АУДАНЫМЫЗҒА ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН КЕЛДІ

0

Өткен аптада ауданымызға  Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы С.Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков,  аудан әкімінің орынбасары Қ.Аманов, облыстық мәслихат депутаты А.Жолмаханова бірге бірнеше нысанда болды.

Іссапар барысында облыстық мәслихат төрағасы  А.Нұралиевті аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Үмбетұлы қарсы алып, ауданда атқарылып жатқан жұмыспен таныс-тырды.

Аралау барысында  аудандарда орналасқан  канал мен тоғандардың жай-күйін зерделеумен бастап, аудандағы егін шаруашылығын қолға алып,  диқандардың егістігіне су молынан жетіп, мал азығын мол жинау үшін жағдайды оңтайлы шешу жолдары айтылды. Одан кейін Тоғызкент ауылдық округінде жалғасын тауып, спорт мектебін аралап, ауылдағы балалар саны мен спорттық секциялардың көптігін ескере келе, спорт мектебіне күрделі жөндеу немесе үлкен спорт кешенін салу қажеттілігі айтылды.

Атап айтар болсақ спорт мектебінде жақын орналасқан аймақпен қоса алғанда балалар каратэ-до, күрес, қол күрес, дойбы бөлмесі, шахмат бөлмесі және саз мектебі бар. Қатысушы балалардың әлеуеті жоғары.

Сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасы Саудакент ауылындағы үш қабатты   аурухананы аралап, 300 адамға арналған ауруханада 60-қа жуық қана емделушілердің келуіне байланысты, тұрғындарға қажетті сауықтыру орталықтарын ашу керектігін айтты. Аурухананың бас дәрігері  Бағлан Жарылқасынұлы  бұл мәселе бойынша алдағы жос-парларымен бөлісті.  Облыстық мәслихат төрағасы бұл мәселе бойынша халықтың пікірін тыңдап қажеттілікке байланысты жұмыстар атқарылуы қажет екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар  Саудакент ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысты.

Сәулет Рысбекұлы, 

«Sarysý»

Мемлекеттік

 награда табысталды

Алтын құрсақты аналарға көрсетілетін құрмет пен ізет жоғалмайды. Халықтың санын көбейтіп, елдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ардақты нәзік жандылардың алар орны ерекше. Осы ретте, аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Мамытов  аналарды қабылдады.

Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы  С.Мамытов    және        көпбалалы аналар қатысты. Қабылдауда  сөз сөйлеген С.Үмбетұлы: — Құрметті алтын құрсақты аналар! Сіздерге ауданның демографиялық дамуына үлес қосып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, аналарға қанша құрмет көрсетілсе де, көптік етпейді. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бар. Отбасының ұйытқысы, шаңырақтың шаттығы бола білген баршаларыңыздың отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін,-деп «Алтын алқа», «Күміс алқа»  иегері атанған 12 анаға Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №191 Жарлығымен наградаларды тапсырды. Өз кезегінде Мемлекеттік наградаларды алған аналар мемлекет басшысының салиқалы саясат жүргізіп отырғандығын тілге тиек етіп, көпбалалы аналарға жан-жақты қолдау білдіріп отқан аудан басшыларына ризашылықтарын жеткізді.

5 ана-«Алтын алқа», 7 ана- «Күміс алқа» иеленді. Ресми дерек бойынша, ауданда «Алтын құрсақты» аналар саны-1598 болса, оның ішінде «Алтын алқа» — 667, «Күміс алқа» — 931, ал батыр аналар саны 134.

«Sarysý-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.