ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

0

Мен,  Жолмаханова Айтбала Әбухасқызы 1965 жылы тамыз                               айының 31-ші жұлдызында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,   Жайылма ауылында дүниеге келгенмін.

1972-1982 жылдары Cаудакент ауылындағы Байқадам қазақ  орта мектебін бітірген соң,  Әл-Фараби атындағы Шымкент  педагогикалық мәдениет институтына түсіп, 1986 жылы  аталған институтты «Кітапхана тану және библиография» мамандығы бойынша бітірдім.

1986 жылдың шілде айының 14-ші жұлдызынан бастап Сарысу аудандық мәдениет бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде  аға библиограф қызметіне қабылдандым.

1992 жылдың қаңтар айының 16-шы жұлдызында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің аға тәсілгері қызметіне ауыстырылдым.

2009 жылдың шілде айының 29-шы жұлдызында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары қызметін атқардым.

2020 жылдан қазіргі уақыт-қа дейін   Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысымын.

Отбасылымын, екі ұл, бір қыз, 4 немерем бар.

Бірнеше мерекелік медальдармен марапатталғанмын.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры К.Сейітованың тапсыруымен «Кітапхана ісінің шебері» медалімен,  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының (Қазақ-станның құрметті кітапханашысы) төсбелгісімен,  Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін) мерекелік медалімен марапатталдым.

№ 15 сайлау округінен Облыстық  мәслихат депутаттығына кандидат  Жолмаханова Айтбала Әбухасқызының

сайлауалды  бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Мен  Жолмаханова Айтбала Әбухасқызы өз-өзімді  облыстық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде ұсынып отырмын.  Мен осы өз бағдарламамдағы мәселелерді шешуге бар күш-жігерімді салып, «Әділетті Қазақстанның» қалыптасуына үлес қосу, инфрақұрылым игіліктері саналатын  газ,  су, жарық және  жастар үшін тиімді, қолайлы бағдарламалар жасалуы керек.

Осы мәселелерге қол жеткізу үшін төмендегі бағдарламамды ұсынамын.

1.Жұмыссыздықтардың қатарын азайтып, жастарды жаңа ҚАЗАҚСТАН көшіне көптеп  тарту.

  1. Халықтың елеп-ескерілмей жатқан мұң – мұқтажын билік өкілдеріне жеткізу.

3.Сарысу ауданында талай жылдан бері шешімі табылмай келе жатқан  газ мәселесін тұрғылықты халыққа жедел шешу жағын  қарастыру, мәселесін табу.

  1. Мемлекеттік тілдің беделін көтеру.
  2. «Ана мен бала құқығын қорғау» бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі.
  3. Ауылдық жерлерде интернет желісі мен мобильдік байланыстың сапасын жақсарту басты мақсатым.

Менің ең басты мақсатым-еліме адал қызмет ету.  Жаңа Қазақстанның дамуына үлес қосу. Сіздерді Қазақстанның жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасайтындарыңызға сенімдімін! Сайлауға белсене атсалысуға шақырамын. Маған дауыс беріңіздер сенімдеріңізді ақтаймын. Әділетті Қазақстанды бірге құрайық.

Басты мақсат-халыққа қызмет.

№ 9 Өндіріс сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат Сейналиев Асанбай Ермекбайұлының сайлауалды  бағдарламасы

Мен Сейналиев Асанбай Ермекбайұлы 1975 жылы 13 ақпанда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Сарысу ауданы, Өндіріс ауылының  Ж.Отарбаев атындағы орта мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы аудандық спорт мектебінде жаттықтырушы қызметін атқарудан бастаған. 1993 жылы мамыр айында әскер қатарына шақырылып, 1994 жылы қазан айында Отан алдындағы борышын атқарып келді.

1997-2001 жылдар аралығында аудандық мәдениет бөлімінде әдіскер қызметін  атқарды.

2001-2003 жылдар аралығында Байқадам атындағы орта мектебінде тарих, география пәнінің мұғалімі.

2004 жылы Тараз қаласындағы «Тараз» институтын «Тарих және география» мамандығы бойынша тәмамдады.

2003-2006 оқу жылдарында мектеп психологі, 2006 жылдан  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2015-2021 жылдары №11 “Сарысу колледжінің” директоры болды.

