БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ БІЛІМ

0

Бастауыш сыныптар бойынша төртінші сынып оқушыларына математикадан инновациялық тапсырмаларды әзірлеудің ерекшеліктері мен тәсілдерін сипаттауға байланысты зерттеу берілген. Яғни, онда математикалық білімдерді, танымдық қабілеттерді, жалпыға бірдей оқу іс-әрекеттерін, оның ішінде электронды құрылғымен жұмысты біріктіру арқылы қамтамасыз ету.

Бұл тапсырмаларды ұсынудың мақсаты оқушылардың оқу немесе практикалық мәселені шешуге немесе компьютерлік технологияны пайдалана отырып зерттеу жүргізуге және қорытынды жасауға дайындығын бағалау болып табылады. Білім сапасын арттыру үшін тұрақты жағдайы мен тенденцияларды бақылау, дамыту, оқушылардың объективті оқу жетістіктерін бағалау болғандықтан, бұл әсіресе орта білім деңгейінің маңыздылығы мен олардың ары қарайғы тұлғалық негізі сарапталады.

Халықаралық TIMSS зерттеуінің негізгі мақсаты-бастауыш және орта мектептердегі математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру сапасын салыстырмалы бағалау. Әр төрт жыл сайын 4-сынып оқушыларының оқудағы жетістіктері, оның ішінде олардың білімі мен дағдысы ғана емес, пәнге деген көзқарасы, оқуға деген қызығушылықтары мен мотивациялары да бағаланады. Зерттеу 4-сынып оқушылары үшін математика және жаратылыстану ғылымындағы білім беру үрдістерін әрбір 4 жыл сайын бақылайтындай етіп жасалған. Осылайша, бастауыш және орта мектеп оқушыларының оқу жетістіктері, сондай-ақ бастауыш мектептен орта мектепке көшу кезіндегі математикалық және жаратылыстану біліміндегі өзгерістер бақыланады.

TIMSS халықаралық зерттеу құралына мыналар кіреді: жетістік сынақтары; са-уалнамалар (оқушыларға, оқытушыларға, оқу орнының әкімшілігіне, білім беру саласындағы сарапшыларға, зерттеу сапасын бақылаушыларға); әдістемелік қамтамасыз ету (зерттеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша ұлттық үйлестірушілерге арналған әдістемелік нұсқаулар, іріктеу бойынша нұсқаулық, мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық, тестілеуді өткізуге арналған нұсқаулық, еркін жауаптары бар тексеру тапсырмалары бойынша нұсқаулықтар, мәліметтерді енгізу бойынша нұсқаулық және т.б.) ;

Бағдарламалық қамтамасыз ету (сыныптар мен студенттерді таңдау үшін, деректерді енгізу үшін).

TIMSS инновациялық тапсырмасының айырмашылығы – ол ортақ сюжетпен өзара байланысты бірнеше бөлек тапсырмаларды қамтиды. Пішіні бойынша оларды күрделі тапсырмаларға жатқызуға болады. Олардың мақсаты — қалыптастыруға көмектесу. Бастауыш мектебінде білім беру негізіндегі оқулықтарда дамуы қамтамасыз етілмеген тапшы дағдылар. Күрделі тапсырмаларды құрастыру барысында жинақталған тәжірибе олардың ерекшеліктерін сипаттауға және дамудың кейбір тәсілдерін тұжырымдауға мүмкіндік берді.

М.Төребекова, Абылай хан мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Повышение эффективности пенсионной системы

С 1 января 1998 года в Республике Казахстан в соответствии с Законом РК «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» (далее — Закон) введена накопительная пенсионная система.Размеры солидарных пенсий постепенно сворачиваются, так как при их назначении учитывается трудовой стаж, выработанный только до 1 января 1998 года, то есть до введения накопительной системы.

Снижение размеров солидарных пенсий должно компенсироваться накопительной пенсией, формируемой за счет обязательных пенсионных взносов (чем больше период перечисления и размер пенсионных взносов, тем выше ее размер).

В настоящеевремя, пенсионные выплаты включает в себя несколько компонентов:

во-первых, это государственная базовая пенсионная выплата, которая на минимальном уровне составляет 60%от прожиточного минимума. Она гарантируется всем гражданам, имеющим трудовой стаж 10 и менее лет или которые, вовсе не имеют трудового стажа. При этом для граждан, имеющих больший трудовой стаж, размеры базовой пенсии увеличиваются по 2% за каждый год сверх 10 лет, и при стаже 33 и более лет базовая пенсия достигает максимального размера — 100% от прожиточногоминимума;

во-вторых, это солидарная (трудовая) пенсия, которая выплачивается из республиканского бюджета, лицам, достигшим общеустановленного пенсионного возраста и имеющим по состоянию на 1 января 1998 года не менее шести месяцев трудового стажа.

