АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

0

1 наурыз – Алғыс айту күні Арыстанды ауылында аталып  өтті.  Іс-шарада аудан әкімі М.СҰЛТАНҒАЛИЕВ, аудан ақсақалдары Арыстанды орта мектеп ауласына жастардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру мақсатында жеміс

талдарын отырғызды.

Мерекелік кеште аудан әкімі М.Сұлтанғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жұмаділдаев құттықтау сөз сөйледі. Одан кейін ауыл ақсақалы Сулхадин Қасымов, кеңпейіл, дархан, құшағын ашып, бауырына басқан қазақ еліне үлкен алғысын жеткізді.

Шарада  «күрді» этнос өкілдері қазақ еліне алғысын жеткізген театрландырылған қойылым көрсетті.Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аудан өнерпаздары “Мерекем”, ”Ананың тілі”, ”Сайра бұлбұлым”, ”Әкеге алғыс”, ”Әз-Наурыз” әндерін орындап, ”Гованд”, ”Испан“, ”Қара жорға” билерін биледі. Этномәдени бірлестік өкілдері өз тілдерінде наурыз мерекесімен құттықтап,алғыстарын керемет қарасөзбен, өлең жолдарымен жеткізді.Сондай-ақ жасөспірімдер арасында «кір тасын көтеру», «арқан тарту»  спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.

Одан кейін аудан әкімі М.Сұлтанғалиев ауылдың тірлігін ұйыстырып, бірлігін арттырып отырған, қазыналы қариялар Сулхадин Қасымов, Жангир Ибрагимов, Хамит Исмайловтың үйіне арнайы барып, құттықтады.

С.Есқараев,

«Sarysý»

 

День благодарности

Первого марта в нашем районе в честь праздника было проведено много всевозможных мероприятий.  Торжественное мероприятие по случаю дня Благодарности прошло в районном доме культуры. В фойе была развернута выставка местных мастеров искусств и рукодельного творчества. Силами разных этнокультурных объединений был накрыт дастархан, где были представлены блюда разных народов.

Аким района М.Султангалиев поздравил всех жителей района с прекрасным праздником мира и созидания.

-Вот уже который  год Казахстан отмечает День благодарности. Как известно из истории, наши предки во времена войны и голода, несмотря на все трудности, приютили всех переселенцев, делились с ними последним куском хлеба, проявив исконное казахское гостеприимство. Казахстанцы прекрасно понимают непреходящую ценность дружбы, мира, сплоченности, — подчеркнул аким района М.Султангалиев. Общественное согласие — залог стабильности, развития. Выражаю благодарность всем за то, что проявили небывалое единство и сплотились как один при ураганном шторме в первые дни января. И вручил ряд благодарственных и почетных грамот , которые вложили усилия при устранении последствий стихии.

Работники районного дома культуры показали спектакль о тяжелых временах нашей страны, когда все ушли на фронт, а эшелоны везли несколько тысяч переселенцев. И как простые казахские семьи, несмотря на голод, спасали прибывших не по своей воле немцев, ингушей, татар и других.

Закончилось мероприятие праздничным концертом.

Жанна ЖЕТЕНОВА, «Sarysý»

Қайырымдылық-асыл қасиет

Үшбас негізгі мектебінде «Қамқорлық»  қайырымдылық акциясының жұмыс жоспары  бекітіліп, бірқатар іс-шаралар өткізілді. Әлеуметтік  педагог Аязкүл Аманбекованың  ұйымдастыруымен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы болып өтті.

Акцияның алғашқы күні Үшбас негізгі мектебінде 2-9 сынып  білім алушыларға «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының  іс-шара жоспары  таныстырылып, акцияға арналған ақпараттық  бұрыш  жасалынып,  білім  алушыларға таныстыру  жұмыстары  жүргізілді. Сонымен қатар, мектебімізде әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, жартылай  жетім  отбасы  балаларына  әлеуметтік  көмек  көрсетілді.  Аз қамтылған  отбасынан шыққан  бір  оқушыға 2000 (екі мың) теңгеге  оқу  құралдарын  алып  берді. Сонымен  қатар жартылай жетім отбасынан шыққан екі  оқушыға Үшбас ауылының  азаматы  Бейсенбеков  Амантай  10000 (он  мың) теңгеге  оқу  құралдарын  алып берді.    Ал, «Жүректен – жүрекке», «Қамқорлық» қайырымдылық  күніне  орай   2-9 сыныптар  аралығында сынып  жетекшілер  тәрбие   сағаттарын  өткізсе, ал 2 – 9 сынып  оқушылары  арасында «Қамқорлық», «Мейірімділік», «Қайырымдылық» тақырыбында  сурет  байқауы  ұйымдастырылды.  Білім  алушылар  тақырыпқа  байланысты  суреттер салды.