2016-2021 жылдары алтыншы шақырылған аудандық мәслихат депутаты, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші шақырылған аудандық мәслихат депутаты.

2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап,  2023 жылдың 19 қаңтарына дейін  Сарысу аудандық мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарды.

Білім және  тәрбие саласындағы еңбектері еленіп, аудан әкімінің Құрмет грамотасы, “AMANAT” партиясының «Құрмет» грамотасы, аудандық мәслихаттың,  «Сарысу ауданының құрмет грамотасы», «Алғыс» хаты, облыстық білім басқармасының «Құрмет» грамотасы, ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мемлекеттік медалімен, аудандық мәслихаттың, аудан және қала әкімдерінің мерекелік медальдармен марапатталған.

Отбасылы. Екі ұл, екі қызы бар.

Алға қойған басты мақсатым, ұлтыма адал қызмет ету және тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеу жолында аянбай еңбек ету. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына барынша үлес қосу. Ал қазіргі таңда үкімет пен «AMANAT» партиясы белсенді жүргізіп отырған, мемлекеттік және ұлттық саясатты қолдай отырып, оның іске асуына барынша ықпал етемін. 2021 жылдың 15 қаңтарынан, 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін Сарысу ауданының мәслихат төрағасы қызметін атқара отырып, «AMANAT» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыра отырып, аудан және қала, ауыл аймақ бюджеттерін нақтылауда және де тиісті мекемелер мен ауыл округтерін зерделеу барысында халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуда өз үлесімді қоса білдім. Атап айтар болсам, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, ауыл аймақтарды ауыз сумен қамтуды, инвестиция тартуда, тұрғын үймен қамтуды, ауыл шаруашылығымен дамытуды, білім мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуді, спорт саласын дамытуды және ауыл округтерге фельдшерлік амбулаториялық аурухана салуды, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек беруде өз атымнан және аудандық мәслихат депутаттарының тарапынан сүбелі жұмыстар жүргізілді.

1.Халықтың  әл-ауқатының көтерілуінің басты шартының бірі- тұрғындардың жұмыспен қамтылуы.Кәсіпкерлік жұмыс аясын кеңейтуге, жаңа жұмыс орнын ашуға, сондай-ақ, ауылдық аймақ бойынша кедейшілік пен жұмыссыздықтың деңгейін түсіруді басты назарда ұстау.

  1. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының өркендеуі жолында маңызды салалардың бірі. Сондықтан ауыл тұрғындарының осы саланың дамуына көбірек тартуға күш сала отырып, мемлекеттік бағдарламаларының тиімділігін жеткізіп, мал басының көбеюіне ықпал ету.

3.Ауылдық жерлерде өркендетуге арналған мемлекеттік бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, абаттандыру, жолдарды жөндеу, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарын  ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

  1. Білім мекемелерінің материалдық- техникалық базасын заманауи талапқа сай жарақтандыру, өсіп келе жатқан ұрпақты Отансүйгіштікке, жастардың терең де тиянақты білім алуына, «Педагог мәртебесі» құндылықтарының сақталуына атсалысу. Өндіріс ауылындағы Ж.Отарбаев атындағы мектебінің сырт-келбетін жаңғыртуға ықпал ету.
  2. Соғыс және еңбек ардагерлерінің, көпбалалы аналар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, тұрмыс жағдайы төмен жанұялардың тұрмыс-жағдайларымен мұң- мұқтаждарын тиісті мемлекеттік орындар алдына қоя отырып, өз шешімін табуға ықпал ету.
  3. Ынталы су қоймасынан каналдар арқылы ауылдық округ бойынша суармалы жерлерге судың жетуі қиын. Осы мақсатта каналдарға латок салуға ықпал жасау.
  4. Игілік елді мекеніндегі мәдениет үйінің заманауи талапқа сай салынуына ықпал жасау. Осы мәселені алға тарта отырып, заманауи типтегі мәдениет үйін салуға сұраныс жасау.
  5. Ықылас Дүкенұлы кесенесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына назар аудару. Орталық стадионды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын алға қою.

