АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР
№ 2 сайлау округінен Сарысу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Мороз Галина Ивановнаның
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен, Мороз Галина Ивановна 1966 жылы ақпан айының 1 жұлдызында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келдім.
1983 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы 10 жылдық орта мектебін бітірдім. Мектепті аяқтап, Қ.И.Сатпаев атындағы орта мектепте аға тәрбиеші болып жұмыс атқардым.
Екі жоғары білімім бар: 1990 жылы Октябрь революциясына 50 жыл атындағы Жамбыл педагогикалық институтына түстім. Аталған институттың Орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, «Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» біліктілігі берілді, 2017 жылы Аймақтық әлеуметтік- инновациялық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығын алдым.
1990 жылы Қазақстан ЛКЖМ ҚК Жаңатас жастар және пионер оқу бөлімінің меңгерушісі.
1992-1996 жылдар аралығында Қ.И.Сатпаев атындағы мектептің орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары.
1996 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы мектептің жабылуына байланысты К.Маркс атындағы мектепке орыс тілі және әдебиеті мұғалімі болып ауыстырылдым.
1998 жылы К.Маркс атындағы мектеп директорының орынбасары.
2004 жылы Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары.
2012 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында меңгеруші қызметін атқарамын.
2016 жылдан 2021 жылға дейін VI-шы шақырылган аудандық мәслихат депутаты болып сайландым.
«AMANAT» партиясының мүшесімін.
Тұрмыстамын, екі қыздың анасымын.
Құрметті жерлестер!
Мен, «АМАНАТ» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат болып ұсынылдым, бұл мен үшін, әрине, мақтаныш, сонымен қатар, өз сайлаушыларымның және партиялық әріптестердің алдындағы өз міндеттерім үшін жауапкершіліктің жоғары екенін түсінемін. Менің басты мақсатым – «АМАНАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметте және білім беру саласында еңбек етіп, еліміздің дамуы үшін пайдалануға келетін көптеген тәжірибе жинақтадым. Менің кәсіби білімім ауданымыздың жүйелі мәселелерімен айналысуға мүмкіндік береді деп ойлаймын, сайлауалды бағдарламам тұрғындардың барлық мәселелерін ескере отырып жасалды.
Жұмыссыздық мәселесін жүйелі шешу үшін кәсіпкерлікті дамытуға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға қолайлы жағдай жасауымыз қажет.
Бес жылда біз жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімін арттыру, жұмыс берушілердің өтініші бойынша білім беру ұйымдарында жұмыссыздарды оқыту, жастар тәжірибесін ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуін арттыру, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы азаматтардың әл-ауқатының артатынын көріп отырмыз. «Bastau Business» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, білім беру объектілерін жөндеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы білікті медициналық кадрларды тарту, жолдарды орташа және ағымдағы жөндеу, сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жобаларын іске асыру, қоршаған ортаны қорғау, азаматтардың құқықтық тәртібін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру.
Құрметті жерлестер! Біздің болашағымыз, ауданымыздың болашағы әрқайсымызға байланыс-ты. Біз күш біріктіргенде ғана ортақ қиындықтарды жеңе аламыз!
Құрметті сайлаушылар!
Басты мақсатымыз – Әділ Қазақстанды құру жолында, мен, алдымызға бірқатар міндеттер қойдым, олардың шешімін аудандық мәслихаттың депутаты ретіндегі қызметім бағыттайды.
- Жастарға жан-жақты қолдау көрсету;
- Қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында көшелерде және қоғамдық орындарда бейнебақылау камераларын орнатуға, бейнетіркегіштер мен планшеттермен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- Әйелдер кәсіпкерлігін жан-жақты дамытуға және қолдау мен көмек көрсетуге жәрдемдесу;
- Жаңатас қаласындағы полигонға ағаштар мен бұталарды отырғызу, қалдықтарды сұрыптау кешенін орнату арқылы экология саласына көмек көрсету;
- Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша білім беру ұйымдарында жұмыссыздарды оқыту, жастар тәжірибесін ұйымдастыру, кәсіпкерлік негіздерін оқыту үшін жағдай жасау;
- Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу;
- Білікті медициналық кадр-ларды тарту және денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша қосымша кешенді шараларды қабылдауға жәрдемдесу;
- Спорттық инфрақұрылымды дамытуға, «Фосфорит» стадионын күрделі жөндеуден өткізуге, спорт және жаттығу алаңдарын салуға, орталық саябақта спорт алаңдарын жайластыруға жәрдемдесу;
- Қала көшелерінің жолдарын орташа жөндеуге үлес қосу;
- Қала көшелерін абаттандыруға және жарықтандыруға ықпал ету.
