БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР

0

Бата ғасырлар бойы  тарап, өмірдің келбетіне айналған дәстүрдің бірі. Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің ақ батасын алуға тәрбиелеген.

«Баталы елге бақ қонар» деген. Халық бата жасалған жерде жақсылыққа сеніп, ынтымақ, береке болады деп ырымдайды. Батаға үлкен сеніммен қарайды.

Осыған орай, аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Саудакент ауылындағы мәдениет үйінде  қариялар арасында «Батамен ел көгерер» атты аудандық байқау өтті.

Аталған шарада аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев, аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов құттықтау сөз сөйлеп, өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталып, байқаудың негізгі мақсаты ата-бабамыздың байырғы салт-дәстүрін, бабалардың ұлағатты, ғибратты сөз-дерін жаңғыртып, әдет-ғұрыпты дәріптеу, сонымен қатар, сөздің асылы, ақ тілектің атасы, бата беру дәстүрін жас ұрпаққа жеткізу және жалғастыру екендігін айтып өтті.

Аталмыш шараға Жаңатас қаласы және ауылдық округтерден 11 батагөй қариялар қатысты.

Байқауға қатысушы қариялар   «Үміткерлердің өз батасы», «Ел есіндегі белгілі тұлғалар батасы», «Ұлттық салт-дәстүр» номинациясы бойынша сынға түсті.

Байқау  нәтижесінде  бі-рінші орынға жайылмалық Үмбетов Кенжеболат қария, екінші орынға  ақтоғайлық Түлеуов Серік қария, жүлделі үшінші орынға жаңаталаптық Орынтай Ізтай қария ие болды.

Байқау жеңімпаздарын аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов арнайы дипломдармен, заттай сыйлықтар және барлық байқауға қатысушы қарияларға «Аmanat» партиясы  аудандық фи-лиалының төрағасы М.Есмұрзаев Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.  Бата байқау-ының 1-орын жеңімпазы К.Үмбетов облыста өтетін «Батаменен ел көгерер» атты байқауына жолдама алды.

Сондай-ақ,  аудандық мәдениет үйінің «Сарысу» триосы халық әндерінен шашу шашты.

С.Есқараев, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.