БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

0

Ақпарат айдынында заманауи талаптарға сай қызмет етіп келе жатқан мамандардың жұмысы маңызды мағынаға ие. Ізденіс пен қажырлы еңбекті талап ететін бұл саланың қызығы мен шыжығы мол.

Осы орайда, сәрсенбінің сәтті күнінде 17 мамыр — байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесіне байланысты, аудандық телекоммуникация торабының өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесуде аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Үмбетұлы құттықтау сөз сөйледі. -Бүгінгі байланыс және   IT-мамандардың елдің ақпараттандыру саласына қосқан үлесі ерекше бағаланады. Үздіксіз коммуникацияны қамтамасыз ету -бұл күнделікті қажырлы еңбек, озық жабдықтар мен заманауи технологияларды пайдалана отырып, жаңа жобалар және әзірлемелермен жұмыс істеу. Сондықтан да сіздер әрқашан бір қадам алдасыздар.
Бүгінде аудандық коммуникация торабында 27 қызметші жұмыс атқарып, аудан көлемінде 3400 абонентті интернет желісімен қамтып отыр. Сіздердің ізденістеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен сала алдында тұрған барлық стратегиялық міндеттерді іске асырудағы жауапкершіліктеріңіз үшін әрқайсысыңызға алғысымды білдіремін — деп, ауданның әлеуметтік – экономикалық даумына үлес қосып келе жатқан бір топ сала мамандарын аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Аудандық телекоммуникация және байланыс торабының бастығы Н.Данияров әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудан басшыларына алғысын білдірді.

Самат ТОҚБАНОВ,

«SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.