ТӘРБИЕ-ТАЛ БЕСІК
Абылай хан атындағы мектеп-лицейінде » Ер азамат атына лайық бол!» тақырыбында 8-11 сыныптар аралығында ұлдар жиналысы өткізіліп, алқа билер кеңес мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Жаңатас қаласының алқа билер кеңес мүшелері жасөспірімдерге өз ақыл кеңестерін, өсиеттерін айтып, отбасындағы ұл бала тәрбиесіндегі ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы, ер баланың дұрыс тағылым – тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі, отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі-өнеге көрсетуіне байланысты екендігі, қазақта ұл баланы олқы-солқы болып тәрбиеленуіне жол бермегендігі, ұл баланы әділдікке, қайсарлыққа, ұлттың намысын қорғайтын нағыз ер азамат болуларын айта келе, білімдерін шыңдауға шақырды.
Абылай хан атындағы мектеп-лицейі