Основными условиями назначения солидарной пенсии являются, наличие трудового стажа до 1 января 1998 года (мужчинам/женщинам для полной пенсии — не менее 25/20 лет; при стаже менее 25/20 лет назначается неполная пенсия пропорционально выработанному стажу), а также среднемесячный доход залюбые 3 года подряд, начиная с 1998 года, независимо от перерывов в работе.

в-третьих, это накопительная пенсия, где пенсии из действующей накопительной пенсионной системы формируются за счет 10%-ных обязательных пенсионных взносов самих работников.

При этом, величина получаемых пенсий зависит от величины пенсионных взносов и их регулярного перечисления в единый накопительный пенсионный фонд, а также от уровня доходности пенсионных накоплений.

Таким образом, отмечаем, что пенсионное обеспечение на всех трех уровнях (солидарная, базовая и накопительная пенсия) привязано к трудовому стажу. Чем дольше трудовой стаж, тем выше будет размер пенсии.

Вместе с тем, в Послании Президента страны Токаева К.К. к народу Казахстанаот 1 сентября 2022 года «Справедливоегосударство. Единаянация. Благополучноеобщество» представлен новый пакет мер по повышению эффективности пенсионной системы.

Один из них — приостановление с 2023 года на 5 лет запланированного повышения пенсионного возраста женщин на уровне 61 года.

Данная мера принята с учетом негативного влияния пандемии коронавируса наздоровье и продолжительность жизни граждан.

Планируется, что в течение последующих 5 лет будут приняты меры поулучшению системы здравоохранения. При этом особое внимание будет уделено сельской медицине, созданию и расширению сети реабилитационных центров, направленных на восстановление и поддержку здоровья граждан.

В этой связи, в период до 2028 года будет осуществляться постоянный анализ факторов, которые учитываются при определении пенсионного возраста в стране: демографические, экономические показатели, динамика продолжительности жизни, состояние здоровья населения, размеры пенсий и др., по результатам чего будет дополнительно рассмотрен данный вопрос.

Также по поручению Главы государства, с 1 января 2023 года до 2027 года предусматривается поэтапное повышение размера минимальной базовой пенсии с 54% до 70% от величины прожиточного минимума, максимальной – со 100% до 120%, соответственно. При этом ежегодный рост среднего размера базовой пенсии будет составлять порядка 13% (завесь период 51%). Предлагаемые меры позволят к 2025 году повысить совокупную пенсию в среднем на 27%.

Ш.Усубалиева, главный специалист отдела пенсионного и социального

обеспечения №1

А.Рахимов, руководитель Сарысуского районного отдела  социального обеспечения

Ана мен бала құқығы отбасы тыныштығының негізі

Елімізде ана мен баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекетіміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі

болып саналады.

Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Қонституцияда анық жазылған. Сонымен қатар, балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі болғандықтан, олардың құқығы қорғалуы тиіс. Және қоғамның әлсіз қорғалған өкілдері және олар ерекше қорғауды қажет ететіндіктен, ол сәбиді мемлекет өз қамқорлығына алады.

Қазақстан аумағында балаларды тәрбиелеудегі қатынастарды реттеуде  – Қазақстан Республикасы Азаматтық-процестік кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексін, «Бала құқықтары туралы» Заңын басшылыққа алады. Аталған нормативтік құқықтық актілерде балалардың әлеуметтік және материалдық құқықтары анықталған. Бұл заңда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мақсаттары, олардың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылды. Баланың отбасындағы қарым-қатынасына, бала мен қоғамға, мүгедек баланың құқықтарына және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарына бөлек тараулар арналған. Мемлекеттік саясаттың балалар мүддесі үшін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу, құқықтары бұзылған жағдайда қалпына келтіру, бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру және балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және өнегелік жағынан дамуына жәрдемдесу сияқты негізгі мақсаттарды айқындаған. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық тудырып, отбасындағы балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесі өзекті екенін атап өтті.

Аналардың құқықтарын қорғау назардан тыс қалған емес. Еліміздегі гендерлік стратегия, жүктілік пен босану, еңбек демалысына әлеуметтік қолдау, құқықтық және медициналық көмек, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, отбасын қолдау және дағдарыс орталықтары іске асырылуда.

Бүгінгі зайырлы, құқықтық мемлекетімізде аналардың сапалы білім алып, түрлі салада қызмет жасап, мансаптық тұрғыда көтерілуіне, балалардың тегін білім алу құқығын ешкім де шектей алмайды.

Отбасында баланың өміріне ең бірінші жауапты тұлға – әке мен ана, кез-келген ата-ана өмірге әкелген баланың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне тікелей жауапты. Алайда, неке бұзылған жағдайда, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті және ерлі-зайыптылардың біреуі бұрынғы жұбайынан алименттер өндіріп алуға талап қою арызымен сотқа жүгінуге болады.

