Жаңа Конституция жобасын түсіндіру жиыны өтті

0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен ҚР жаңа Конституция жобасын түсіндіру жиыны өтті. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Жиын барысында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлимова «Конституция жобасы туралы» және аудандық ақпараттық түсіндіру жұмысшы тобының міндеттері жайлы баяндады.
-Өздеріңізге белгілі, елімізде саяси жүйені кезең-кезеңімен жаңғырту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Конституциялық реформа.
Маңызды бастаманы жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігінің жанынан 40 адамнан тұратын 4 арнайы топ құрылды. Аталған топтар бекітілген желілік кес-теге сәйкес ақпан айында еңбек ұжымдары, мекеме-кәсіпорындар және білім беру ұйымдарында 20 кездесу өткізетін болады. Әрбір кездесу – азаматтардың жаңа Конституцияның мәнін терең түсінуіне, заңның қоғамдық маңыздылығын сезінуіне арналған маңызды шара,-деді.
Алқалы басқосуда аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы:
— Жаңа Конституция – әділетке, заңдылыққа, халық мүддесіне және болашаққа бағытталған негізгі заң. Ол – елдік мүдде мен халықтық таңдаудың тоғысқан тұсы, мемлекеттің келешек келбетін айқындайтын тарихи белес. «Елдің ертеңі – әрбір азаматтың қолында», — деп жиынға қатысушыларды белсенді болуға шақырды.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.