9.Ауыл аймаққа тартылып жатқан ауыз су жүйесін деңгейіне жеткізіп, ауыл тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылуын және тәулік бойына берілуіне ықпал жасау.

  1. Он төрт ауылдық елді мекенді газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бұл дегеніміз тұрмыс тіршіліктің жақсаруының белгісі. Осы газдың халықтың тұрмыс-тіршілігіне пайдалануын басты назарда ұстау.
  2. Өндіріс елді мекеніне заманауи талапқа сай ФАБ салдыруға ықпал жасау.
  3. Кәсіпкерлікті дамытуда инвестиция тартуды басты назарда ұстау.
  4. Саудакент ауылындағы Шабақты өзенінің маңында орналасқан зиратты қоршауды басты назарда ұстау.
  5. Ауыл аймақтарға қажетті қатты заттар қалдығын яғни қоқыс тастауға арналған заманауи талапқа сай «Полигон» салуға ықпал жасау.

Ең басты мәселе Сарысу ауданының оның ішінде Игілік, Өндіріс, Саудакент, елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын басты назарда ұстау.

Өзекті мәселелер:

1.Тұрғын үй алуға жоғары кезектілік өзекті мәселе болып отыр.

2.Егін шаруашылығын дамытуда су тапшылығын болдырмауға ықпал ету.

3.Пайдаланбай жатқан жайылымдық жерлерді халық игілігіне беруде ықпал жасау.

Құрметті сайлаушылар!

Мен, жалпы ауданымыздың сенімін арқалап, халықпен мінбер арасында дәнекер болып, қоғамымыздың өзекті де өткір мәселелерінің оңтайлы шешілуіне барынша еңбек етемін. Ел сенімін ақтау жолында 2023 жылдың 19 наурызда өтетін сайлауда сенерім де, тірегім де, қолдаушым да Сіздер қадірлі жерлестер.

№ 10 сайлау округінен аудандық  мәслихат депутаттығына кандидат   Альмханова Алтынай Абухасқызының

сайлауалды  бағдарламасы

Мен, Алтынай Абухасқызы Альмханова Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында 1974 жылы маусым айының 10 жұлдызында дүниеге келдім.Әкем Абухас Альмханов аудандық Ұлттық Банк басқарушысы болып жұмыс атқарды. Өте мейірімді, кішіпейіл жан болатын. Әркезде ақылын айтып, білгенін үйретіп отыратын. Анам Қызманат Дүрманова алтын құрсақты ана. Өте сабырлы, кеңпейілді, еңбекқор жан. Көп балалы жанұяда өстім.

1981-1991жж. аралығында Байқадам ауылындағы Қазақ ССР-ның 40 жылдық атындағы орыс мектебінде оқып, білім алдым.

1991-1992 жылдары Алматы қаласында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Жастар мен жасөспірімдер театрында оператор болып жұмыс атқардым.

1992-1998жж. аралығында Саудакент ауылындағы АҚ Игілік Банкте іс-жүргізуші қызметін атқардым.

1998-1999жж. ПТ «Кайрат и К» жеке кәсіпорында бухгалтер болып жұмыс атқардым.

2000-2001жж. аралығында ЖАҚ «Фэшн-Лэнд» тігін фабрикасында әр түрлі жұмыс істедім.

2002-2007жж.аралығында Сарысу аудандық мәдениет үйі, Өндіріс ауылдық клубында сүйемелдеуші болып жұмыс атқардым.

2003-2008 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне түсіп «Бос уақыттың мәдениеттілігі ісі» мамандығы бойынша жоғары білімді диплом алдым.

2007 жылы Ұйым ауылдық клубына жетекші қызметіне ауыстырылдым.Осы ауылда клуб ғимараты болмаған соң әр жерді паналап жұмыс жасап жүріп, әр үйді аралап,  бір ауылда мәдениет ошағы болмауы мүмкін емес деп, осы мәселені ауылдың белсенді жасы үлкен ата-апаларымен бірлесіп, аудандық әкімге өтініш білдірген едік. Ауданға жаңадан әкімі болып қызметке келген Жангелді Омаров мырза жазған өтінішімізді аяқсыз қалдырмастан ауылымызға келіп, үлкен кісілермен кездесіп, асарлатып клуб соққызып берді. Қазіргі уақытта осы Ұйым ауылдық клубында меңгеруші болып жұмыс атқарып келемін.Облыстық мәдениет басқармасынан, аудандық мәслихат, аудандық кәсіподақтан, ауылдық округ әкімінің Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен марапатталғанмын. Бір ұл тәрбиелеп отырмын.

