ДІНДЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕРЕК
Дін мен дәстүрді қатар ұстап қағиданы бұзбай келе жатқан халқымыздың бірлігі мен тірлігі жарасып келеді. Өзге ағымдардан аса сақ болу керек. Себебі жат ағымның шырмауына түсіп, адасушылыққа еру — тағдырыңа балта шапқанмен бірдей.
Жастардың бойындағы жат қылықтардың алдын алу мақсатында түрлі форматтағы кездесулер өткізіліп келеді.
Апта ішінде Жаңатас көпсалалы колледжінің мәжіліс залында «Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі бағыттары мен үрдістері» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге республикалық ақпараттық топтың мүшесі, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы Сәрсен Оразбай, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бөлім басшысы Ақбай Еркебұлан, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Олжас Бейсен, колледж ұстаздары мен студенттері қатысты.
Шара барысында Сәрсен Қарсыбайұлы сөз сөйледі. Діннің мәселелері күрделі мәселе. Діни ақпараттарды тек ресми сайттар мен имамдардан алу керек. Жат ағымға еру — білімсіздік. Ал білімсіздік соңы өкінішке душар етеді. Дұрыс қоғам қалыптастыруды қолға алу аса құптарлық іс. Бұл орайда, отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Сондықтан ашық ақпарат бір- бірімен алысқан заманда аса қырағы болу қажет,-деп жастарды жат ағымнан аулақ болуға, суицид жасамауға, отбасы тәрбиесінде үлкендердің ақылына жүгінуге шақырды. Маңызды мәліметтерге толы өткен кездесуде жастар толық ақпараттарды алып тарасты.
Жалпы, діннің тамыры өте терең, аса салмақты. Саналы ұлт болып қалыптасу үшін сабыр мен салмақтылықты сезінуді жастар түсінсе екен. Күрделі мәселелер қозғалып, тақырыптар талқыға түсе береді. Шешімін шығару болашақ жастардың қолында.
С.Тоқбанов, «SARYSÝ»
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылдың 1-ші тоқсанындағы қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі
Департаментпен 2023 жылдың өткен мерзімінде 26 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды, оның ішінде: тізім бойынша-10, жоспардан тыс -16, оның ішінде: Комитеттің тапсырмасы бойынша — 5, заңды және жеке тұлғалардың жолданымдары бойынша – 11.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 25 нысанда жалпы сомасы 6 623 088,3 мың теңге құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 1 043 044,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 5 580 043,6 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 5 290 861,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, қабылданған ден қою шараларымен жалпы сомасы 4,263 млрд. теңгеге 3 мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары бұзылды.
Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуі тиіс 1 043 044,7 мың теңгеден қолданылған шаралар арқылы 500 986,1 мың теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 48,0 пайызды құрады. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындылары бойынша ден қою шараларымен анықталған бұзушылықтар үшін 40 лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды, 7 лауазымдық тұлғаларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 1707,7 мың теңге көлемінде айыппұл салынып толығымен өндірілді, яғни орындалуы 100,0 пайызды құрады.
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылдың 4 айында мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту
нәтижелері
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» № 392 заңының 14 бабы негізінде мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық бақылау жүргізеді.
Мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №598 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Камералдық бақылаудың мақсаты- бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Камералдық бақылаудың ден қою шаралары:
1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;
2) мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.
Департамент тарапынан, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаны мемлекеттік аудит объектісі, ол мемлекеттік аудит объектісіне тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындау қажет.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды мемлекеттік аудит объектісіне хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде дербес жойған кезінде, лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Егерде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарлама жоғарыда белгіленген мерзімде орындалмаған немесе тиісті деңгейде орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» № 235 Кодексінің 462 бабының 3 бөлігі негізінде Департамент, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасын толтыруға мәжбүр етіледі.
Аталған бап бойынша істерді әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген соттар қарайды.
2023 жылдың 3 айында хабарламаны орындамаған немесе тиісті деңгейде орындамағаны үшін 19 лауазымды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып сот қарауына жолданды және мекемелердің банк шоттарының шығыс операциялары тоқтатылған. Оның ішінде, бүгінгі таңға мерзімдеріне қарай 12 лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды, қалғаны сот қарауында.
Сонымен қатар, одан бөлек мемлекеттік сатып алу саласы бойынша заң бұзушылықтың жүйелі түрде қайталануына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру орын алуда.
Бұл ретте, 2022 жылы заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларына қатысты 562 әкімшілік хаттама толтырылып, 112,6 миллион теңге айыппұл салынды, оның ішінде:
1) мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын уақытылы орналастырмау;
2) әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақытылы жүгінбеу;
3) бәсекелестік ортаны сақтамай бір көзден келісім-шарт жасау;
4) конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында, қорытынды туралы хаттамада әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімін қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі сипатталымын көрсетпеу;
5) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу;
6) әлеуеттi өнiм берушiлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу;
Заң бұзушылыққа жол беру өз кезегінде бюджет қаражатының уақытылы әрі тиімді игерілмеуімен қатар, бюджет қаражатының үнемделуіне, мемлекеттік бағдарламалардың, орталық аппарат пен өңір басшысының тапсырмаларының уақытылы орындалуына кері әсерін тигізеді.
М.Т.Егембердиев, Жамбыл облысы
бойынша Ішкі мемлекеттік аудит
Департаментінің басшысы
Берегите землю
Почва наряду с воздухом и водой является средой , с которой человек непосредственно связан в течении всей жизни. Обитая на поверхности земли, добывая из почвы воду, производя различные земельные работы, человек постоянно подвергается воздействию отдельных почвенных факторов, которые в зависимости от условий могут различно влиять на состояние его здоровья.
