Ғажайып ертегі

0

Балаларды қуанышқа қауыштырып, көңілін шаттыққа бөлейтін бөбекжай-бақшалары бүлдіршіндердің болашағына елеулі үлес қосып келеді. Ертеңгілік пен мерекелік кештерде балалардың саналарына адамдықтың үлгісін сыйлайтын ұйымның берері мол. Соның ішінде ертегі әлемі балаларға арналған керемет көңіл-күй ұсынатын жанр.

Жуырда «Шапағат» бөбекжай-бақшасының ұйымдастыруымен кішкентай бүлдіршіндерге  «Қызыл телпек» ертегісі қойылды. Ертегінің мақсаты-ертегі туралы білімдерін күшейту, балаларға ертегіні суреттеп, сахналауға үйрету. Сөйлеу мәдениеті, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиеші Назгүл Сүттібаеваның шығармашылық жұмысының арқасында бүлдіршіндер ертегідегі жағымсыз кейіпкерлер мен ертегінің басты рөлі ұсынатын батыр қыз түрлі қиындықтар мен сынақтарды жеңіп шығып, бақытты да баянды ғұмыр кешетініне куә болады.

Аталмыш ертегідегі кейіпкерлерді Айбибі Базарбек, Альбина Айтбай және Ақнұр Мұхит тамаша сомдап шықты. Көпшілік жас өрендердің өнерлеріне қошемет білдірді.

Шара соңында тәрбиешілер балаларға жамандықтан аулақ болуға шақырып, жақсылыққа ұмтылу керектігін айтты.

Көңілі даладай бүлдіршіндерге мұндай ертегі қойылымдары керек-ақ. Балалардың жарқын болашақтарына баянды жеміс тілейміз.

С.Тоқбанов,

«Sarysý»

Жігіттің сұлтаны

Баланы нағыз ер азамат қылып тәрбиелеп шығару алдымен ата-анаға тиесілі қағида болса, одан кейін балабақшадағы тәрбиешілердің асқан төзімділігі мен еңбегінің жемісі. Жігіт бойындағы намыс, рух, қайсарлық пен білімділікті шыңдайтын «Жігіт сұлтаны» байқауы болашаққа ұмтылған өрендер үшін қажет дүние.

Жуырда «Қарлығаш»  бөбекжай —  бақшасының ұйымдастыруымен және «Құлыншақ»  тобының  бүлдіршіндерінің қатысуымен  «Жігіт  сұлтаны» атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты — еліміздің ертеңгі тұлғасы болар балаларымызға балабақшадан бастау алатын  Отанға, елге деген құрмет, Отаншыл болуды, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Аталмыш шарада сөз сөйлеген бөбекжай меңгерушісі Д.Ильясова бүлдіршіндердің болашағынан зор үміт күтетінін айта келе, қатысушыларға сәттілік тіледі. Тартысты өткен байқауға талабы таудай бүлдіршіндер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Мұса Рамазан – «Шебер жігіт», Айдархан  Айтөре – «Сегіз қырлы –бір сырлы», Дулат   Асылжан – «Өнерпаз  жігіт», Есенғали  Хамзат – «Алғыр жігіт», Әмедия  Нұртөре –  «Парасатты жігіт», Шалқыған  Ақжігіт  — «Сері жігіт», Мысықбай  Дәурен – «Сабырлы жігіт», Аманқұл  Ислам – «Білімді  жігіт», Манас  Жарас – «Шымыр жігіт» номинацияларын иеленді. Байқау  соңында  бөбекжай  меңгерушісі Д.Ильясова жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бөбекжай атынан тағайындалған сыйлықтарды ұсынды.  Ата – аналар  өз кезегінде ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, бөбекжай кызметкелеріне  ризашылықтарын білдірді.

Бала бәйгеге шапса, анасы тақым қысады демекші, бойдағы қайрат пен жігерді танытқан аталмыш байқаудың мәні тереңде жатыр.

К.Ахметова,

 «Қарлығаш»  бөбекжай-

бақшасының тәрбиешісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.