Қымбатты ауылдастар!

Мен қасиетті Сарысу жерінде туып-өстім.Туған өлкемнің тарихын да,халқымның басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерді де жақсы білемін.Жоғары оқу орнын бітіріп,жұмысқа тұрғаннан бері осы өңірді дамыту жолындағы сан алуан жұмыстарға белсене араласып келемін.Өлкемізді жан-жақты дамытудың барлық мәселелері аудандық мәслихат депутаттары арқылы шешіліп келеді.Сарысу ауданында да шешімін күткен мәселелер жетіп-артылады.Өлкеміздің қай жерінде де тұрғындар өздерін толғандырып жүрген барлық мәселелерін алдымен өздері сайлаған депутаттарға айтып жатады. Өйткені,депутат-халық сенімін иемденген тұлға,аманат жүгін арқалаған азамат.Сол себептен үлкен жауапкершілікті сезіне отырып  өзімді аудандық мәслихат депутаттығына ұсынып отырмын.

Бүгінгідей күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін.

Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, ауданымызда мынадай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға бар күшімді саламын.

-Көкөніс сақтау қоймасын салу және жүзеге асуына ықпал ету.

-Кәсіпкерлікті дамыту, жаңа кәсіпорындар ашуға ықпал ету.Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету.

-Еңбекқорлықты, жауапкершілікті, аға буынға құрмет көрсетуді,ойлау еркіндігін, ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды сақтауға баса назар аудара отырып мектепке дейінгі тәрбие мен мектепте білім берудегі тұжырымдамалық тәсілдерді өзгертуге;

-Саудакент ауылындағы және ауылдық аймақтардағы медициналық ауруханалар-дың, бөлімшелердің  ауыл  тұрғындарының  сұранысына сапасы сай келетіндей қылып жан-жақты жөндеу, заманауи жаңа құрылғы аппарат жабдықтарға сұраныс енгізу, білікті маман тарту жолдарын қолға алу басты міндетім.

-Тыныс-тіршіліктің барлығы осы ауылда болғандықтан ондағы күн көріс төрт түлікке байланыс-ты.Осыған орай жайылымдылық және шабындық жерлерге су жеткізуге ықпал жасау.

-Сонымен қатар ескірген су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, табиғи апаттардың алдын алу шараларын ұйымдастыру.

-Елді  мекендерді көркейту, абаттандыру жұмыстарының сапасын арттыруға ықпал ету,

-жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ету,

-Ауыл көшелерін жарықтандыру және жолдарын орташа жөндеуге үлес қосу.

-Ауыл кәсіпкерлерін жан-жақты дамытуға және қолдау мен көмек көрсетуге жәрдемдесу.

-Ауыл мәдениетін дамытып, өнерлі жастардың шығармашылығын шыңдауға және әжелер ансамблін әрмен қарай жандандыруға атсалысу, жеріне, суына,  тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие халық.

Қорлана бермей, арлана білейік.  Намыстың сөзін сөйлейік.

№11 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

ДүЙСЕНБИН ЕРЛАН ПЕРНЕБАЙұЛЫның

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, ДҮЙСЕНБИН Ерлан Пернебайұлы, 1979 жылы 24 қарашада Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округі, Жайылма ауылында дүниеге келдім.

2 жоғары білімім бар.

1998-2003 жылдары Тараз қаласындағы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша оқығанмын.

2004-2006 жылдары Тараз қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтының «Тарих» мамандығы бойынша «Үздік бакалавр» академиялық дәрежесін алғанмын.

01.08.1996-01.11.1998 жылдары еңбек жолымды Жайылма ауылындағы «Бәкен Серікбаев атындағы кооперативтің құрылыс бөлімінің жұмысшысы болып бастадым.

01.11.1998-29.11.1999 жылдары Жайылма ауылындағы «Жақсылық» ЖШС жұмысшысы болып жұмыс жасадым.

