Балалар-біздің болашағымыз

0

Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл — Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін, — дейді. Ата — аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын ХХl ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет»- деп көрсетті. Ал тәрбие дегенге М. Жұмабаев: «Тәрбие — адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне — өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру»- деген екен. Сонда бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы қалыптасатын күрделі іс. Бала қамын ойлаған бабаларымыздың айтқандарынан түйгеніміз — қай қоғамның болсын көтерген мәселесі – бала жанына ізгілік дәнін егу. Себебі бала — өмірдің жалғасы, мәні мен сәні. Сондықтан да халық баланы көңілдің гүлі, көздің нұры деп ұққан. Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым-профессор Б.Кенжебаев: «Бала – біздің  болашағымыз. Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Қазақта «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» — деген мәтел бар.  Бала бақытының кепілі — ата – ананың өнегелі тәрбиесінде. Отбасы — адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі — отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінеді. Тал бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң,  оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу болып есептеледі.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс-жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне, осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат екенін айтты.

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз деп есептеймін. Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін — өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін — өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір — біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл — күйі тікелей ықпал етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл — Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата — аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды Отансүйгіштікке, ата — баба салт — дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.

Лаззат Абуова, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

«Намазхана» ашу бойынша  АҚПАРАТ ПАРАҒЫ

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 7-тармақшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы (Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы №89 бұйрығымен бекітілген арнайы жасалған нұсқаулықпен) діни мазмұндағы заттарды сататын дүкендерді, намазханалар мен құлшылық үйлерін тіркейтіндігін мәлімдейміз.

Ескере кететін жайт: діни заттарды сату дүкенін, намазхана немесе құлшылық үйін ашу талаптарына сәйкес, мекеме, темір жол және автобекет, әуежайлар мен порттарды және діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумақтары мен ғимараттардан (оларға іргелес аумақтар болмаған жағдайда) 300 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.

Бұдан бөлек, мекеменің жалпы ауданы 20 шаршы метрден бастап 100 шаршы метрге дейін, дәрет алу үшін қажетті санитарлық тораппен қамтамасыз етілуі, санитариялық-эпидемиологиялық саладағы нормативтік құқықтық актілерге сай келуі мен бейнекамералармен жабдықталуы керек.

Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, яғни, дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды тіркеусіз өткізу; діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды «заңсыз» әкелу, әзірлеу, шығару, басып шығару немесе тарату фактісі анықталған жағдайда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабына сәйкес, мекеменің қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын хабарлаймыз.

Жамбыл облысы әкімдігінің

дін істері басқармасы

Білім мен өнер таусылмас қазына

Бәрімізге белгілі, бүгінгі таңда жас ұрпаққа тәлімді тәрбие, сапалы білім беру мәселесінде өркениетті елдермен деңгейлес дамуымызға мүмкіндік беретін жаңа ағарту жүйелері қалыптасуда.

«Бұлақты көрсең көзін аш!» дегендей, ауданымыздағы жастардың талантын  дамыту мүмкіншілігін  қосымша білім беру мекемелері береді. Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мен ұнаған кәсіптің алғашқы жолдарымен танысып үйренуде қосымша білім беру мекемелерінің маңызы зор.  Халқымыздың өнер саласындағы мол рухани байлығын бала санасына жеткізуге, оның қыр-сырын, ұшан-теңіз байлығын меңгеруге құштарлығын арттыруға, ғажайып әуезділігін сезінуге, керемет шұрайлығын тұшынуға баулуда  балалар өнер мектебінің атқарар рөлі ерекше. Қазақтың кемел ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Елін түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген екен. Бәсекеге қабілетті мемлекет болуы үшін біз ең алдымен жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жұмысын жолға қоюымыз қажет. Қазіргі кезде негізгі мақсаттарымыз жүзеге асып болашаққа нық сенім қалыптасты. Қай кезде де білімді ұрпақ басты байлығымыз болып қала береді.

