Кеншілер күні аталып өтті

0

Мамыр айының соңғы жексенбісі – Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні.

Химия өнеркәсібінің жетістіктері барлығымыздың өмірімізде маңызды орын алады. Онсыз адамзат бүгінгі күні даму деңгейіне жете алмайтын еді. Химия кен өндіру, металлургия, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, құрылыс және тамақ өнімдерінің түрлі салаларында сұранысқа ие. Тәуелсіз Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытуға үлес қосқан ардагерлердің еңбектері орасан деп

 білемін.

Осы  салада  тынбай еңбек еткен ардагерлерге және осы мамандық иелеріне құрмет көрсетілетін күн. Еліміздегі химия өндірісінің көшбасшысы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз әлеуетін ұлғайта отырып, фосфор кенін шығаратын алып еңбек ордасына айналып үлгерді.

Бұл бағытта химия өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің алар орны ерекше.

Аудан өнеркәсібінің негізін «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені мен «ЕвроХим» компаниясы құрайды. Бұл химия саласының алыптары ауданда ғана емес, облыста тау-кен өңдеу  саласының дамуын қамтамасыз етіп отыр.

Осыған орай,  аудандық мәдениет үйінде «Казфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтті.

Аталған шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

— Қарт Қаратаудың жер қойнауы фосфорлы байлығымен танымал. Қаратау қойнауын бойлап жатқан кен орындарын игеруде және ауданымыздың дамуында «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің алар орны бөлек. Кәсіпорынның өнім өндіру көлемі жыл сайын ұлғайып келеді.  Аудан орталығы Жаңатас қаласының даму тарихы да кеншілер тарихымен, осы кәсіпорынмен тығыз байланыс-та.  Сіздердің еңбектеріңіз біз үшін құрметті. Сіздердің жігерлеріңіз бен ізгі ниеттеріңіз ауданның бұдан әрі қарқынды дамуына оң ықпалын тигізе беретіндігіне сенеміз, — деп, кеншілер қауымының дендеріне саулық, отбастарына амандық, еңбектеріне табыс тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан бір топ азаматтарды аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.

Одан кейін Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков кеншілерді мерекемен құттықтап, бірқатар сала қызметкерлеріне Құрмет грамоталар мен Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтарды тапсырды.

Бұдан кейін  “Қазфосфат”  ЖШС бас директорының әлеуметтік даму және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары Ерсін Сариев, “Қаратау” тау-кен өңдеу кешенінің Техникалық директоры Серік Тұрысбеков құттықтау сөз сөйледі.

-Сіздерді, бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз-«Химиктер күнімен» шын   жүректен құттықтаймыз. Табиғат  біздің елімізді бай минералды ресурстармен қарқынды қамтамасыз еткен. Бірақ, бұл жер қойнауында жатқан байлығымызды химия өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің еңбегінсіз қолжетімді болмауы мүмкін еді.

Сондықтан да, күрделі де игі кәсіп иелері болып табылатын химия саласының мамандары шын мәнінде ерекше құрмет пен қошеметке лайықты.

Елімізде өнеркәсіпті дамыту, өнім сапасын арттыру, қазіргі заман талабына сай өндіріске жаңа технологияларды енгізуге баса назар аударылып отыр.

Ауданның әлеуметтік-эконо-микалық дамуында іргелі кәсіпорын «Қазфосфат» тау-кен өңдеу кешенінің алар орны ерекше.

Сондай-ақ, жарты ғасырдан астам тарихы бар Жаңатас  қаласының даму тарихы, кеншілер тарихымен тығыз байланысты.Химия өнеркәсібі біздің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесі зор, — деп  алдағы уақытта сала қызметкерлерінің   жалақысы өсетіндігін, қаламыздағы «Үш алып» ғимаратына кәсіп-орын есебінен толық құрылыс жұмыстарын жүргізілетіндігін айтты. Сондай-ақ,  әрқашан ауданның дамуына   жан-жақты қолдау көрсететіндігін тілге тиек етті.

Химиктер күні қарсаңында  еңбек өтілі 40 жылдан асатын  азаматтарға жемісті жұмысы мен көп жылдық мінсіз еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медаліне қол жеткізсе, бірқатар қызметкерге «Химия өнерінің үздік қызметкері» төсбелгісі табысталды.

Сонымен қатар,   «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені кәсіподақ ұйымының төрағасы Ізбасар Абилғазиев және «Аmanat» партиясының Талас, Сарысу аудандық филиалдарының төрағалары кәсіби мереке иелерін құттықтап, еңбекте үздік жетістіктерге жетіп жүрген кеншілерді Жамбыл облысы әкімінің, облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталары, өзге де салалық марапаттар, қаржылай сыйлықтар және  «Аmanat» партиясы аудандық филиалдарының Алғыс хаттарымен, заттай сыйлықтармен марапаттады.

Сонымен қатар,  кәсіпорын басшылығының ұйымдастыруымен кәсіби мереке қарсаңында кешен қызметкерлері арасында спорт түрлерінен өткен жарыста жеңімпаз атанып,  жүлделі орындардан көрінген командалар сахна төрінде марапатталды. Салтанатты шара аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің және эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Концерттік бағдарламада «Айжан қыз» би ұжымы мың бұрала би билесе, ауданның өнерпаздары мен эстрада жұлдыздары әуелете ән шырқап, кеншілер қауымының жүздеріне күлкі, шаттық сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.