08.12.1999-29.08.2002 жылдары Жайылма ауылындағы Ленин атындағы орта мектептің «Құқық» пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқардым.

27.09.2004-02.07.2007 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының «Балалар-жасөспірімдер орталығы» мемлекеттік мекемесінде «Әдістемелік бөлім меңгерушісі» лауазымында қызмет атқардым.

02.07.2007-06.10.2009 жылдары Жаңатас қаласы, Сарысу ауданы әкімиятының ішкі саясат бөлімінде бас маман лауазымында қызмет атқардым.

06.10.2009-09.11.2015 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман лауазымында қызмет атқардым.

09.11.2015-02.10.2019 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінде «Сектор меңгерушісі» лауазымында қызмет атқардым.

2019 жылдың 2 қазанынан бастап, қазіргі таңда Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округі, Маятас ауылындағы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Донда Сенбин атындағы орта мектебінің «Мектеп директоры» лауазымы қызметін атқарудамын.

2000 жылдан бастап «AMANAT» партиясы» Жамбыл облысы Сарысу аудандық филиалының мүшесімін.

Отбасылымын. Зайыбым – Шыныбекова Зәуреш Айтбайқызы екеуміз отбасымызда 4 бала (1 ұл, 3 қыз) тәрбиелеп, өсіріп отырмыз.

Құрметті жерлестер!

Біздің басты мақсатымыз – «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН!» құру аясында мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды аудандық мәслихат депутаты ретіндегі қызмет шегінде атқарылатын болады.

  1. Жергілікті атқарушы органдардың Маятас ауылындағы 1970 жылы соғылған ескі мектептің орнына, жаңа үлгідегі заманауи мектеп ғимаратының соғуына ықпал ету.
  2. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып Маятас ауылына «Оптикалық талшық» жүйесіндегі ғаламтор (интернет) желісін тартуына ықпал ету.
  3. Жергілікті атқарушы органдардың Маятас ауылы мен Саудакент-Құмкент күре жолының аралығындағы 1 шақырым асфальт жолдың оң жақ қанатына электр жарығы орнатылған бағаналардың ауылдық елді мекенге дейін орнатуын ықпал ету.
  4. Жергілікті атқарушы органдардың Маятас ауылының Абай және Ғани Мұратбаев көшелерінің арасындағы асфальттың арасының жалғануын қамтамасыз етуіне ықпал ету.
  5. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Маятас ауылының арнайы су мұнарасымен дербес ауыз су жүйесінің болуына ықпал ету.
  6. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Сарысу аудандық орталық ауруханасының тарапынан Донда Сенбин атындағы орта мектепке берілген «Мектептің медбикесі» лауазымының 0,5 (жарты) штаттан толық 1,0 штат болуына күш саламын.
  7. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Жайылма ауылында әлеуметтік «Дәріхана» және мал дәрігерлік дәріханасының болуын қамтамасыз ету.
  8. Жергілікті атқарушы органдардың Қызылдиқан ауылының Орталық және Қызылдиқан көшелерінің арасындағы асфальттардың қосылуын қамтамасыз етуге ықпал жасау.
  9. Жергілікті атқарушы органдар және тиісті құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, «Орман шаруашылығы» мекемесіне өтіп кеткен мал жайылымдық жерлердің мемлекет теңгеріміне қайтарылуына атсалысу жұмыстарын жүргізу.
  10. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, «Бүркітті» жасанды су қоймасының мемлекеттік теңгерімге қайтарылуын және істен шыққан, тозығы жеткен су жүйелерінің, науаларының (лоток) жаңадан қалпына келтірілуін, көктемгі егіс науқаны кезінде егіс егілетін жер танаптарына қажетті судың жетуіне ықпал ету.
  11. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Жайылма ауылдық округінде орналасқан елді мекендердегі тұрғындарға ауыз судың тәулік бойы берілуіне ықпал ету.
  12. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, округ құрамынан Созақ ауданына өтіп кеткен жер телімдерінің тиісті заңнамалар бойынша қайтарылуына ықпал ету.
  13. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Талас өзенінің округ аумағындағы көлдерге, шабындық және жайылым жерлерге жетуіне ықпал ету.