Құрметті сайлаушылар!
Мен, сайлауға Сарысу ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін барамын.
Қамқор азаматтардың бірлескен күш-жігері арқылы біз елімізді экономикалық тұрғыдан нығайтып, халықтың өмірін жайлы ететінімізге сенімдімін.
Біз бірге күшті мемлекет құра аламыз!
аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
№9 сайлау округі бойынша Сарысу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сармолдаев Бақытжан өтелбайұлының
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен, Сармолдаев Бақытжан Өтелбайұлы, 1968 жылы 16 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында тудым.
1975-1985 жылдары Сарысу ауданы, Байқадам ауылындағы Қаз.ССР-ның 40 жылдығы атындағы орта мектебінде оқыдым. 1985-1992 жылдары Алматы қаласындағы Алматы архитектура-құрылыс институтының құрылыс факультетін «Инженер-экономист» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 1986 — 1988 жылдары Кеңес армия-сы қатарында әскери борышымды өтедім.
2002-2005 жылдары Алматы қаласындағы Орта-Азиялық университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай бөлімде оқып, заңгер біліктілігін алып шықтым.
Еңбек жолымды 1992 жылы Байқадам ауылындағы «Бауыржан» шаруа қожалығында экономист болып бастадым.
1996-2002 жылдары Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқардым. 2002 жылдан бастап отбасылық жағдайға байланысты жеке кәсіпкерлікпен айналысып келемін.
2014 жылдан «Бауыржан» шаруа қожалығының төрағасымын.
Отбасылымын. 2 ұл, 1 қыз, 2 немере тәрбиелеп, өсіріп отырмын.
Жұбайым Рахымжанова Жақсыкүл Жакеновна, Байқадам орта мектебінің орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.
Отбасымыздың ұйытқысы болып отырған анам Құрманбекова Орынкүл Мақажановна, 1938 жылы туған, тыл еңбеккері, еңбек ардагері, зейнеткер.
Құрметті сайлаушылар!
Мен, осы Сарысу ауданы Байқадам ауылында туып өстім. Бүкіл саналы өмірім жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққаннан соң, туған өлкемнің тыныс-тіршілігімен белгіленіп келеді.
Бүгінгі таңда, мемлекетіміздегі оң өзгерістен үлкен үміт күтіп отырған Қазақстан халқымен қатар, өз ауылдас-тарымызда, өңірімізде шешімін таппай келе жатқан мәселелерге Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп, алдағы уақытта ауылымызды көркейе түседі деген үлкен үмітте.
Мемлекет басшысының 2023 жыл 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға депутаттар сайлауын тағайындау туралы Жарлығы шыққаннан кейін, аудандық мәслихатқа депутат болуға шешім қабылдадым.
Өйткені, депутат – халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат.
Егер мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, №9 сайлау округінен депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, мына төмендегі мәселелерді шешуге баса назар аударып, бар күш-жігерімді саламын:
- Саудакент ауылы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету; Ауыз су жүйесін жөндеуге қаржы қарастыра отырып, тез арада ауыл тұрғындарының күнделікті таза ауыз суды тұтынуына қол жеткізу;
- Саудакент ауылындағы аурухананы сақтап қалуға күш саламын. Аурухананың толыққанды жұмыс істеуіне және жас мамандармен қамтамасыз ету; Егер Саудакент ауылындағы аурухана қалыпты жұмыс істесе, Өндіріс, Игілік ауылдары тұрғындарының да емделуіне үлкен мүмкіндіктер туады.
