СОТ КАБИНЕТІ СЕРВИСІНІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

0

Сот кабинеті сот құрылымында қолға алынған заманауи технологияның бірі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр.

Осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап—арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режімде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады.

Сот кабинетінің мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. IOS мобильдік платформасындағы «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы – IOS, Android және Windows Phone мобильдік қосымшасы сервистерінің интерфейстерін сипаттайды. Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің веб нұсқасына қарағанда өзіндік артықшылықтары да бар. Тіркелу үшін пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, азамат өзінің ЖСН және ұялы телефон нөмірлерін көрсетсе де жеткілікті. Көрсетілген ұялы телефон нөмеріне қосымшаға кіру үшін хабарлама арқылы құпия сөз келеді.

Сонымен қатар осы сервисті пайдаланушыларға «көмек» көрсету бағыты енгізілген. Онда сот кабинетін пайдалану бойынша нұсқаулық, сот кабинетімен жұмыс істеу жөніндегі анықтама, «Сот кабинеті» мобильді қосымшасының пайдаланушы нұсқаулығы және «Пайдалы сілтемелері» сервисі ұсынылған. «Сот кабинеті» веб-нұсқасымен «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасында жаңалықтар, істерді қарау тізімдері, тапсырылған құжаттар, хабарландырулар, сот процесі қатысушыларының күнтізбесі және чат сервистері үйлестірілген. Сот кабинетінің мобильді қосымшасындағы жаңалықтар сервисі істерді қарауға, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын, уақытын) онлайн режімде табуға; тапсырылған құжаттар сервисі осы қосымшаны пайдаланушыға мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына Сот кабинеті веб сервисі арқылы жолданған барлық құжаттарды көруге; хабарлау сервисі – пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға; сот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге; чат сервисі қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады.

 Г.Несіпбекова, Сарысу аудандық соттар әкімшісінің

 басшысы

дөңгелек үстел өтті

Аудандық сотында «Сот актілерін орындаудың проблемалық сұрақтары»  атты тақырыпта

семинар сабақ  өтті.

Семинар сабаққа аудандық соттың төрағасы М.Үркімбаев, судья Д.Кадерқұлқызы, кеңсе меңгерушісі Г.Несіпбекова, Жамбыл облысының жеке  сот орындаушысы  Ш.Молдатай, Талас аудан аралық аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Г.Байзақова, бас маман  А.Шымырбекова қатысты.

Аудандық  соттың төрағасы М.Үркімбаев өз сөзінде: аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын  жүргізу ережесіне сай    сот актілері, апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру мерзімі аяқталған соң, егер шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, орындауға беруге жатады. Сот актілерінің орындауға берілуін бақылауды аудандық соттың төрағасы және төрағалық етумен істерді қараған судьялар, сондай-ақ кеңсе меңгерушісі жүзеге асырады. Сот актісінің орындалғаны туралы хабарлама істерге, материалдарға қоса тіркеледі. Сот актісінің орындалуы туралы хабарлама түспеген кезде тоқсанына кемінде бір рет еске түсіру жіберіледі. Үкімді, қаулыны, шешімді немесе ұйғарымды орындауға беруге байланысты әрекеттер туралы міндетті тәртіппен істің анықтамалық парағында белгі жасалады.

Қылмыстық істер бойынша сот үкімдері, егер оларға шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, апелляциялық шағым беру немесе наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға беріледі. Сотталғанның мүлкін тәркілеу және айыппұлды мемлекет табысына өндіру туралы үкімдер бойынша атқару құжаты, сот актісінің көшірмесі, не соттың мөрімен куәландырылған одан үзінді көшірме, және мүлік ізімдемесінің көшірмесі орындау үшін тәркілеуге жататын мүліктің орналасқан жеріндегі атқарушылық іс жүргізу органына жіберіледі. Істе мүліктің тізімдемесі болмаған кезде атқару құжаты мүлік тізімдемесі жасалмағаны туралы анықтамаларды қоса тіркей отырып, сотталғанның соңғы тұрған жеріне жіберіледі. Егер істе мүліктің жоқтығы туралы акт болса, онда атқару құжатына куәландырған анықтама қоса беріледі.

Азаматтық істер бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылады, ол өндіріп алушыға беріледі не оның жазбаша арызы бойынша сот орындау үшін тиісті әділет органына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді. Бұл ретте атқару парағына аудандық соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі (үзіндісі) қоса тіркеледі.

Айыппұл түріндегі жаза Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 40-бабында негізгі жаза ретінде көрсетілген, сотталушы сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлеуге міндетті. Қылмыстық атқару кодекстің 50-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес, егер сотталған адам айыппұлды төлеуге  мүмкіндігі болмаса, ол төлеуді  алты айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу туралы сот алдында өтініш жасауға құқылы, айыппұлды бөліп төлеу туралы шешім қабылдаған сотталған адам сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлдың бірінші бөлігін төлеуге міндетті,  сот алдында өтініш білдіру арқылы ұзарта алады. Орындауға жолданған сот актілерінің  ұзақ уақыт бойы орындалмай,  созбалаңдыққа салынуының салдарынан, қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істердің мұрағатқа өткізу мерзімі бұзылатындығын басып айтты.