Мен жоғарыда аталған барлық түйткілді мәселелердің шешімін, қасиетті Отанымыздың ұлтжанды, патриоты ретінде «Сыбайлас жемқорлық» мәселесімен бетпе-бет келген жағдайда немесе кез-келген көріністеріне «нөлдік» төзбеу атмосферасын құруға және оның егемен Қазақстандағы жалпы деңгейін төмендетуге, дана халқымыздың бірлігі мен ынтымағының мызғымастығын нығайтуға күш салатын боламын.

Құрметті сайлаушылар!

Мен Жайылма ауылдық округінде орналасқан Ақтам, Жайылма, Қызылдиқан, Маятас елді мекендері тұрғындарының әлеуметтік ахуалы, әл-ауқаты, тұрмысы мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауда өзімді «Халық қалаулысы» ретінде ұсынуға барамын.

Біз – барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға кәміл сенемін! Біздің басты мақсатымыз – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру жолында билік пен халық арасында көпір бола білу!

№5 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

СЕЙДІШҰЛЫ ЕРКЕБҰЛАННЫҢ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Сейдішұлы Еркебұлан 1986 жылдың                 1 ақпанында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келдім.

2015 жылдан бастап «Асыл тұз» зауытының кеңесшісі болып тағайындалғанмын.

«Қамқор жүрек» номинациясының иегерімін.

40-қа жуық көпбалалы отбасыға қайырымдылық акция-сын ұйымдастырдым.

Халқымның әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша еңбек етіп келемін. Көпбалалы отбасыны баспанамен қамтамасыз еттім.

Екі ұл, екі қызым бар.

Халықтың үніне құлақ асып, қамын ойлайтын кез келген сияқты. «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» жастар қолында екендігі сөзсіз! Жасым болса орда бұзар 30-дан асты. Бұйырса, 19 наурыз күні өтетін сайлауға аудандық мәслихат  депутаттығына кандидат ретінде өзімді ұсынып отырмын. Ешбір партия атынан емес аудандық мәслихатының үміткерімін. Осы уақытқа дейін «алдын ала үгіт-насихат шаралары жүріп, заңбұзушылық болып кетпесін» деп ешбір жерде жарияламадым. Дәл қазіргі уақытта әуелі Алланың, екінші жақындарымның қолдауымен өз штабымды жасақтап, бәйгеге түсуге сақадай саймын. Кезекті бәйгеге түскелі отырған сәйгүлігіңізді қолдап жіберіңіздер! Менің күтетінім әділетті сайлау!

Құрметті жерлестер!

Алдымызда халқымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған үлкен міндеттер тұр. Ауызбіршілігі мығым елдің ала алмайтын қамалы, аса алмайтын асуы болмайтыны әрбіріміз білетін өмір қағидасы ғой. Депутаттарды қазақ халқы тегіннен — тегін «халық қалаулысы» деп атамаған. Демек, ел болашағы жарқын болып, халқымыздың игілігі еселену үшін, алдыма бірқатар міндеттер қойып отырмын. Егер де мені аудандық мәслихатының депутаты етіп таңдаған жағдайда – бар білімімді және өмірлік тәжірибемді еліміздің өркендеуі жолында атсалысамын.

Біріншіден, бабаларымыздан «Тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деген өнегелі сөз қалуы бекер емес. Аттан түспеген халқымыз қашанда тұлпарды таңдап, сәйгүлікті сәндеп мінген. Жылқы – қазақтың рухани болмысы, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы және ұлттық сана-сезімі. Ол – біздің төл мәдениетіміз бен өнеріміздің тұтас бір бөлігі іспеттес. Әр ердің, әр батырдың серігі — арғымағы болған: Күлтегін жауға шапқан Боз ат, Торы ат, Алып шалшы мен Азман арғымақтар, Қобыландының Тайбурылы, Ер Тарғынның Тарланы, Абылайханның Нарқызылы мен Алшаңбозы, Қабанбайдың Қубасы, Райымбек батырдың Көкойнағы, Исатай мен Махамбет тізгіндеген Ақ табан мен Кесікқұлақ, Хан Кененің Ақтаңгері сынды тұлпарлар тарихта ер есімімен бірге мәңгі сақталатын болады. Осы орайда мен  елімізде ұлттық спорттың дамуына, шабандоз мәдениетінің қалыптасуына үлкен септігімді тигізгім келеді.