Үшбас  негізгі  мектебінде  оқитын  аз қамтылған, жартылай  жетім, көп балалы отбасы балаларына байланысты өткізілген «Қамқорлық» қайырымдылық  акциясы өз деңгейінде  жүргізілді.

А.Аманбекова, 

әлеуметтік педагог

Тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің өсуіне жағдай туғызу

Мемлекет тарапынан мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуға баса назар аударылуы  педагогтың біліктілігіне де жаңаша қарауды талап етеді. Өйткені мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын жетілдіру тікелей педагогтың даярлығына байналысты.  Кез – келген педагогтың тәжірибелі маманға  айналуы сан жылдар бойы үзіліссіз жалғасады. Бұл орайда балабақшадағы маманның кәсіби өсуіне байланысты ұйымдастырылатын әдістемелік жұмыстың мақсаты мектепке дейнгі балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістері мен түрлерін таңдап, педагогтарға нақты практикалық көмек көрсету керек.

Педагогикалық кеңес – педагогтың өз жұмысын ұжым назарына ұсынудың бір түрі болып табылады.  Кеңеске дайындала отырып педагог өз тобындағы балалардың білім және дағдыларының даму деңгейі, балалармен жұмыс істеудің түрлі әдіс –тәсілдері, жұмыс барысындағы кемшіліктердің себептерін айқындау.

Семинар – практикумдар – педагог қандай да бір іс – әрекетті орындау арқылы техникалық әдісті меңгереді, пәндік дамытпалы ортаны қажетті көрнекі құралдармен толықтыруға мүмкіндік алады. Кеңестер – жоспарлы түрде немесе ауызша, педагог қажеттілігіне қарай өткізілуі мүмкін.  Жоспарлы кеңестерде  медбике, педагог-психолог, дефектолог, т.б арнайы мамандар педагогтарға қосымша ақпараттар ұсынса, ауызша, педагог қажеттілігіне қарай ұйымдастырылған  кеңестерді меңгеруші, әдіскер, білікті педагогтар, тәлімгерлер өткізеді.

Білім жетілдіру курстары – педагогтың кәсіби өсуіне оң ықпал етеді.  Педагог мұндай курстардан 3 жылда бір рет өтіп тұру керек. Жұмыстың жоғарыда аталған түрлері педагогтың өздігінен білім алуына негізделіп ұйымдастырылады. Өздігінен білім алуды тәрбиешілердің қажеттілігіне айналатындай етіп ұйымдастыру – меңгеруші мен әдіскердің негізгі міндеті. Ұжымда қызметкерлердің өзінің кәсіби өсуіне және өздігінен білім алуымен айналысуына жауапкершілікпен қарау.

Мектепке дейінгі ұйым педагогының кәсіби өсуін ұйымдастыруда төмендегі қағидаларды ұстануды ұсынамын. Кез келген әрекетіңіздің міндеті мен мақсатын айқындап алыңыз. Маманға оқулықтағыны оқып бере салып, үстемдік жүргізіп, өктемдік танытудан аулақ болуды, баланың мінез-құлқын, ішкі жан-дүниесін білуді, оның жетістігіне қуанып, жүрегіне рухани адамгершілік қасиеттерін, өз кәсібін сүюді үйретіңіз.  Сіздің көмегіңізбен әр педагогтың бойына білімдарлық мәдениет, білімге құштарлық, шығармашылық құлшыныс, әдеп, талант, ұстаздық шеберлік қалыптасқан болса, еңбегіңіздің зая кетпегені деп есептеңіз.

А.Жылысбаева, «Саин» МБО ЖШС балабақшасының әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.