БАЛА-БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

0

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде аудандық ата-аналар форумы өтті.

Форумға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов, медицина ғылымдарының докторы, психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының профессоры, жоғарғы санаттағы дәрігер Белгібай Шахметов, аудандық білім бөлімінің басшысы Ілияс Баймағамбетов, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қуанышбек Қалжанов, тиісті сала басшылары, мектеп директорлары, орынбасарлары, мұғалімдер мен ата – аналар қатысты. Форумды аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов ашып, жүргізіп отырды.

Форумда медицина ғылымдарының докторы, психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының профессоры, жоғарғы санаттағы дәрігер Белгібай Амангелдіұлы «Психикалық денсаулықты қорғау және нығайту – әрбір жеке тұлғаның және қоғамның 1-ші мәселесі» тақырыбында  ата –аналарға кеңінен түсіндірді.

Бұдан кейін аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі  Қуанышбек Қалжанов     «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»  тақырыбында жан-жақты түсіндірді.

Басқосу барысында  аудандық білім бөлімінің  бала тәрбиесімен тығыз байланыс жасайтын сала мамандары  ауданымыздың білім саласындағы бала тәрбиесіндегі негізгі және проблемалық мәселелер жөнінде түрлі тақырыптарда тренинг өткізді.

Одан кейін  Байқадам ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы            А.Төлмағамбетов сөз сөйлеп, бала тәрбиесіне ата-аналармен қатар, қоғам болып атсалысу керек екенін тілге тиек етті.

Аудандық білім бөлімінің басшысы И.Баймағамбетов бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөліне тоқталып, баланың бас ұстазы – ата – анасы екендігіне, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табатындығын айтып өтті.

С.Есқараев, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.