Екіншіден, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, есірткі қылмыстарына, алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенінің іске асырылуына атсалысамын.

Үшіншіден, үлестік қатысуы бар барлық проблемалық үйлердің құрылысының аяқталуына атсалысу. Сонымен қатар, жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік коммуникациялар салуды жандандыру.

Төртіншіден, жергілікті тұрғындарды кем дегенде 70%-ын сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету және су бұру желілерінің тозу көрсеткішін 40%-ға дейін төмендету бастамаларына қолдау көрсетемін.

Бесіншіден, ауыл тұрғындарын қамти отырып, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға бағыттау және барлық жеке қосалқы шаруашылықтардың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту, сонымен қатар сату нарығына қол жеткізуін қамтамасыз етудің есебінен жұмыс орнын құру.

Алтыншыдан, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кемінде бір мың мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту. Себебі, қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналғаны сөзсіз.

Жетіншіден, діни деструктивті ағым ұстанушылармен жергілікті басқару қызметкерлерімен қоса діни оңалту жұмыстарының жүргізілуіне атсалысу. Өз кезегінде, діни ахуалға талдау жасағанда, дін саласындағы күрделі мәселелер қазіргі заманауи қоғамдағы қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндердің арасынан маңызды орын алатыны байқалады.

Мен сайлауға  жоғарыда аталған мәселелердің шешілуіне ықпал етемін деген мақсатпен бара жатқандықтан Сіздердің қолдауларыңызға сенемін!

№ 7 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН

САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ Исентаев Абдулла Изатуллаұлының

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Исентаев Абдулла Изатуллаұлы 1980 жылы  25 наурызда  Жаңатас қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Сарысу ауданы Жаңатас қаласының  тұрғынымын. Осы  қаланың   Абылайхан атындағы мектеп – лицейінің  /бұрынғы Ю.А. Гагарин мектебі/ түлегімін.

1997 жылы   Тараз қаласының  М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетінің  экономика  факультетіне түсіп, 2002  жылы       «Табиғатты  пайдалану  экономикасы»    мамандығын иелендім.

Алғашқы еңбек жолымды   2000 жылдан  қала орталығынан «АРАЙ» жастар және жасөспірімдер, көңіл көтеру орталығы  жеке кәсібін  ашумен бастадым.

2001-2003 жылдары аудандық жастар комитетінің  мүшесі болып тағайындалдым. Аудан және қала жастарының арасында  түрлі ойын- сауық кештер мен жарыстар ұйымдастыру жұмыстарымен айналыстым.

2003-2010 жылдар аралығында Алматы қаласының ЖШС «Алма Мебель» компаниясының өндіріс істері жөніндегі директоры болып қызмет атқардым.

2011-2012 жылдары аралығында жеке кәсіппен айналыстым.

2013-2017 жылдары  құрылыс және теміржол құрылысымен айналысатын ЖШС «ZHETYSU  Group Corporation» компаниясының  директорының орынбасары қызметін атқардым.

2018  жылдан қазіргі таңға дейін ЖШС  «Жаңару-2017»  директоры  лауазымында жұмыс жасаудамын.

Құрметті  жерлестер және қала тұрғындары!

Мен Сарысу ауданының мәслихаты  депутаттығына үміткер № 7 сайлау округінен Сіздердің қолдауларыңызбен сайланатын Исентаев Абдулла Изатуллаұлы  Жаңатас  қаласы мен ауданға қарасты және шалғай  ауыл- аймақтардың жағдайымен толық таныспын.