Сот орындаушы Ш.Молдатай:

-Атқарушылық іс жүргізу құжаттарын қайтарудың басты себептері бұл атқарушы құжаты сотпен дұрыс жіберілмегені, өз кезегінде, мұндай іс-әрекеттер сот актісінің орындалуын әуре-сарсаңға салып, осы уақыт аралығында борышкердің мүлігін меншіктен шығару мүмкіндігі туындайтынын, сондай — ақ, тұрақты тұратын жері, жұмысы жоқ борышкерлермен сот актілерін орындау аса қиындық туғызатынын атап, сот актілерінің орындалуы үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр,-деп жан-жақты түсіндіріп өтті.

«SARYSÝ-AQPARAT»

Туған

мектепке тағзым ет!

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектепте жуырда «Жомарт түлек» кездесу кеші өткізілді. Кездесуге мектеп бітіргеніне 50 жыл толған түлектер келді.

«Жомарт түлек» кездесу кешін өткізудегі мақсаты: туған өлкесіне оралу, туған мектепке тағзым жасау, өскелең ұрпаққа үлгі көрсете отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу сонымен қатар  болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» атты мақаланы жүзеге асыру.

1973 жылы мектеп бітірген түлектер Әбілов Сундетулла,Телібаева Ғалия, Боханов Дүйсенбай, Үсенбаева Зауре, Саражанов Жаңабек, Болатов Есенгелді, Әбілдаева Ләйла, Әбдіқұлов Сенбі, Өксікбаев Тұрған, Сұлтанбеков Сапар, Смайлов Дүйсенбай аға, апкелеріміз өздерінің балалық шағына саяхат жасап, мектеп бітіруші түлектерге жүрек жарды тілектерін білдірді.  Мектепке құны 50 мың теңге тұратын қабырға сағаты мен өз туындыларынан әдеби кітаптарды тарту етті. Сонымен қатар, Болатов Есенгелді аға 50 мың қаржыны мектеп қорына сый етті. Жеке кәсіпкер Үсенбаева Зауре 10 қыз балаға және екі ұл балаға ұлттық киімдерді сыйлады. Туған мектепке тағзым еткен жомарт түлектерімізге ұжым атынан алғыс білдіреміз.

Г.Сыздықова,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Дарынды және талантты

балаларды оқыту

Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бас-тысы жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі. Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Мектептің мақсаты – жан-жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

Дарындылықты дамытудағы басты мақсат – еліміздің зияткерлік қорын құру үшін  адамзаттың ең талантты тобын пайдалану,    жеке тұлғаның  дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру. Міндеттері: оқушылардың ақыл-ой қабілетін жетілдіру; шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту; оқушыларды тәрбиелеуге олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына ықпал ету; дарынды балаларды оқыту мен дамыту; дарынды, қабілетті балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін ұйымдастырылған педагогикалық-психологиялық жағдайларды жақсарту. Уақыттың өзі мектеп ұстаздарына өскелең ұрпаққа жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухында білім беріп тәрбиелеуге, өмірде осы алған білімі мен тәрбиесін лайықты пайдалану секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану керек екені анық.

Қабілетсіз бала болмайды, ашылмаған, дамымаған қабілет иесі болады. Жалпыға бірдей жағдайда оқып жатқан балалардың бірі әуелден-ақ «білімді қағып» алса, екінші балаға соны ұғынуға көп уақыт пен күш керек. Сондай ақ, бір адам мамандығының шыңына жетсе, екіншісі қанша талпынса да ортаңғы қатардан табылады. Белгілі бір іс әрекет түрін икемді, нәтижелі атқарған адамды қабілетті дейміз. Қабілеттілік адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Кез келген адамның жалпы қабілеті болады. Ал жеке дара ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнау-лы түрі белгілі бір істі үздік орындауынан, оған деген ықылас ынтадан дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

Г.Бекманова, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары

Кәсіптік бағдар-болашаққа бастар жол

«Қаламаған мамандықпен айналысамын деп бекерге жаныңды қинаудың қажеті жоқ. Мамандықты да құрғақ есеппен емес, махаббатпен іске асырған жөн …»

Харуки Мураками

Әрбір он жыл сайын әлемде тың жаңа мамандықтар пайда болады. 21-ғасырда жаңа мамандықтардың пайда болуы  жаппай жұмыссыздықпен, бос орындардың  тапшылығымен, жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен және де жаһандық компьютерлендірумен тікелей байланысты. Осы орайда Қазақстандық қоғамның қазіргі даму жағдайында мектеп оқушыларының кәсіби бағдары өзекті мәселелердің біріне айналды. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі — жар таңдағанда, екіншісі — мамандық таңдағанда» деп бекер айтылмаса керек. «Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» деген мағынаны білдіреді. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі — маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі — еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі. Мамандық таңдаудың екі әдіс-тәсілі бар: Бірінші әдісі- сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі салаларда жұмыс істеуіне болады, бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар, еңбектің қуанышын сыйлайды. Бұған адам өмірінің жартысы кетуі мүмкін. Екінші әдіс-қандай мамандық таңдаса да, әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін ойын, есте сақтауын, қабылдауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу. Өзің туралы білген соң, мамандық әлеміне танысуға, сол мамандықтағы өз мүмкіншілігін білуі қажет. Тағы бір үшінші жол бар. Ол-өзінің ата-анаңның, атаңның немес бабаларыңның мамандығын таңдау. Мұндай жағдайда егер отбасында мамандықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады. Бірақ ең бастысы-адаманың өз мамандығына деген қарым-қатынасы, өз ісіне деген сүйіспеншіліктен туындамақ.

С.Мизамбекова, Ақтоғай орта мектебінің ұйымдастырушы-педагогі

Leave A Reply

Your email address will not be published.