- Жеке меншікке өтіп кеткен Саудакент ауылындағы Орталық стадионды ауылдық округке коммуналдық меншікке алу; Орталық стадионды қайтару арқылы ауыл тұрғындарының, жастардың спортпен шұғылдануына ықпал жасау;
- Өндіріс, Игілік, Саудакент ауылдарының көшелерінің жағдайы қатаң бақылауда болады. Көшелерге мәслихат сессияларында қаржы қарастыра отырып, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу; Жөндеу жұмыстарының сапасына қатаң бақылау жасау;
- Өндіріс, Игілік, Саудакент ауылдарының көшелерін толық жарықтандыру жұмыстарын қолға алу;
- Ауылдық ардагерлер кеңесі, жергілікті ауылдық қоғамдастық мүшелері, ел ағаларымен және қоғам белсенділерімен бірлесе отырып, ауылдардың тазалығына, көріктендіру және көгеріштендіру жұмыстарына, ауыл ішіндегі қоғамдық-мәдени шараларға, жастар мәселесіне, қоғамдық тәртіпке, санитарлық тазалық жұмыстарына белсене араласамын.
- Аудандық бюджеттің жос-парлануына, салалар бойынша дұрыс үйлестірілуіне және оның игерілуіне қатаң қадағалау жасалуына ықпал ету;
- Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына жәрдем ретінде бөлінетін қаржылай (субсидия, жеңілдетілген кредит, т.б), материалдық қорлардың, сонымен қатар әр түрлі жеңілдіктердің — шаруа қожалықтарына, жермен айналысатын, ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпкерлерге ретімен үйлестірілуіне ықпал жасау;
- Өндіріс, Игілік, Саудакент ауылдарында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету; Отандық өнімдер шығаратын жаңа кәсіпорындар ашуға қолдау көрсету;
- Өндіріс, Игілік, Саудакент ауылдарындағы суармалы алқаптарды сумен қамтамасыз ету; Ол үшін су жүретін каналдар мен лотоктарды күрделі жөндеуден өткізуге қаржы қарастырып, суды ысырапсыз пайдалануына барынша ықпал жасау.
- Жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту, сол бағытта жастардың ауыл шаруашылық мамандықтарын игеруіне қолдау көрсету;
Жастар бастамаларын барынша қолдай отырып, олардың тегін оқып, мамандық алуына ықпал жасау;
- Сыбайлас жемқорлықпен күресу; Қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу; Сонымен қатар, Өндіріс, Игілік, Саудакент ауылдарындағы учаскелік полиция өкілдерімен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, қылмыстың, түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу;
- Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың жағдайларын басты назарға алып, мәселелерін шешу;
Құрметті сайлаушылар!
Сіздердің сенімдеріңіз маған аманат!
Мен ел сенімін ақтаймын деп уәде беремін!
Менің туым – Әділет!
аудандық мәслихат депутаттығына кандидат
Сарысу аудандық мәслихатының депутаттығына №6 сайлау округі бойынша кандидат Досанов ЖаҚсылык ЕсенсарыҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы
Мен Досанов Жақсылық Есенсарыұлы 1981 жылы 6 қараша күні Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында дүниеге келдім. Ұлтым — қазақ, Қазақстан Республикасының азаматымын.
1988-1998 жылдар аралығында орта білімді мектепті бітіріп шықтым.
Мектептен кейін 1998 жылы Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Мемлекеттік Университетінің «Жаратылыс-тану ғылымдары факультетіне түсіп, 2001 жылы Әулие Ата университетіне ауысып «Құқықтану» мамандығын алып шықтым.
2004-2006 жыл аралығында Сарысу ауданы әкімдігінің «Көгалдандыру және көріктендіру» МКК – ның шебері, учаске басшысы, мамандар бөлімінің инспекторы қызметін атқардым.
2006-2008 жылдары ОФ «Бизнес центр» басшысы болдым.
2008-2022 жылдары аралығында ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің Сарысу аудандық бөлімшесінде қызмет жасадым.
Қазіргі таңда жеке кәсіпкермін.