Еліміздің  саяси жүйесінде көптеген өзгерістер орын алып, халықтың игілігі үшін  жасалынып жатқан дүние  екендігін түсіндік. Өздеріңізге  белгілі барлық халықтың  соңғы үміттері ел жағдайын ойлайтын азаматтарда. Сондықтан да болашақ үшін өз бағдарламам мен ұстанымдарымды ұсына отырып, халықтың  атынан  депутат болу мен үшін үлкен абырой деп санаймын.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекетті»  қалыптастыруға  бағдарламамды іске асырып,өзіндік үлесімді  депутат ретінде қосатын боламын.  Тұрғындардың көпшілігін мазалайтын  сауалдарға жауап беру үшін олардың барлық ұсыныстарын басшылыққа алып отырмын. Әлі де болса  ұсыныстарыңызды ескеретін боламын. Атап айтатын болсам:

—      Мұнай өңдеу шағын зауытының қала экологиясына кері әсерін болдырмау мақсатында барынша ықпал етемін. Қала тұрғындары ауа арқылы тарап жатқан уран тектес өнімнің қалдықтары мен иіс, шаң, түтінімен тыныстамауы, зардап шекпеуі керек. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығын қорғауымыз керек.

Президентіміз Қ.Ж.Тоқаевтың халыққа жолдауында айтқан «Ауаның тазалығы өте маңызды» деген сөзін естен шығармаймын.

—      «Дегерес» елді мекеніне спорт және  денсаулық сақтау салаларын дамытуға,  жас жеткіншектердің денсаулықтарының дұрыс дамытуға үлес қосу мақсатында талапқа сай, шағын, жабық спорт кешенінің салынуының тиімді жолдарын жан – жақты қарастыратын боламын. Осы елді мекенде қатынайтын  автобустың кесте бойынша тұрақты түрде жүріп — тұруын үнемі бақылауда болуына ықпал ететін боламын. Дегерес,  саяжай елді мекендеріне инфрақұрылым (газ,су,жарық,жол) жүргізу жұмыстарының сапалы, қарқынды болуына ықпал етемін. Тау, қар суларының тасуына науа /лоток/ құрылысын жүргізу. Негізгі көшелерге жаяу жүргінші жолдары мен аллея салуға ықпал етемін;

—      Болашақ жастарға ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу бағытындағы тәрбиелік жұмыстарға қолдау көрсетуге;

—      Мемлекеттік тіл – ана тілімізді барынша кеңейту мақсатындағы жұмыстарға бастаушы болуға;

—      Кәсіпкерлікті дамытуға және кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелер мен гранттар алуға, бизнес жоспарлардың  жүзеге асуына ықпал ету;

—      Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлер мен жас отбасыларға қолайлы орта қалыптастыруға;

—      Ақпараттармен тезарада алмасу үшін денсаулық сақтау, білім мекемелерін толық цифрландыруға көшуіне атсалысамын.

—      Қаламыздағы  халық санының ұлғайуына байланысты көпқабатты тұрғын үйлер түгелдей жөндеуден өтіп қолданысқа берілді. Алдағы уақытта көпбалалы, жетім – жесірлер, мүмкіндігі шектеулі отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа үйлер салынуын қолға алуды қарастыратын боламын. Сонымен қатар «Три богатыря»  ғимаратын да бос тұрмай, жөндеп, халық игілігіне пайдалануға беруге, осы тұрғын үйлерді заңды кезекпен берілуін мүмкіндінше бақылауға алатын боламын;

— Жергілікті   бюджеттік аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына ықпал етемін.

ҚАДІРМЕНДІ  МЕНІҢ  САЙЛАУШЫЛАРЫМ!

Өзімді  үлкен үмітпен, сеніммен мәслихат депутаттығына ұсынып отырмын. Сіздердің қолдауларыңыз  Мен үшін маңызды. Қашанда ауданымыз бен қаламыздың  болашағы үшін өзіндік үлесімді қосып келе жатқан азамат ретінде,  алдағы  бес жылда үміткер ретіндегі алға қойған   межелерге  жетуге мүмкіндік  болып тұрғанын жеткізгім келеді. Барлық  айтылған бағыттарды жүзеге асыруға  өмірлік мол тәжірибем мен білімім жеткілікті деп ойлаймын. Елге қызмет етуге дайынмын!  Әр тұрғынның болашағы мен үшін өте құнды екенін біліңіздер! Сіздердің қолдауларыңызбен  депутат болсам, мәслихаттың төрінде маған  сенім артып, дауыс берген Сіздердің  мәселелеріңізді көтеруге барынша ықпал етемін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.