Бүгінгі күні кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, жекелеген жағдайларды қоспағанда, ешқандай тарап алимент төлеу жөніндегі міндеттерден босатылмайды.  Сарысу аудандық соты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы істерді қараған кезде заңнаманы қолдану туралы» қаулысын негізге ала отырып,ерлi-зайыптылардың некелері бұзылған жағдайда кәмелетке толмаған балаларының мүддесi мен құқығын қорғау үшiн барлық шара қолданады.

Нақтыласақ, осы сипаттағы сот iстi қарау барысында ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған балаларының неке бұзылғаннан кейiн кiммен тұратындығы туралы, балаларды асырауға арналған қаражаттардың төленуi тәртiбi және оның мөлшерi туралы келiсiмге келген-келмегенiн анықтайды.

Егер ерлi-зайыптылар арасында кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімді келiсiм болмаған жағдайда, сондай-ақ сотқа ұсынылған келiсiм балалардың мүддесiне қайшы келген жағдайда, сот жоғарыда аталаған мәселелерді  анықтауға мiндеттi.

Сондай-ақ, балалардан бөлек тұратын ата-ана балаларды тәрбиелеуге қатысуға мiндеттi және олармен араласуға құқықты екенiн, ал екiншi ата-анасы бұған кедергi жасауға құқығы жоқ екенiн түсiндiруi тиiс. Бұл туралы сот мәжiлiсi хаттамасында жазылады. Ерлі-зайыптыларға татуласу үшін мерзім беру кезінде, егер бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтын алименттерді өндіріп алу туралы талап қою арызы берілген жағдайда, сот алименттерді өндіру туралы талапты бөліп, жеке іс жүргізіп қарайды.

Егер балаларға алимент өндiру туралы талапты талқылаған кезде, ата-анасының бірі туу туралы актiдегi баланың әкесi немесе анасы жөнiндегi жазбаға дауласса, оларды жеке өндiрiсте қаралады. Сот, некенi бұзу туралы талаптан бас тартылған жағдайда, алайда  талапкер алиментті өндiруді талап етсе, жеке өндiрiске бөліп қаралады. Бұл туралы шешiмнiң қорытынды бөлiгінде көрсетiледi. Яғни, отбасындағы ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті. Егер мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбы,  еңбекке жарамсыз мұқтаж немесе мүгедектігі бар ортақ баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар  ортақ баланы асырап-бағу үшін алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайынан сот тәртібімен алимент беруді талап етуге құқығы бар.

Бұл кодекстің талабы бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығына да қатысты. Ерлі-зайыптылардан және бұрынғы ерлі-зайыптылардан сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін олардың материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында сотпен айқындалады. Одан бөлек «Неке (ерлі-зайыптылық)және отбасы туралы» Заңының 67-бабына сәйкес, баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiнің қорғалуына құқығы бар. Атап айтсақ, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, прокурор және сот, сондай-ақ ішкі істер органдары және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Д.Кадерқұлқызы, Сарысу аудандық сотының судьясы

Қазақ тілді платформалар

«Tilalemi.kz»-тіл саясатын жүзеге асыру саласындағы жаңалықтар, лингвист ғалымдардың мақалалары, республикалық конкурстардың, іс-шаралардың ережелері және т.б. орналастырылған портал. Сонымен қатар порталда кітаптар, мультимедиялық бағдарламалар, сөздіктер мен

журналдар орналастырылған.

«Аbai.institute» — қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген веб-портал. Портал 7 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған және Android, iOS платформалары арқылы жүктеуге қолжетімді.

«Tilqural.kz» — қазақ тілін кезең-кезеңмен оқуға арналған веб-сервис. «Tilqural.kz» ересектерге қазақ тілін А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде үйренуге мүмкіндік береді. Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады.

Сайт тіл оқушының сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға, еркін оқуға, өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізуге, сөздерді дұрыс дыбыстауға, сөйлемдерді сауатты құрастыруға мүмкіндік береді. Пайдаланушы жеке кабинетінде орындаған сабақтарының статистикасын көре алады. Сервис Android, iOS платформалары арқылы жүктеуге қолжетімді.

«Tilmedia.kz» үштілді сайты қызықты және тиімді тәсілдер арқылы орыс және ағылшын тілді азаматтарға қазақ тілін үйренуге мүмкіндік береді. Тілдерді оқыту әдістемесі аудио және бейне мазмұнға негізделген.

Сайтта латын және араб графикасы қарастырылған.

«Вalatili.kz» сайты үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналады.

Сайтта баланың өзіндік жұмысына арналған жұмыс парақтары, ұcтаздар мен тәрбиешілерге, ата-аналарға әдістеме парақтары ұсынылған. Грамматика мен орфографияны үйренуге арналған материалдар, соның ішінде интерактивті әліпби мен ойындар, жас ерекшеліктеріне сәйкес аудиодиктанттар, каллиграфиялық дағдыларды дамытуға арналған тапсырмалар, қосымшалар қарастырылған.

Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқуға арналған көркем мәтіндер, соның ішінде қызықты әңгімелер, тақырыптық өлеңдер, интерактивке негізделіп жасалған жаңылтпаштар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер топтастырылған.

«Emle.kz» сайты қазақша дұрыс жазу, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды. Деректер базасында қазақ тілінің өзекті орфографиялық сөздігі, орфография ережелері, осы салаға қатысты ғылыми әдебиеттер бар. Сайттың «Әдеби тіл нормалары» блогында сөз сазы, оның көркем әдебиет пен өмірдегі маңызы, ережелері мен қағидалары берілсе, «Орфография» блогында сөздердің дұрыс жазылу ережелері беріледі. Сондай-ақ кірме сөздер мен терминдік мәнге ие сөздердің бұрынғы және қазіргі жазылу барысындағы айырмашылықтары салыстырмалы түрде көрсетіледі. «Пунктуация» блогында тыныс белгілердің қойылу ретіне байланысты ережелер енгізілсе, «Аббревиатура» блогында қысқарған сөздер, олардың толық атаулары, қысқарылу реті, атаулар мен сөздерді қысқарту барысында басшылыққа алынатын қағидалар мен сүйенетін заңдылықтар келтіріледі. «Мақалалар» блогында осы саладағы ғалымдардың ғылыми мақалалары келтірілген. Оқырман автормен байланысып, мақаланың астына пікір қалдырып, сұрағына жауап ала алады.

«Termincom.kz» сайты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді бірыңғай электрондық базаға үздіксіз енгізу мақсатында құрылды.

Cайт «Бекітілген терминдер», «Терминдер хронологиясы», «Қолданыстағы салалық терминдер», «Ойталқы», «Құқықтық-нормативтік база», «Ғылыми-әдіcтемелік негіздер» және «Іздеу» бөлімдерінен тұрады.

«Sozdikqor.kz» — әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздермен және тұрақты сөз тіркестерімен, ескірген қазақ сөздерімен, кірме сөздермен, ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасымен танысуға мүмкіндік беретін алғашқы әмбебап платформа.

Порталға 60-қа жуық түрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялар енгізілген. Атап айтқанда, 15 томдық Қазақ әдеби тілінің сөздігі, Абай сөздігі, Ахмет Байтұрсынов энциклопедиясы, қазақ тілінің синонимдер сөздігі, қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі және т.б.

Порталдың іздеу жүйесі арқылы сөздердің анықтамасын, синонимдерін, антонимдерін, омонимдерін, сөздердің фразеологиялық тіркестерде кездесу жиілігін білуге болады.

Порталдың мобильді қосымшасын Goolge Play және App Store-дан жүктеуге болады. @Sozdikqor.kz тelegram-бот жұмыс істейді.

«Qujat.kz» — құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде сауатты әзірлеу бойынша үлгілер мен нұсқаулықтар берілген электрондық база. Сайтта іс-қағаздарын жүргізу 2-ге бөлінген: «кеңсе» және «кадр» құжаттары, онда құжаттардың жеке үлгілері ұсынылған.

Құжаттардың екі жүзден астам үлгісі (қазақ және орыс тілдерінде) PDF және DOC нұсқаларында қолжетімді.

Құжаттардың үлгілеріне онлайн өзгерістер енгізу мүмкіндігі қарастырылған.

«Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) — еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін негізгі ұлттық портал. Порталдың көпфункционалды конвертері мәтіндерді кирилден латынға және төте жазуға онлайн сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

«Qazcorpora.kz» — қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусы.

Корпус – белгілі бір тілдегі мәтіндердің электронды түрде жинақталуына негізделген ақпараттық-анықтамалық жүйе. Корпусты құрудың негізгі мақсаты – табиғи тілдік ресурстарды жинау, қалыпқа келтіріп, жүйелендіру, нәтижелерді ұтымды пайдалану үшін тұтынушыларға ұсыну.

Публицистикалық мәтіндер корпусына «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан», «Заң» газеттерінде жарияланған мақалалардың электронды көшірмелері енгізілді.

Мәтінге 12-20 параметрлік метабелгілер (мәтін авторы, мәтін тақырыбы, мәтін стилі, жанр, мәтін түрі, хронотоп, дереккөз, басылым мерзімі және т.б.) жасалды. Алдағы уақытта публицистикалық стильдің басқа да ішкі жанрларын қамту, сондай-ақ басылым кезеңдері бойынша ұлғайту және дереккөздердің атау-лары бойынша кеңейту көзделуде.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы»

Leave A Reply

Your email address will not be published.