2009 жылы отбасын құрып, жұбайыммен 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеудеміз.
Көптеген Алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталдым.
Егер Сіз ауданымыздағы олқылықтарды жойғыңыз келсе, ауданымызды биікке самғатып, көркейткіңіз келсе, ауданымыздың болашағын ойлап, абыройын асқақтатқыңыз келсе маған ДОСАНОВ ЖАҚСЫЛЫҚ ЕСЕНСАРЫҰЛЫНА дауыс беріңіздер!
МЕН ХАЛЫҚТЫҢ АРТҚАН ҮМІТІН АҚТАЙМЫН !
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Біздер бос уәделер мен насихаттық оптимизмдерден әбден шаршадық. Қазіргі таңда билікке деген сенімділіктің деңгейі нақты нәтижелермен тікелей байланысты. Ненің не екенін ашық айтатын, қоғамдағы әлеуметтік дерттерге нақты диагноз қоятын уақыт жетті.
Тек қана бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмыла іс атқарсақ қана оң нәтижеге жетеміз. Яғни, сіздерді жақын тану арқылы, үнемі қарым-қатынаста болу арқылы мен сіздердің көкейлеріңізде жүрген мәселелерді шешуге ықпал жасаймын. Міне, сондықтан да, жақын қарым-қатынаста болу үшін және арақашықтығымыз да жақын болғандықтан, әрі Бүркітті елді мекенінде тұруыма байланысты осы сайлау учаскесін таңдап отырмын.
Сарысу ауданы халқының өмір сүру деңгейі мен сапасы ауданы-мыздың табиғи байлықтарының, интеллектуалдық және рухани құндылықтарының деңгейіне сәйкес келуі үшін, Мен бар күш-жігерімді пайдаланамын.
Құрметті ағайын менің сайлауалды бағдарламама назар салыңыздар:
- Бүгінгі таңдағы қаламыз-дың басты мәселелерінің бірі табиғи газ мәселесі екені анық, осы орайда мен түсіп жатқан сайлау учаскесіне көгілдір отынның ертерек келіп халықтың пайдалануына атсалысамын.
- Бүркітті және МЭЗ елді мекендері мен тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты шараларды іске асыру мақсатында, халық арасында туындап жатқан өзекті мәселелерді аудандық мемлекеттік органдардың алдында көтеріп, олардың шешімін табуға ықпал жасаймын.
- Абаттандыру және көріктендіру жұмыстарына атсалысамын, оның ішінде:
— елді мекендерде балалар және спорт алаңдарын орналастыруға,
— көше жарықтарын қалыпқа келтіруге,
— «Ақбұлақ» су арнасымен Бүркітті және МЭЗ елді мекендерін су тасқындарының алдын алу мақсатында лотоктардың қойылуына ықпал етемін,
— қыс мезгілінде автокөлік және жаяу жүргіншілердің жүріп тұруы үшін көше қарларын уақтылы тазалап, құм себу жұмыстарының тиянақты жүргізілуін назарға аламын.
- Өңірімізден шыққан дарынды жастарға (шығармашылық, өнер, ғылым, спорт т.б салалар бойынша) қолдау көрсету, үздіктерді түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың бұқаралығын арттыру жолында қызмет атқарамын. Жастардың арасында заң бұзушылықтың алдын алу шараларын жасаймын. Бос уақыттарын тиімді өткізулеріне ықпал етемін.Бұл істерді жастардың ойын, пікірлерін тыңдау арқылы жүзеге асырамын.
- Тұрмысы төмен отбасы-ларының балаларына, зейнеткерлер, ардагерлер, мүгедектер т.с.с санаттағы адамдарға көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға күш саламын.
- Жұмыссыз азаматтарға жұмыс көздерін қарастыруға бар күшімді саламын.
аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
Мен, Мұқашов Оңласын Өзбекұлы 1960 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаарық ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары.
1986 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық инс-титутын «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 1977 жылы «Жаңатас» совхозында жұмысшы болып бастадым.
1980-1991 жылдары Жаңатас кен басқармасының жарылғыш учаскесінің жұмысшысы, шебері, 1991-1993 жылдары «Жаңаарық» жеке шағын кәсіпорнының директоры, 1993-1994 жылдары Жаңатас мұнай қоймасының өнім қабылдаушысы, 1994-1996 жылдары «Тойғұлы» жеке шағын кәсіпорнының директоры, 1996-1998 жылдары Сарысу аудандық санитарлық эпидемиологиялық станциясы дезинфекция бөлімінің меңгерушісі, 1998-1999 жылдары «Жаңатас» жеке өндірістік кооперативінің төрағасы. 2004-2006 жылдары Жаңатас қаласы әкімі аппаратының бас маманы, 2006-2021 жылдары Жаңаарық ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқардым.
2021-2022 жылдары Сарысу ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, 2022 жылдың ақпан айынан бастап аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы қызметтерін атқарудамын.
Отбасылымын, 5 бала тәрбиелеп, өсіріп отырмын.
Жұбайым-Тоғызақбаева Зылиха Бөрібекқызы, Ұ.Сыздықбай-ұлы ауылындағы «Қарлығаш» балабақшасының медбикесі.
Марапаттары:
- «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі
- «ҚР Конституциясына – 25 жыл» төсбелгісі
- «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалі
- «Ауыл шаруашылығының үздігі» медалі
- «Д. Қонаевқа – 100 жыл» төсбелгісі
№10 сайлау округінен Сарысу аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Мұқашов Оңласын Өзбекұлының Сайлауалды бағдарламасы
Мен қасиетті Сарысу жерінде туып-өстім. Туған өлкемнің тарихын да, аудан тұрғындарының жақсы өмір сүруіне де не қажет екенін жақсы білемін. Жоғары оқу орнын бітіріп, өндірістік жұмысқа тұрғаннан бері осы өңірді дамыту жолындағы сан алуан жұмыстарға араластым, ұзақ жылдар ауылдық округ әкімі, тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жол, көлік салаларын, ауданның кәсіпкерлік салаларын дамытуға белсене қызмет еттім. Ауданымызда да шешімін күткен мәселелер бар. Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға бар күш-жігерім мен білімімді жұмсайтын боламын.
Егер Сіздер маған сенім білдіріп, өз дауыстарыңызды беріп, №10 сайлау округінен депутат болып сайлансам, мына төмендегі мәселелерді шешуге бар күш — жігерімді салатын боламын:
- Жаңаталап ауылындағы егістік жерлерді суаруға арналған лотоктарды жөндеу;
2.Ұйым ауылындағы егістік жерлерді суаруға арналған су жүйелерін ретке келтіріп, су жүретін лотоктар салу;
3.Жаңаталап және Ұйым ауылдарындағы көшелерді толық жарықтандыру;
4.Жаңаталап және Ұйым ауылдарындағы тұрғындардың бау-бақшаларын суаруға арналған арықтарды қалыпқа келтіру;
5.Егістік жерлерді суарғаны үшін пайдаланылған суға төлейтін судың тарифін ретке келтіру
6.Ақтоғай ауылындағы өзеннің арғы бетінде орналасқан үйлерге баратын жолды асфальттау;
7.Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы тоғанды күрделі жөндеуден өткізу;
8.Ауылдық округтердегі шаруа қожалықтары мен жеке шаруалардағы мал өнімділігін арттыру бойынша, асыл тұқымды малдарды алуға ықпал ету;
9.Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға ықпал ету, ауылдарда шағын және орта бизнестің дамуына қолдау көрсету;
10.Жұмыссыздықты жою мақсатында, ауыл тұрғындарын, жұмыссыз жүрген жастарды мамандығына қарай жұмысқа тұруға ықпал ету; Өндіріс саласы бойынша мамандығы бар жастарды аудандағы іргелі кәсіпорындарға жұмысқа тұруына ықпал жасау;
11.Жастар бастамаларына барынша қолдау білдіріп, жағдай жасау.
12.Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету. Жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және өзге де көмектер алуына заң аясында көмектесу;
13.Жаңаталап және Жаңаарық ауылдық округтеріндегі ардагерлер кеңесімен, ел ағаларымен, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып елді мекендердің тазалығына, абаттандыру, көгеріштендіру жұмыстарына, қоғамдық –мәдени жұмыстарға, жастар мәселесіне атсалысу; Туындаған мәселелерді бірлесіп шешу;
- Мен сайланған сайлау округіне кіретін елді мекен тұрғындарымен жиі кездесіп, жеке қабылдаулар өткізіп, өзекті деген мәселелерін шешуге ықпал ету;
15.Ауылдық округтердегі көшелердің, жол көлік қозғалысының жағдайларын бақылауға алып, жолдарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарды жүргізуге ықпал ету;
Қадірлі ағайын!
Сіздердің сенімдеріңізді ақтап, асқан жауапкершілікпен қызмет етуді абыройлы міндет санаймын.
Ауыл – Ел бесігі! Ауылдың дамуы – мемлекетіміздің дамуы.
Ауылды бірге өркендетейік!
Баршаңызды алдағы сайлауға бір кісідей белсене қатысып, маған дауыс беруге шақырамын.
Дүзкенов Қалдыбек Кәрімжанұлы 1976 жылғы 13 қарашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келдім.
1991 жылы Жайылма ауылындағы В.И.Ленин (қазіргі Әйтеке би) атындағы орта мектебінің 9-сыныбын бітірдім. 1998-2000 жылдары Жамбыл политехникалық колледжінде оқыдым.
Ауылдағы әр түрлі қоғамдық істердің ортасында жүріп, ауылдың күнделікті өмірінде белсенділік танытып келемін. Жастарды спортқа тәрбиелеу, қайырымдылық іс-шаралар өткізу, елді бірлікке шақыру, тағы да басқа игі істерге мұрындық болудан қашқан емеспін.
2016 жылы — «Қарабура мәдени орталығының» Құрмет грамотасымен, 2017 жылы — «Шора батыр» мәдени орталығы» Қоғамдық қорының «Барақ Бигелдіұлы» медалімен, 2017 жылы – «Бегім Ана» қоғамдық қорының «Есет батыр» медалімен, 2022 жылы — «Балалар жылы» аясындағы белсенділігім үшін Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталдым.
Отбасылымын, үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын.
№11 сайлау округі бойынша Сарысу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Дүзкенов Қалдыбек Кәрімжанұлының сайлауалды бағдарламасы
- Ауылдық округ аумағындағы жайылымдық және шабындық жерлерге өзен суларының келуіне және тиісті көлемде жайылуы мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік мекемелерге ықпал етуге;
- Тиімсіз пайдаланылып отырған және пайдаланылмай бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің мемлекетке қайтарылуына, ол жерлердің нәтижелі жұмыс істеуге ниетті тұлғаларға берілуіне ықпал етуге;
- Ауыз суды әрбір аулаға кіргізу және оның уақтылы, сапалы қызмет етілуіне ықпал етуге;
- Елді мекендерді газдандыру жұмыстарын қадағалау, тиісінше оның тұрақты және жеткілікті көлемде берілуіне ықпал етуге;
- Мекемелер мен ауыл тұрғындарының қысқы жылыту маусымын сапалы өткізу жөніндегі жұмыстарға ықпал етуге;
- Елді мекендерді көркейту, абаттандыру жұмыстарының сапасын арттыруға ықпал етуге;
- Елді мекен көшелеріндегі автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарының уақытылы жүргізілуіне, барлық елді мекендер мен көшелердің жарықтандырылуына ықпал етуге;
- Денсаулық сақтау ұйымдарын дамыту арқылы халықтың денсаулығын арттыру бағытындағы жұмыстарға ықпал етуге;
- Ауылдан шыққан даңқты тұлғаларды ұлықтап, ауыл орталығынан «Даңқ аллеясын» ашу, онда тұлғалар бюстін орналастыру, жасыл желекпен қамтылуына ықпал етуге;
- Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына көмектесуге, қоғамдық тәртіп сақталуы үшін құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті қоғамдастық және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып іс-қимыл көрсетуге атсалысуға;
- Әлеуметтік осал топтардың, көп балалы және жалғыз басты отбасылардың материалдық жағдайларын көтеру туралы қоғамдық бастамаларға мұрындық болуға жұмыс жасаймын.
«Басты ұстаным – Ел мүддесіне қызмет ету»
№ 6 САЙЛАУ ОКРУГІНЕН
САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ ТОҚБАНОВ САМАТ ҚУАНДЫҚҰЛЫНЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Тоқбанов Самат Қуандықұлы – 1991 жылдың 26 ақпанында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келді. 2009 жылы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясын бітірген. 2016 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология: қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2017 жылы аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің іс-жүргізушісі болып бастаған. 2017 жылдың 4 шілдесінде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологі, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болып жұмыс атқарды. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың шілде айына дейін уақыт аралығында мекеме директоры болып жұмыс атқарды. Самат Қуандықұлы «Жастар ресурстық орталығында» жұмыс атқарған уақыттарда жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастырып, 20-ға жуық жасқа уақытша жұмыс тауып берді. 25 жасқа қайтарымсыз грантқа қол жеткізуге көмектесіп, 1 жобаны сәтті қорғаған. 20-дан астам жалғызбасты аналарға еріктілерді ұйымдастырып қолдау көрсетті.
Самат Қуандықұлы, аудандық, облыстық бірнеше дүркін жыр-мүшәйраларының жеңімпазы. 2017 жылы «Құс қанатындағы арман» атты жыр-жинағының авторы. Оның әндері мен әндерге жазылған сөздерін эстрада жұлдыздары – Сәкен Майғазиев, Айдана Меденова, Тахмина Әшімбекова сынды әншілер орындап жүр. Бірнеше рет аудан әкімі, облыс әкімінің, мемлекет басшысының «Алғыс хатымен», «Нұр Отан» партиясының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Отбасылы, 4 баласы бар.
Құрметті жерлестер!
Бақ пен еңбек қатар шапқан сындарлы сәтте өзімнің жастар саясатында жинаған азды-көпті тәжірибелерімді Сіздермен бөлісіп, ел алдындағы мәселелерді тың идеялармен шешуге үлес қосқым келеді. «Жас келсе — іске» демекші, өзіме артылатын жүктің салмағын сезініп, сара жолда сынып қалмай сүбелі еңбек еткім келеді. Сайлаушылардың сенімін ақтап, депутат болсам әуелі мынадай жұмыстарға басымдық беретін боламын;
- Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға арналған бірқатар жобаларды ұсынамын. Атап айтсам, шығармашыл жастарға арналған «Жас толқын» атты жастар клубын құрып, жан-жақты қолдау көрсетуге атсалысамын;
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жастарға арналған түрлі тренажерліқ құрылғылар мен стрит-воркауттардың көптеп салынуына ықпал етемін. Жастарға арналған «Жастар сарайын» салуға күш-жігерімді жұмсаймын;
- Ауыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында аула клубтардың жұмыстарын жандандыруға ықпал етемін. Аула клубтарына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге расымен қолдау керек;
- Мемлекеттік бағдарламаларды аудан көлемінде кеңінен насихаттауға, сондай-ақ, іске асыруға үлес қосамын;
- Есімдері ұмытылып бара жатқан қоғам қайраткерлерін халық арасында әсіресе, жастар арасында кеңінен насихаттауға ықпал етемін.
Қадірменді сайлаушылар!
Сенім мен ыстық ықыластың арқасында алдағы сайлауда мен бағымды сынап көруге тырысамын. Өзіме артылған міндеттерді мүлтіксіз орындап, өзекті мәселелерді шешуді талқыланбайтын парызым деп білемін. Менің мақсатым – күрмеуі шешілмеген қиындықтарға қарамастан табандылықпен күресуде күш-жігерімді саламын. Сіздердің дұрыс таңдау жасайтындарыңызға сенім білдіремін және сенімдеріңізді ақтаймын. Сайлауда белсенділік танытып, маған дауыс беруге шақырамын.
Жаңа Қазақстанды бірге құрып, мықты мемлекеттің мызғымас тірегі болайық!