ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫНАН ҚОРҒАНУ

0

Адамдарда гельминтоз ауруының әр түрі кездеседі.Солардың ішінде адам өміріне ең қауіптісі эхинококкоз болып саналады. Бұл індет негізінен адамдарға иттерден жұғады.Ал иттер эхинококкозбен індеттенген ауыршаруашылық (қой,сиыр,шошқа) малдарының ішкі ағзаларын  жегенде жұқтырады. Эхинококкоз жұмыртқалары жұқтырған иттердің үстінде, құйрығында, аяқтарында кездеседі. Егер адам эхинококк жұқтырған итті сипалап, сосын қолын сабындап жумай тамақ жесе, эхинококкозбен ауыруы мүмкін. Эхинококк жұмыртқасымен ластанған жеміс-жидектерді жумай жесе, ашық су айдындарынан алынған суды қайнатпай ішсе адамдар эхинококкозбен ауырады. Эхинококк жұмыртқалары шөп, пішен, су арқылы ауылшаруашылық малдарының ағзаларына өтеді.

Адам эхинококкозбен індеттегенде  оның бауыры, өкпесі және басқа да ағзалары ауырады.Адам өмірін эхинококкоздан қорғауға тек қана хирургиялық әдіс қолданатындықтан, бұл қауіпті індет болып табылады.

Адамдарда эхинококкозды болдырмау үшін не істеу керек:

Ең алдымен итті мал дәрігеріне көрсетіп, дұрыс күтімде ұстау керек, әр тоқсан сайын эхинококкозға қарсы дәрі-дәрмек беру қажет.

Итке ауылшаруашылық малдарының шикі ағзаларын бермеген жөн,өйткені оларда эхинококкоз індетінің қоздырғыштары кездесуі мүмкін.

Итті байлап ұстау қажет.

Иттің асханаға кіруіне, төсекке жатуына, бетті жалауына жол бермеу керек.

Жеке бастың  гигиена ережелерін сақтауды ұмытпаңыз. Итті әр ұстағаннан кейін қолды сабындап жуып тұрыңыз, жеміс-жидектерді мұқият жуып, ашық су көздерінің суын қайнатпай ішпеңіз.

ОСЫ АТАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ СІЗДІ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ ҚАУІПТІ ІНДЕТТЕН ҚОРҒАЙДЫ.

К.Таңатарова, Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

БАЛЫҚ  АУЛАУШЫЛАРДЫҢ  НАЗАРЫНА

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы міндетін атқарушысының 2015  жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына сәйкес «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы»

№190 бұйрығының 2-қосымшасы, 9- бабының, 28-тармағына сәйкес, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде балық аулауға тыйым салынады:

  1. Шу-Талас бассейнінің басқа су айдындарында 2023 жылдың 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салынады.

О.Адилханов, «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-нің аңшылықтанушы

Мемлекеттік

тіл- қызметтік тіл

Тәуелсіз елдің жас ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өз-өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, жан-жақты адам ретінде қалыптастыруда ана тілінің атқарар қызметі зор.

Бұл ретте біріншіден “Мемлекеттік тіл туралы” заң қабылдануы, екіншіден “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі қажет. Мемлекеттік тіл болғаннан соң қазақ еліне тағдыр талайымен келіп қоныстанып қалған, өсіп-өрбіген барша этнос өкілдерінің тілі. Сол ұлттар Отаным деп танитын елдің мемлекеттік нышаны. Қандай қоғам болса да өзара түсінісу үшін ортақ тіл таңдайды. Қазақ тілі – осындай барлық қазақстандықтардың ортақ тілі. Ортақ тілі болған соң олардың осы елде өмір сүру, жұмыс істеу, өзара қарым-қатынасқа түсу тілі болуы тиіс. Қазақ тілінің байлығы -қазақ халқының қазақ ұлтының байлығы.Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана  біздің Қазақстан кез-келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.

А.Утеева,  Сарысу аудандық соты кеңсесінің бас маманы, сот отырысының хатшысы

дөңгелек үстел өтті

Аудандық сотта «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық мәселелерін түсіндіру»  атты тақырыпта  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Сарысу аудандық сотының төрағасы М.Үркімбаев, судья Д.Кадерқұлқызы, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысты.

Аудандық соттың төрағасы  М.Үркімбаев өз сөзінде : 2023 жыл наурыздан бастап күшіне енетін «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңның нормаларымен таныстыру. Заң азаматтарға кредиторлар алдындағы қарыздарын толығымен өтеуге және қаржылық проблемалардан шығуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің үш түрі   соттан тыс, сот арқылы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге қолданылатынын атап өтті. Осы Заң аясында борышкер процеске өтініш беру арқылы ғана қатыса алады.

Заң дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлемге қабілетсіз болуына байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады. Кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауына байланысты дара кәсіпкерлерде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында реттеледі.

Сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану, сондай-ақ бітімгершілік келісім жасасу туралы арызды осы Заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Тексеруді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатындығын атап өтті.

Жиын барысында қатысушылар жаңа кодекстің кейбір нормаларының тәжірибеде қолданылуын қызу талқылап, өзара пікір бөлісті. Төраға М.Үркімбаев мәжіліске қатысушылардың қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.

«SARYSÝ-AQPARAT»

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке қоғам болып, атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Сыбайлас жемқорлық – бұл індет, ол бір күнде шеше салатын шаруа емес. Бұл індетпен күрес тек мемлекет тарапынан емес, бүкіл ел болып жұмылғанда ғана жеңуге болатыны анық.

Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне, рухани кемелділігіне байланысты. Әрбір азамат және әрбір мемлекеттік қызметшілер қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керек. Сол кезде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға төнген қауіпінен құтылармыз деп санаймын.

Ғ.Есенбекова,   Арыстанды орта мектебінің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.