Мемлекеттік қызмет-абыройлы міндет
Қоғамның кез келген саласының дамуы-бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты.
Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоя отырып, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы қажет. Өйткені ол қай кезде де биліктің бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Мемлекеттік қызметшілер басқаларға өзінің ісімен, білімімен, біліктілігімен, тәжірибесімен және әділдігімен үлгі болуы тиіс. Қарапайымдылық, сабырлылық, отансүйгіштік, жігерлілік мемлекеттік қызметкерлерге тән қасиеттер.
Әдеп жөніндегі кодексі мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы болып саналады. Бұл құжатқа сәйкес мемлекеттік қызметкердің жауапкершілігі артады, моральдық-этикалық келбеті, талаптар ауқымы белгіленеді. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірден-бір алғышарты. Мемлекеттік қызметшілер халықтың сенімін ақтап, Отанға қызмет етуі керек, Кәсіби біліктілігімен қатар, адами құндылығы да жоғары болуы тиіс.Нәтижесінде мемлекеттік қызметтің сапасы артады.
Мемлекеттік қызметшіні халықтың қызметшісі деп бекер айтпайды, себебі елдің ертеңі соларға байланысты.
«Елге қызмет-абыройлы міндет»,- десек, онда мемлекеттік қызметшілердің көтеретін жүгі ауыр, жүктелетін талап та күшті.
Сарысу ауданының статистика басқармасы