ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕКТЕР ТУРАЛЫ
Атаулы әлеуметтік көмекке 235,9 млн, теңге бөлінді (о.і. РБ-188,7 млн. тг, АБ-47,2 млн. тг). Жыл басынан 291 аз қамтылған отбасындағы 1446 азаматқа барлығы 76.4 млн. теңге тағайындалды. Оның ішінде 291 аз қамтылған отбасындағы 1 466 азаматқа барлығы 76,4 млн.теңге төленді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер ұсыну үшін барлығы 457 баланың тізімі жасалып, 9,4 млн. теңге төленді. Бөлінген қаржы 47,2 млн. тг (РБ-37,8, АБ-9,4.). (2022 жылдың қорытындысымен 495 отбасындағы 2 557 азаматқа 203,6 млн. теңге төленді.)
Тұрғын үй жәрдемақысын ұсыну үшін 5,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Жыл басынан бері өтініш берген 75 отбасындағы 257 адамға 1,2 млн. теңге тағайындалып, төленді (2022 жылдың қорытындысымен 158 отбасындағы 555 адамға 2,8 млн. теңге төленген).
Ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына отын сатып алу үшін 26,3 млн. теңге қаралды. Есепті мерзім ішінде өтініш білдіргендер 1423 азамат. Игерілген қаражат 24,5 млн. теңге (4 АЕК мөлшерінде – 12 252 тг) . (2022 жылдың қорытындысымен 1453 азаматқа 18,0 млн. теңге төленді.)
«Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша, мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасына қарастырылған қаражаттың сомасы 82,0 млн. теңге (ОБ-31,9 млн. теңге, ЖБ-50,1 млн. теңге). Есепті мерзімде 515 адамға 28,3 млн. теңге тағайындалып, 423 адамға 27 млн. теңге төленді. Оның ішінде облыстық бюджеттен 4,7 млн. теңге (туберкулезбен ауыратын 20 науқасқа әлеуметтік көмек), аудандық бюджеттен 22,3 млн. теңге (өтініштері бойынша әлеуметтік көмек 259 адамға 7,6 млн. теңге). (2022 жылдың қорытындысымен 314 азаматқа 33,1 млн. теңге төленді.)
Жыл басынан аудан бойынша 1644 адамнан тұратын 450 отбасына 13,4 млн. теңге көлемінде қайырымдылық, демеушілік көмектер көрсетілді. (2022 жылдың қорытындысымен 518 отбасына 33,0 млн. теңге көмек көрсетілген.)
Ауданда жалпы 1 474 мүмкіндігі шектеулі азамат бар (о.і. І топ–115 адам, ІІ топ-496 адам, ІІІ топ–863 адам. 16 жасқа дейінгі 228, 16 мен 18 жас аралығындағы 18). Оның ішінде:
-бала жасынан мүгедектігі барлар 355 адам;
-жеке оңалту бағдарламалары бар 683 адам (c.і. 580 азаматтан өтініштер келіп түскен).
Есепті мерзімде 56 отбасындағы 61 мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін 2 млн. теңге тағайындалып, 2 млн. теңге төленді (2022 жылдың қорытындысымен 66 отбасындағы 72 балаға 3,5 млн. теңге төленді). Қаралған қаржы 4,8 млн. теңге.
Үйде арнаулы қызмет көрсету жағдайында барлығы 194 азаматқа 25 күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер тарапынан қызмет көрсетіліп келеді. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 49 балаға, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 28 балаға, жалғыз басты 117 қартқа (оның ішінде 2 мүгедек). Бұл жұмыстарға бюджеттен 106,9 млн. теңге қаралып, есепті мерзімде 51,7 млн. теңгесі игерілді (2022 жылы бөлім арқылы 50 мүмкіндігі шектеулі балаға, 18 жастан асқан 26 мүгедек азаматқа, 118 қартқа қызмет көрсетілген. Қаржысы 99,3 млн. тг).
Есту қабілеті төмен мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметімен қамту үшін 4,2 млн. теңге (РБ – 2,1 млн. теңге, ЖБ – 2,1 млн. теңге) қаралды. Есепті мерзім ішінде 11 мұқтаж азамат қамтылып 2,3 млн. теңге игерілді. Қызмет көрсетуші «Сарысу Нұр Шапағат» мүгедектер қоғамы (2022 жылдың қорытындысымен 9 мұқтаж азамат қамтылып 3,0 млн. теңге игерілді.)
Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың көлемі 51,4 млн. теңге (РБ – 18,8 млн. теңге, ЖБ – 32,6 млн. теңге). Есепті мерзімде 138 өтініш қанағаттандырылып, 30,3 млн. теңге игерілді (2022 жылдың қорытындысымен 180 өтініш қанағаттандырылып, 27,9 млн. теңге игерілген.)Кеңейтілген тізімге сәйкес тиісті қосымша компенсаторлық құралдарға республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер сомасы 10,8 млн. теңге. Ауданда жеке оңалту бағдарламасы бар мүгедектер саны 97. Бүгінгі таңда 79 ЖОБ бар мүгедектер қосымша компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етіліп, 6,5 млн. теңге игерілді (2022 жылдың қорытындысымен 97 өтініш қанағаттандырылып,7,0 млн. теңге игерілген.)
Сурдо-тифлотехникалық құралдармен 48 мұқтаж азаматты қамтамасыз етуге бөлінген нысаналы трансферттер сомасы 4.4 млн. теңге (РБ-1,5 млн. тг, ОБ-2,9 млн. тг). Есепті мерзімде 9 өтініш қанағаттандырылды. Игерілген қаражат 1,1 млн. теңге (2022 жылдың қорытындысымен 69 адам 4,0 млн. теңге игерілді)
Протез-ортопедиялық құралдармен қамта-масыз етуге бөлінген қаражаттың сомасы 16,9 млн. теңге (РБ – 0,3 млн. теңге, ОБ – 15,6 млн. теңге). Есепті мерзім ішінде 108 адамнан өтініштер түсіп, 3,5 млн. теңге игерілді (2022 жылдың қорытындысымен 185 адам 261 қызмет түрімен қамтылып 9,4 млн. теңге игерілді)
Кресло арбалармен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың сомасы 6,1 млн. теңге (РБ – 2,3 млн. теңге, ОБ – 3,8 млн. теңге). Бүгінгі күнге 14 адам өтініш білдіріп, қамтамасыз етілді. Игерілген қаражат 2,6 млн. теңге (2022 жылдың қорытындысымен 22 адам қамтылып, 4,2 млн. қаржы игерілді)
Санаторлық-курорттық емделумен қамту үшін 26,3 млн. теңге бөлінген (РБ-26,1, АБ-0,8). Бүгінгі күнге 127 адам өтініш білдіріп, 70 адам қамтылды. Игерілген қаражат 6,1 млн. теңге (2022 жылдың қорытындысымен 137 адам қамтылған)
Мүгедектерге «Шұғыла» мүгедектер қоғамы инватакси қызметін көрсетеді. Қызмет көрсетуге 9,5 млн. теңге қаралды.
Жартылай стационарлық жағдайда оңалту орталықтарына 5 адам өтініш білдірген.
Әлеуметтік нысандарды мүгедек жандар үшін кедергісіз кіріп шығуға бейімдеу.
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 25 бабына сәйкес заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.
2023 жылы 15 нысанды толық бейімдеу жоспарланған. Жұмыс атқарылуда.
Бағдарламалар аясындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі