Қауіпсіздік қатаң бақылауда
Қаламызда төтенше жағдай орын алған күннен бастап штаб құрылған болатын. Әр күні аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен штаб отырысы өтуде.
Штаб отырысы барысында аудан басшысы қалада атқарылып жатқан тазалау жұмыстарына, көпқабатты үйлер мен кәсіпкерлік нысан ғимараттарының шатырларын қалпына келтіру жұмыстарының алып барылып жатқанын және басты назарда қауіпсіздікті сақтау керек екенін айтып өтті.
Аудан әкімі қала әкімі мен бөлім басшыларына және жауапты тұлғаларға зардап шеккен нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жедел әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Камели СҮЛЕЙМЕНОВА, «Sarysý»