

Жасыл ќалам жаса мәѕгі

Таңырқаумен көркіңе мен,

Сыр ашамын шертіп өлең.

Жаңатасым- құт мекенім,

Қойнауынан кен түлеген.

 

Қазыналы ырыс — бағың,

Кенді өңірде тыныстадым.

Жылдар… жылдар… ар жағында,

Мен сеземін тың іс барын.

Қала әлі гүлденеді,

Шуақ шашып күн келеді.

Ынтымақ пен бірлік болсын,

Бізге бүгін ең керегі.

 

Аударатын баса мәнді,

Талай сырың тасаланды.

Болашаққа бет түзеген,

Жасыл қала жаса мәңгі!

Самат Тоқбанов, «SARYSÝ»

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.