Наибольшее гигиеническое значение имеют поверхностные слои почвы, которые способны удерживать воду, не пропуская ее в глубокие слои, вести к заболоченности, созданию малярийных очагов и ухудшению климатических условий (повышенная влажность).Эти же поверхностные слои почвы более всего доступны загрязнению извне и при попадании органических веществ животного происхождения могут представлять собой эпидемиологическую опасность вследствие возможного занесения с отбросами патогенных микроорганизмов, яиц гельминтов и личинок насекомых .Отдельные группы их могут обусловить возникновение и передачу эпидемических и эндемических заболеваний.
Почва, загрязненная органическими веществами животного происхождения, представляет собой благоприятную среду для сохранения и развития микроорганизмов ,среди которых могут быть возбудители инфекционных болезней . В чистой почве они не встречаются и микрофлора состоит из безвредных сапрофитов. Наибольшее количество микробов находится на глубине 1-2 сантиметров. В населенных пунктах и частном секторе городов, не имеющих канализации и благоустроенных приемников нечистот и отбросов ,при неправильном удалении их бактериальная загрязненность почвы во дворах может быть значительной и представлять опасность ,особенно в отношении дизентерии и гельминтозов. Выживаемость в загрязненной почве возбудителей дизентерии, брюшного тифа ,паратифа ,а также гноеродных инфекций исчисляется неделями ,а иногда и месяцами ,в зависимости от наличия питательного материала ,физических свойств почвы и общего микробного пейзажа.
За это время могут распространяться во внешней среде различными путями и вызывать прямо или косвенно инфекционное заболевания.
Через почву, проникающую в организм человека ,возможно заражение сибирской язвой, бруцеллезом и ботулизмом. Возбудители острых кишечных инфекций попадают из почвы главным образом в грунтовую воду или поверхностные водоемы и распространяются далее водным путем. Заражение может произойти через овощи, выращиваемые на огородах удобряемых необезвреженными нечистотами.
Большое значение имеет почва в распространении гельминтозов, являясь основной средой для развития и созревания яиц геогельминтов, которые могут сохраняться в земле длительное время. В организм человека яйца и личинки геогельминтов (аскариды, власоглав, острицы) попадают при употреблении немытых овощей и ягод и при еде немытыми руками, загрязненными инфицированной землей. Это особенно касается лиц ,имеющих контакт с почвой по роду своей работы : землекопов, шахтеров, огородников, а также детей, которые играя на земле и в песке, легко могут занести личинки геогельминтов в рот.
Для профилактики гельминтозов необходимо иметь благоустроенные туалеты, не допускать загрязнения дворов фекалиями и использовать последние для удобрения огородов и садов только после предварительного обезвреживания (компостирования и др.)
Мусор , отбросы оказывают неблагоприятные влияние в психогигиеническом отношении, вызывают неприятные зрительные и обонятельные ощущения, так как при разложении органических веществ образуются дурнопахнущие газы портящие воздух и воду. Регулярная очистка населенных мест служит важнейшей мерой охраны почвы от всевозможных загрязнений.
В настоящее время по району проводится месячник по санитарной очистке и благоустройству. Нам жителям района, если мы любим и ценим Землю на которой жили наши предки, живем мы, наше подрастающее поколение ,необходимо принять самое активное участие в очистке ,благоустройстве и хранить чистоту Земли на которой мы живем.
Ж.Садырбек, ведущий специалист Сарысуского районного управления
санитарно-эпидемиологического контроля
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Қазіргі таңдағы мəселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тəрбиесіне зиян əкелетіні бəрімізді алаңдатады. Бұл мəселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу-барша халықтың алдында тұрған ортақ мəселе екені айқын.
Бүгінгі таңда бұл мəселе осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю жəне ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Өз кезегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы барлық мемлекеттік органдарының жұмыс барысында аса маңызды құжат екені айқын. Міне, мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды тетігі болып отырған барлық салада да сыбайлас жемқорлықпен күрес басым бағыт ретінде белгіленуі тиіс жəне солай жасалып та отыр. Қазіргі уақытта еліміздегі барлық салада заңдар заман талабына икемделіп, кəсіпкерлердің республика аймағында еркін əрі ашық түрде жұмыс атқаруына қолайлы жағдай жасалып отыр. Мемлекеттік қызметкерлер бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса көңіл аударып отыр. Осы жағдайлармен күрестің тиімді нəтижесінде қызметік органдарында жемқорлық құқық бұзушылықтарды бұлтартпау жəне оны болдырмау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды жандандыруда. Жалпы, қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің алдын алуды əрбір азамат өзінен бастаған жөн деп есептеймін.
Игілік ауылдық округі әкімінің аппаратында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қағидаттары қатаң сақталуы бағытында жүйелі жұмыс жасалуда.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықты болдырмау мақсатындағы жүргізіліп жатқан іс-шараларға сәйкес, баннерлер ілінді. Сонымен қатар, әкімшілік ғимаратына кіргенде жеке тұлғаларға арналған арыз-шағым жәшігі орнатылған және жергілікті басылым беттеріне «Сенім телефоны» жарық көрген.
Бұл ретте, мен өзін Отанымыздың патриотымын деп есептейтін əрбір замандасыма айтарым, еліміздің биік белестерді бағындыруы, асыл мұраттарға қол жеткізуіміз біздің Отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты.
Ж.Жанайдаров, Игілік ауылдық округінің әкімі
індетпен күресу-міндет
Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Рес-публикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуі керек. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және оның алдын алу бойынша білім беру мекемелерінде іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Тоғызкент ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне құқықтық оқыту жұмыстары жоспарға сәйкес өткізіліп отыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.
А.Баймаханбетова, Тоғызкент ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы