СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ-ЖАТ ҚЫЛЫҚ

0

Жемқорлық-індет, жою-міндет. Теріс қылықтар жасап, атымызға кір келтірмейік, Өсіріп отырған ұл-қыздарымыз жемқорлықсыз адал қоғамда, бейбіт күнде өмір сүрсін. Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау – әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз.

Қазақстан-көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.Біздің бұл әрекетіміз мемлекетіміздің алға жылжуы мен дамуына үлкен үлес қосқанымыз болып табылады. Дегенмен, мемлекеттік қызметте болу өздеріңіз білесіздер үлкен жауапкершілік, қойылатын талап «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да, жаны да таза, сауатты және білікті болу.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бұл – әрбір қазақстандық азаматтың парызы, ескерту шараларының артықшылығы жоқ деп ойлаймын.

Д.Мұсаев, Сарысу аудандық жер кадастры  және тіркеу бөлімінің басшысы

парақорлыққа орын жоқ

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі-қоғамдағы сыбайлас жемқорлық.  Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.

Президентіміз Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», — деген болатын.

Сондықтан, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Е.Сұлтанбеков, Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы 

Әскери оқу орындарына үміткерлер іріктелуде

2023 жылы Қазақстан Республикасының министрлігінің әскери оқу орындарына ниет білдірген азаматтар мына оқу орындарына қабылданады:

Айта кететін жайт, оқу ақысыз, 100 пайыз мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.

  1. Құрлық әскерлері әскери институты;
  2. Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты;
  3. Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты;
  4. Кадет корпусы-Әскери колледж (кадет корпусына ҰБТ нәтижесі керек емес)

ҚР ҚМ 2023 жылы әскери оқу орындарына қабылдау жоспарына сәйкес Әуе қорғаныс күштері әскери институтына «Әскери медицина» мамандығы бойынша төмендегі біліктіліктер бойынша қабылдау қайта басталғанын хабарлаймын:

Әскери-дәрігер (жалпы практика);

Әскери-дәрігер (хирург);

Әскери-дәрігер (терапевт)

Әскери дәрігерлер біліктілігіне арналған бейіндік пән-химия және биология.

Жоғары әскери оқу орындарына және  Кадет  корпусына қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

  1. Бастапқы іріктеу кезеңі-Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландыру және ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу(өтініш (баянат) беру орны бойынша);
  2. І кезең-қабылдау жылының 20 – 30 шілдесін қоса алғандағы кезеңде Әскери оқу орындарына өткізілетін алдын ала кәсіби – психологиялық іріктеу;
  3. ІІ кезең-қабылдау жылының 20 – 30 шілдесін қоса алғандағы кезеңде дене дайындығын тексеру;
  4. ІІІ кезең — қабылдау жылының 1 – 10 тамызды қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін Әскери – дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;
  5. ІV кезең – қабылдау жылының 11-19 тамызын қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін түпкілікті кәсіби – психологиялық іріктеу;
  6. V кезең – қабылдау жылының 20-21 тамызын қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау. Қабылдаудың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

Құжаттар тізбесі:

  1. Өтініш (өтініште тегі, аты және әкесінің аты ( бар болған кезде), туған күні, айы және жылы, оқуға түсушінің тұрғылықты жерінің мекен-жайы, ата-анасының байланыс деректері көрсетіледі).
  2. Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі).
  3. Білімі туралы құжаттары (түпнұсқасы және көшірмесі).
  4. Мынадай пәндер бойынша кемінде 50 балл тестілеу нәтижелері бар Ұлттық бірыңғай тестілеу ( бұдан әрі – ҰБТ) немесе талапкерлерді кешенді тестілеу ( бұдан әрі –ТКТ) сертификаты (Кадет корпусына оқуға түстіндерді қоспағанда); мемлекеттік немесе орыс тілі бойынша пән (физика, дүниежүзілік тарих, химия, биология, шет тілі), оның ішінде бейіндік пән бойынша ( математика) кемінде 10 балл, ал қалған пәндер бойынша – кемінде 4 балл.

Ниет білдірген азаматтар Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне келіңіздер.

Байланыс тел. 6-36-04.

  Ю.Сериков, Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, подполковник            

Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

Бөлім атауы Қабылдау жүргізетін тұлғаның аты-жөні Қабылдау жүргізетін тұлғаның лауазымы Қабылданатын уақыты және күні Мекен-жайы Байланыс телефоны
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Азаматтық қорғау подполковнигі Танабаев Жақсылық Иманалыұлы Бөлім бастығы Жұмыс күндері

15:00-17:00

апта

сайын

Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Ш.Смаханұлы №10

6-13-43

Ескерту: Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Бөлім бастығының қабылдауына алдын ала жазылуды Сарысу ауданы ТЖБ аға инженері Нұрмаханұлы Жанболат жүргізеді.

Тел:6-13-43   Сенім телефоны: 8(7262) 99-90-53, 8(7262) 45-57-20.

Начальник отдела по чрезвычайным ситуациям Сарысуского района прием представителей физических и юридических лиц Расписание

Наименование отдела ФИО лица проводящего прием Должность лица проводящего прием дата и время приема адрес контактный телефон
отдела по чрезвычайным ситуациям Сарысуского района Танабаев Жаксылык Иманалыевич подполковник гражданской защиты Начальник отдела рабочие дни

15:00-17:00

еженедельно

Сарысуский район г.Жанатас, ул

Ш.Смаханұлы №10

6-13-43

Примечание: прием представителей физических и юридических лиц производится в соответствии с утвержденным графиком. Предварительную запись на прием начальника отдела проводит старший инженер ОЧС Сарысуского района Жанболат Нұрмаханұлы.

Тел: 6-13-43 телефон доверия: 8(7262) 99-90-53, 8(7262) 45-57-20.

Жаңа әліпбиге көшу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің жобалары мен пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі қаралды.

Білім беру мекемелерінде жетілдірілген әліпби белгілерін жазу және оқу бойынша сауалнама жүргізілді. Қоғамдық пікірді ескеру мақсатында ашық талқылаулар ұйымдастырылды. Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген.

Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон ( ˉ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған. Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.

А.Нысанбаева,»Тілдерді оқыту орталығы» Сарысу аудандық бөлімшесі

«Таблиғи жамағат» діни ұйымының қаупі

Прокуратура органдарының ұсынуымен 2013 жылдың 26 ақпанында Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен «Таблиғи жамағат» діни-миссионерлік ұйымының Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салынды.

Өкінішке орай, бүгінгі қазақ қоғамында діни сауаты жоқ, көзсіз көбелектей жастарымызды жетегіне ерткен жат ағымдар қарқынды белең алуда. Солардың бірі – Таблиғи жамағат. Оның негізін қалаушы – Үндістанның Кандахла ауылында дүниеге келген Мухаммед Илияс. Ол алғаш сауатын өз ауылында ашып, ұстазы Рашид Ахмад Канкухиден он жылдай дәріс алады. Содан соң Үндістандағы медреседе білімін жетілдіріп, «Мазахирул-улум» атты медреседе дәріс береді. Көп ұзамай ұстаздықты тастап, 1926 жылы «Таблиғи жамағаттың» негізін қалайды. Орталығы – Дели қаласы. Сонымен қатар, оның Пәкістанның Карачи, Лахор қалаларында да үлкен бөлімшелері бар. Тарихқа зер салып қарайтын болсақ, дәстүрлі Ислам шеңберінен шығып кетуші ағымдар да аз болмаған. Уақыттың өтуімен олардың кейбірі жойылып кеткенімен, кейбіреулерінің керағар ұстанымдары толығымен жойыла қойған жоқ еді. Бұл жайтты теріс пиғылды топтар өз мүддесіне жаратпай қоймады. Осы арқылы дәстүрлі Ислам дініне, сондай-ақ, қоғамның ұлттық ауызбіршілігіне кері әсерін тигізіп, халқымыздың салт-санасымен санаспай, қалың жұртшылық арасында бүлік туғызып жатқанына ел куә. Біршама уақыт Ислам дініне жеткілікті көңіл бөле алмаған болсақ та, қазіргі таңда қазақ қоғамы діни ұйымдардың оңды-солдысына баға бере алатындай жағдайға жетті.

«Таблиғи жамағат» деструктивті діни ұйымдардың қатарына жатады. Теологиялық жағынан аталған діни ұйым исламның сунниттік бағытын ұстанғанымен, бірқатар ғалым-сарапшылардың пікірінше, оның идеологиясы исламның бірқатар қағидаларына қайшы және радикалдық тұрғыдан жат діни ағымдардың қатарына жақын. Яғни бұл қозғалыстың идеясы балама ойлар мен пікірлерді жоққа шығарады. Шындығында, исламның Ханафи бағытына мұндай біржақтылық тән емес.

Ислам дінін зиянды әсерлерден тазалау деген желеуді алға тарта отырып, бұл қозғалыс өзге діндер ғана емес, исламның басқа тармақтарына қарсы шығу арқылы, дінішілік әрі дінаралық қақтығыстардың туындауына себепкер болмақ.

«Таблиғи жамағат» өз мүшелерін Аллаға бойсұнуға, құлшылықтарды ретімен орындауға, діндестерге құрмет көрсетіп, ислам құндылықтарын насихаттауға үндейді. Сөйтсе де, таблиғшылар өз ілімінде ислам дінін ұстанушылардың басқалардан артықшылығы туралы ойларды кеңінен насихаттайды. Мұндай идеялардың бұқаралық деңгейде қоғамдық санаға енгізілуі, өз кезегінде, оның мүшелерінің басқа дін өкілдеріне қатынастағы төзімсіздігінің туындауына алып барады. Ең бастысы – зайырлы заңдар мен қағидаларды және қоғамның тарихи-мәдени дәстүрлерін орындаудан алыстатады. Осы ретте айтар болсақ, соңғы 20-30 жыл ішінде таблиғшылардың өзге дін өкілдерін қабылдамауға бейімділігі заманауи әлемдегі діни радикализмнің, экстремизм мен терроризмнің қозғаушы күшіне айналып отыр.

Таблиғшылар атауы – араб тіліндегі «әт-Таблиғ» сөзінен шығып – жеткізу мағынасын береді. Ал Ислам дінінің сенімі бойынша пайғамбарларға тиесілі 5 сипат бар.

Олар:

  1. Әс-Сидқ (шыншыл, турашыл);
  2. Әл-Әмәнә; 3. Әл-Исмәт (күнәсіз);
  3. Әл-Фәтәна (зерек, алғыр);
  4. Таблиғ (жеткізу). Міне, осы бес сипаттың бірі «әт-Таблиғ».

Қазіргі таблиғшылардың пайымдауынша, өз атауларын пайғамбарға тиесілі болған осы сипатқа сүйенеді. Сондай-ақ, олардың түсінігінше бұл сөзді «дінді жеткізу», «тарату» мағынасында қабылдап, оның негізін дәстүрлі Исламдағы «дін уағыз-насихат» негіздерінен тысқары қалады. Өйткені, ғұламаларымыздың Исламдағы дін уағыз-насихат негіздері мен жүйесін Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың «Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері аясында қарастыратыны сөзсіз.

Ал, таблиғи жамағат өкілдері арасында ішінара кең тараған терминдерге тоқтала кетсек, олар: дағуат, таблиғ, ілім алу, фазаилул амал, машура, гаш, баян, әмірсап. Олар сонымен қатар, дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елдімекендерді аралап, уағыз айтумен айналысады. Таблиғи жамағатының негізгі 4 айлық сапарлары – Үндістан, Индонезия және Пәкістан елдеріне бағытталған.

«Таблиғи жамағат» қозғалысы Қазақстанда қызмет атқарған уақытында ешқашан ресми тіркеулерден өтпей, іс жүзінде белсенді түрде бейресми қызмет атқарып келді. 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң күшіне енгеннен бастап, олардың іс-әрекеттері заңға қайшы болып табылады. Елімізде әр жылы ондаған таблиғшылар әкімшілік жазаға тартылып келеді. Сонымен, «Таблиғи  жамағаттың» қоғамға қауіп төндіретіні күдіксіз. Бұл қозғалыстың діни ұстанымы қоғамның діни-рухани бөлінуіне себепкер болып, оның мүшелері мен ізбасарларының конституциялық құқықтар мен міндеттерді ескермеуі «Таблиғи жамағаттың» деструктивті сипатқа ие екендігін көрсетеді.

Сондықтан Қазақстанда «Таблиғи жамағат» ұйымының қызметіне тыйым салынуы — мемлекет тарапынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шара.

Б.Бекмолдаев, Жамбыл облысы әкімдігі

«Дін проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушысы

2023 жылдың 23 ақпаны күні сағат 15:00 – де аудандық жұмыспен қамту орталығының ғимаратында «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтетінін хабарлаймыз!

 «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

Leave A Reply

Your email address will not be published.