Бәсекеге қабілетті мемлекет қатарына қосылу өнер саласында аянбай қызмет жасап жүрген мектеп мұғалімдері  Қ.Р. «Бала құқығы туралы» Заңының негізінде оқушыларды  түрлі іс-шараларға  байқауларға белсенді атсалысып отырады.

Мекеме 1967 жылы Жаңатас қаласында Қаратау балалар музыка мектебінің бөлімшесі  болып ашылып, 1970 жылы мекемеге «Мектеп» статусын беріп, Жаңатас қаласының «П.И.Чайковский атындағы балалар музыка мектебі» болып құрылды. 2002 жылы мекеме  Сарысу ауданы Жаңатас қаласының «Балалар өнер мектебі» деп атауы өзгертілді.

Мектептің алғашқы түлектер саны – 27 оқушы болса, биылғы жылы музыка бағытында жалпы 28 оқушы (домбыра – 13, қобыз – 3, фортепиано – 9, вокал – 3),  көркемөнер бағыты бойынша «Бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер» бөлімінде барлығы 56 оқушы (Жаңатас – 13, Ұ.Сыздықбаев ауылдық бөлімшесінен 12, Ақтоғай ауылдық бөлімшесінен 31 оқушы).

2022-2023 оқу жылының да аяқталып, бір оқу жылды артта қалдырдық. Осы оқу жылында мектебіміз 27 мұғалім мен 332 оқушымен оқуын аяқтап, 84 оқушы мектептің толық оқу курсын аяқтап, мектеп бітіру куәліктеріне ие болды.

Сонымен қатар, 76 оқушы «Өте жақсы» деген бағамен оқу жылын аяқтап, білім сапасына зор үлесін қосуда. Сонда пайыздық көрсеткішпен мектеп бойынша білім 23 пайыз үздік оқушылар болса, 25 пайызы мектеп түлектері болып қамтылды.

Әр оқу жылы соңында мектеп есеп беру кешін өткізуді дәстүрге айналдырған. 2022-2023 оқу жылы мектеп 56 оқу жылын тоқтаусыз жас ұрпаққа жұмысын жалғастырып аяқтауда. Биылғы жылы ауданымызға 95 жыл толуына орай мектеп есеп беру кешін аудандық көлемде беріп, халық алдында өз есебімізді бердік.

Ай-Қанат Жұмабайқызы, қалалық балалар өнер мектебі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА

2023 жыл басынан 278 отбасы (1400 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 185 отбасы (1043 адам) және шартсыз ақшалай көмек 101 отбасы (398 адам).

Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінен жұмысқа жарамды 297 адам, соның ішінде 202 адам жұмыспен қамту шараларына тартылған, атап айтсақ:

— Тұрақты жұмыс  — 22

— Қоғамдық жұмыс – 34

— Әлеуметтік жұмыс орындары – 7

— Қайтарымсыз грант – 2

— Тұрақты жұмысы бар азаматтар – 137

-Биылдан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жылы – 5175 теңге) ауыстырылды.

«САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

статистика хабарлайды

Сарысу  ауданының 2023 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 2091,6 тонна ет, 1904,5 тонна сүт, 1134,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 61,8 тонна ет, 49,3 тонна сүт, 22,4 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 26469 басқа, қой 266055 басқа, ешкі 52138 басқа, жылқы 8900 басқа, түйе 2942 басқа, үй құстары 24147 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 1688 басқа, қой 9334 басқа, жылқы 520 басқа, түйе 224 басқа, үй құстары 749  басқа көбейіп, ешкі  2309  басқа азайған.

Өнеркәсіп өндірісі. 2023 жылғы қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 26089,9 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 103,7%-ды құрады.

Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 10070,5 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 2467 шаршы метрді, құрылыс жұмыстарының көлемі – 1521,0 млн. теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 1048,4 млн. теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 263,6 млн. теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 784,8 млн. теңгеге сатылды.

су сенің досың және дұшпаның

Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. Су сенің досың және дұшпаның. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.

Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:

  1. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:

— Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

-Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

— Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.

— Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.

— Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

— Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.

-Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

  1. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері:

Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз:

Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.

— егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз:

— Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.

— Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.

— Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.

  1. Су иірімінен шығудың тәсілдері

— Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.

— Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.

— Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

  1. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет:

Суда ұзақ шомылу шаршап — шалдығуға әкеліп соғады.

— Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.

— Әлсін — әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.

— Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

  1. Суық судың қауіптілігі:

Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады.

Организмнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда, ашыққанда, мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан соң-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60  минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық суда әрбір секунд қымбат.

VII. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек:

Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар.

— қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын судан босатуға кірісу;

— қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінің әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек.

— Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек.

— Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл — ауыздан-ауызға немесе ауыздан-мұрынға ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек. Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды қойып екіншісін айқастыра салу керек, екі қолдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70-72 рет.

Есте сақтаңыздар!

Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы — суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

Ә.Бекенов,

Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері

жемқорлыққа жол жоқ

Жемқорлық-індет, жою-міндет. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті». Қоғамда азаматтардың заңға деген құрметін арттыратын сана қалыптастыруымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі басымдықтарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату адамдар арасында жемқорлыққа қарсы-сана қалыптастыру.  Жемқорлық- індет, жою-міндет. Теріс қылықтар жасап, атымызға кір келтірмейік, өсіріп отырған ұл-қыздарымыз жемқорлықсыз адал қоғамда, бейбіт күнде өмір сүрсін. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бұл – әрбір қазақстандық азаматтың парызы, ескерту шараларының артықшылығы жоқ деп ойлаймын.

Н.Өскенбаева,

 аудандық жер кадастры  және тіркеу бөлімінің маманы    

Безгек  ауруы қауіпті

Безгек ауруының инфекциялық көзі- ауру адам. Таратушы-анафелагенді маса. Безгек ауруымен ауырып болғандар мен эндемиалық ошақтардан келген адамдарға 3 ай бойы диспансерлік бақылау жүргізіледі. Безгек  ыстық және жаңбырлы  маусымдарда жиі болады. Егер сіз безгекпен ауырдым деп сезіктенсеңіз  немесе қызба ұстамасы  жиі қайталай берсе қанды тексерту   үшін емдеу мекемесіне бару керек. Егер сіз  безгекпен ауру  деңгейі жоғары  ауданда тұрсаңыз кез- келген ыстықтың, температураның  себепсіз көтерілуіне  безгектің белгісі ретінде қараңыз.

Безгек ауруын болдырмау үшін барлық алдын-алу шаралары іске асырылуы тиіс.

Өзіңізді шыбын-шіркей, масадан аулақ ұстаңыздар.  Масаханада ұйықтаңыздар. Балалардың бесігіне маса кірмеу үшін жұқа дәкеден тұтқыш істеу. Безгектен сезіктенсеңіз жедел емдеуге кірісіңіз. Сіз емделіп сауықсаңыз сізді шаққан маса басқаға ауру таратпайды. Осы ауруды емдейтін органдар өкілдері келгенде ынтымақтасып жұмыс істеңіздер. Егер сіздің отбасыңыздың мүшелері ыстығы көтерілсе, оларға бұл жөнінде айтыңыз, олардан қан алып, анализ жасауға ықпал етіңіз. Безгекті ерекше таратушы безгек масалары деп аталатын анафелагенді масалар. Бұл масалар жақсы жылынатын таза, тұнық суы  бар  су айдындарда  және су көп  өсімдікті жерлерде су жағалауларында көбейеді. Сондықтан маса шіркейлерді  оның ұрықтарын құртуға көмектесіңіз. Шіркейлер лас суда тез көбейеді. Тоғандарды, шұңқырларды  лас су жиналатын ескі банкі немесе құтылардан, қоқыстардан тазартыңыз. Шіркей, маса  көбеюі мүмкін барлық су қоймаларын, тоғандарды, батпақты құрғатуға көмектесіңіз. Біздің  республикамыз безгек  ауруына қолайлы аймаққа жатпағанымен әрі-бері қозғалыс, жолаушылар жолы яғни эндемиялық аймақтарға барып келушілер көптеп кездеседі.

Сондықтан, жау жоқ деме жаға астында деген сөзге мән беріп, өзімізді  безгек ауруынан қорғайық!

К.Таңатарова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.